«мектептегі информатика сабағЫ: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бағдарламаның мақсаты



бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі43.24 Kb.
#464543
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
Курс бағдарламасы (оқу жоспары)



«МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ»ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Бағдарламаның мақсаты:информатика мұғалімдерінің пәндік білім саласында, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) Тыңдаушылардың пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес іске асырудағы білік-дағдыларын дамыта отырып тереңдету;
2)оқушыларға қиын тақырыптарды оқыту бойынша тиімді әдіс-тәсілдер туралы түсінігін кеңейту;
3) пәнді оқытуда пайдаланатын қосымша әдебиеттер мен әдістемелік ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және тапсырмалар әзірлеу дағдысын дамыту;
4)оқушылардыңкреативті ойлау жәнефункционалдық сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмалар әзірлеу саласындағы білік-дағдыларын дамыту;
5) информатика сабағында инклюзивті оқу ортасын құру бойынша білік-дағдыларын қалыптастыру.


Оқу нәтижесі.
Тыңдаушылар:
1)жалпы білім беретін мектептердегі информатикабөлімдері бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді;
2)информатика пәнінің бөлімдері бойынша күрделілігі әртүрлі тақырыптарды сыныпта тиімдіоқыту дағдыларын жетілдіреді;
3) сыныптағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу қиындықтарын ескере отырып оқу тапсырмаларын әзірлейді;
4)оқу мақсаттарына сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқу жетістіктерін бағалау бойынша тапсырмалар әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді;
5)оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеру арқылы барлығын оқу процесіне тартуды жоспарлау мен іске асыру жолдарын үйренеді.

Оқу жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет