Дәріс №1 Жүзудің даму тарихы



бет1/3
Дата10.07.2023
өлшемі17.21 Kb.
#475621
  1   2   3
1.Жүзудің даму тарихы


Дәріс №1 Жүзудің даму тарихы
Жоспары:

  1. Жүзу – өмірге қажетті дағды.

  2. Жүзудің көне тарихы: Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде.

  3. Орта ғасырдағы жүзудің тарихы.

  4. XVI-XIX ғасырлардағы жүзудің тарихы.

  5. Жүзудің Қазақстандағы тарихы.

  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі.



Жүзу өмірге қажетті дағды.
Жүзу адамға ерте заманнан бері танымал. Адам өмірде пайда болғаннан бастап, әрқашан сумен байланысты болды. Адамдар сарқырамалардың маңайына тұрақталды. Оларға су тек өмір сүру үшін ғана емес, тамақ тауып жеу үшін де және сыртқы қауіпті жағдайлардан қорғана білу үшін де, хабар беру мен сауда-саттық үшін де өте қажет болды.


Жүзудің көне тарихы: Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде.
Гректің қоғам қайраткері Солон «Жастарға тәрбие беру үрдісінде оқу мен жазуда ерекше назарды жүзуге аудару керек», - деп жазды. Оның ойынша, «не жүзе, не оқи алмайтын адамды» надан адам, әрі оны азамат деп санауға болмайды деп мінездеме берді.
Көне ассирліктердің тасқа салынған суреттерінен өзенде жүзіп бара жатқан адамдардың бейнелерін көруге болады. Солардың бірінде бір жағына қарай, аяғын серпу арқылы жүзіп бара жатқан адам адамдары бар қайықты тасымалдау үстінде болса, ал басқалары осылардың соңынан еріп бара жатқандығы бейнеленген. Сондай-ақ, ассирліктердің көптеген көріністерінен жүзуді жеңілдетудің құралы ретінде ішінде ауа үрленген тері қаптарды пайдаланғандығын көруге болады.
Әсіресе ерекше назарда жүзуді үйрену соғыспен тығыз байланысты болды. Ежелгі Греция мен Рим әскерлері өз атақтарын шығару үшін жүзу арқылы және теңіз шайқастарын жүргізу арқылы өз өнерлерін көрсетті. 10 мың елді-мекеннен келгендердің айтуынша, бұл әскерлер өзеннің бергі бетінен арғы бетіне дейін жылдам аралықта өтіп, керемет өнер көрсеткен. Римдік императорлық әскерлер қатысатын ерекше теңіз жарыстарын, соның ішінде жүзе білуді, суда шайқаса білуді, кемелерге шабуыл жасауды т.б. көрсететін жарыс түрлерін ұйымдастырды.
Көптеген халықтар ерте заманнан-ақ суға жуынуды гигиеналық және денені шынықтыру мақсатында қолданды. Ертедегі үнді ақылгөйлері суда жуыну арқылы адамға берілетін он пайданы ашып көрсетті. Олар:

  1. Ақыл-ойдың түсініктілігі;

  2. Жаңалық;

  3. Сергектік;

  4. Денсаулық;

  5. Күш-жігер;

  6. Әдемілік;

  7. Жастық;

  8. Тазалық;

  9. Терінің жағымды түсі;

10) Шымырлық.
Әсіресе дене мәдениеті Ежелгі Элладада жоғары жетістіктерге жетті. «Гигиена» сөзі грек тілінен алынған. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде тазалық құдайы Гиганың мәдениеті болды. Рим жазушылары Плинийдің айтуынша: «Римдіктер алты жүз жылдың шамасында суда жүзу мен суға түсудің арқасында дәрігердің қарауынсыз-ақ өмір сүрген». Медицина ғылымының негізін салушы грек дәрігері Гипократ су арқылы емдеуді табиғи терапиялық әдістерін ұсынған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет