Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері



бет1/3
Дата20.03.2024
өлшемі18.68 Kb.
#496157
  1   2   3
ЛК 1


Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.


ҚР Конституциясында 30.08.1995 жылы референдумда қабылданған жерге негізгі мемлекеттік құқығы мен қатар жеке меншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.
Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сонда-ақ бар заңнамалар негізінде жер қатынастарын жетілдіру және реттеу қажеттігі туындайды.
Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік және жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге орналастыру қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.
Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.
Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.
ҚР-ның жерге орналастыру жүйесі жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыруды төменгі схемаларды, бағдарламаларды және жобаларды орындау арқылы қамтамасыз етеді:

  • ғылыми негізделген болжамдар түріндегі бас республикалық схема;

  • облыстық және әкімшілік аудандардың жерге орналастыру схемасы;

  • шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;

  • ішкі шаруашылық және учаскелік жерге орналастыру жобалары;

  • жеке учаскелерді құру, жақсарту, мелиорация, рекультивация жөніндегі жұмыс жобалар.

Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлік ретінде жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға, жер қатынастарын реттеуге, жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Оның мазмұны қоғамдық өндіріс, бәрінен бұрын экономиканың аграрлық сектор талаптары мен анықталады. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызды қызметіне жатады:
- ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жаңа құнарлы жерлерді анықтау;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, бірлестіктер, шаруа қожалықтары және басқа шаруашылық құрылымдарда бар жер пайдаланушылар мен жер иеленушіліктерін жетілдіру және жаңадан құру;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері аумағында ішкі шаруашылық ұйымдастыру
- мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру;
- қалалардың, поселкелер мен ауыл елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.
Жерге орналастыру қызметіне: топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т.б. іздестірулер мен зерттеулер жатады, қолданылатын материалдар тек қана жерге орналастыру жобаларын негіздеу және құру үшін пайдаланып қоймай, сонымен бірге мелиорация, жол құрылыстарында және т.б. қолданылады.
Жерге орналастыру мазмұнының күрделігіне қарай түрлерге және түр тармақтарына бөлінеді. Оның өзіндік әртүрлі формалары объектінің аймақтық табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылықтың әлеуметтік және өндірістік типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп түрлі формаларының әрекет етуіне байланысты. Ал жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:

  • дайындық жұмыстары;

  • жобаны құру;

  • жобаны қарау және бекіту;

  • жобаны натураға шығару;

  • жеке меншікке, жер пайдаланушыларға, арендаторларға құжаттарды рәсімдеу және беру;

  • жобаның жүзеге асуына авторлық бақылау.

Аталған кезеңдер көлемі және мазмұнымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі әдістер және тәсілдермен жүргізіледі.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет