Дәріс 1 кіріспе. Жеке даму биологиясының ҚЫСҚаша тарихы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет11/18
Дата29.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#493360
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Дәріс жеке даму биологиясы 2023

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Асцидия жұмыртқасының бөлшектенуі
2. Ланцетник жұмыртқасының бөлшектенуі
3. Минога жұмыртқасының бөлшектенуі
4. Шеміршекті балықтар жұмыртқасының бөлшектенуі
5. Сүйекті балықтар жұмыртқасының бөлшектенуі
6. Қосмекенділер жұмыртқасының бөлшектенуі
7. Бауырмен жорғалаушылардың жұмыртқасының бөлшектенуі
8. Құстар жұмыртқасының бөлшектенуі
9. Сүтқоректілер жұмыртқасының бөлшектенуі
10. Жинақталу процесінің мəні
11. Бір жұмыртқалы егіздердің пайда болуы

Дәріс 8. Гаструляция. Мезодерма құрылуы.

Көп клеткалы бластуланың бөлшектену жəне қалыптасу процесі біткен соң цитотипикалық даму кезеңі аяқталып, дамудың органотипикалық кезеңі басталады. Ұрықта клетканың митозды бөлінуімен қатар қарқынды морфогенетикалық қозғалыс басталады, оған жеке клеткалардың орын ауыстыруы, оның ішінде клеткалық пластардың орналасуы, клетка формаларының өзгерістерінің өзара қамтамасыз етілуі, жүздеген жəне мыңдаған клетканың көшірілуі мен орнығуы жүреді. Гаструляция барысында бұл клеткалар жаңа көршілерін тауып, олармен өзара қарым-қатынаста болады да, алғашқы ұрық жапырақшаларының (сыртқысыэктодерма, ішкісі-энтодерма) құрылуына əкеледі. Барлық Metazoa-да гаструляция процесі барысында (кейде одан кейін) екі қабатты губка мен ішекқуыстылардан басқаларында, үшінші, ортаңғы ұрық жапырақшасы - мезодерма бөліне бастайды, ол пайда болған экто- жəне эндодерма аралығында орналасады, сондықтан екіншілік деп аталады. Біртекті ұрықтан əртекті ұрық жапырақшаларына дифференциалдану процесін гаструляция, ал көп қабатты ұрықты - гаструла деп атайды. Бластуланың мүше түзуші бөліктері гаструляция барысында орнын ауыстырады жəне қайта құрылады, ол дамудың келесі кезеңіне мүше түзуші бөлік компоненттерінің учаскелерінің индукциялық əрекеттесу нəтижесінде органның негізгі бастамаларының қалыптасуына мүмкіндік береді. Клеткалық материалдың барлық алуантүрлілігінің морфогенетикалық қозғалуы гаструляцияның негізі болып табылатын эмболия жəне эпиболия процестеріне əкеледі.


Эмболия қозғалыстың: инволюция, инвагинация, конвергенция, дивергенция, деляминация, бластопордың қысқаруы мен созылуы түрлерін қамтиды. Барлық клетканың материалдарының ұрық ішінде қозғалысы бластопордан жəне одан төмен эмболия жолымен қамтамасыз етіледі. Инволюция процесінде бластопор ернінің шетіне орналасқан клеткалар бластопор ерні арқылы ұрық ішіне енеді, бұрылады жəне басқа деңгейде қозғалады. Конвергенция - клетканың бластопор ерніне қарай жылжуы. Инвагинация - бластодерма учаскесінің түріліп, осы учаске клеткалармен қоршалған жаңа қуыстың пайда болуы. Полиинвагинация - бластодерманың əртүрлі нүктелеріне көптеген клетканың түсуі. Деляминация – клеткалық массаның қатпарлар немесе жеке қабаттарға жіктелуі. Дивергенция – клеткалардың жан-жаққа таралуы. Экстензия (созылу) – бұл болашақ нейтральды эктодерма мен эпидермистің, хорда материалы мен мезодерманың бластоцельде батырылуынан кейін ұзаруы. Экстензия үлкен автономдылыққа ие жəне ұрық формасының қалыптасуында үлкен рөл атқаратын хордалылар гаструляциясындағы маңызды компонент болып табылады. Эпиболия-клеткалық материалдың беткейлік қозғалысының болашақ ұрықтың алдыңғы- артқы осінде жəне оның 2 жағында орналасуы. Бластула түрінің алғашқы типіне тəуелділігіне қандай морфогенетикалық қозғалыс басым екендігіне байланысты екі қабатты ұрықтың түзілуінде (гаструляция) бірнеше негізгі əдістерін ажыратады. Инвагинация – салыстырмалы түрде қарапайым тəсіл, бластоцельдегі ұрық ішіне бластула (бластодерма) қабырғаларының бір бөліктерінің дүмпуі, ол 2 қабатты қабырғамен шектелген (біріншілік ішкі эндодерма жəне біріншілік сыртқы эктодерма) - гастроцель қуысы бар гаструла түзілуіне əкеледі. Гастроцельді кейде архентерон (алғашқы ішек), ал ол сыртқы ортамен байланысатын тесікті – бластопор немесе алғашқы ауыз деп атайды (41-сурет), ол орналасуына байланысты дорсальды, вентральды жəне латеральды еріндерге ажыратылады. Кейбір жануарларда бластопор қайта құрылудан жəне күрделенуден кейін дефинитивті ауыз тесігіне айналады, ондайлар алғашқы ауыздылар (Protostomia) тобын түзейді, ал кейбір бластопоры даму кезінде аналь тесігіне (хордалыларда) немесе нерв - ішек каналына айналатындарды екінші ауыздылар (Deuterostoma) тобына жатқызады. Соңғыларында ауыз тесігі құрсақ қабырғасындағы дененің алдыңғы ұшында эктодерманың дүмпуі жолымен ортаңғы ішекті теседі жəне басқа да формалар түзілу процестерін қалыптастырады. Гаструляцияның инвагинациялық түрі сарыуызы аз жануарлар (жоғарғы сатыдағы ішек қуыстылар, тікентерілілер, ланцетник т.б.) арасында кең тараған. Инвагинация кезеңінде бластулалар түбінің айналу процесі бүйір қабырғаларындағы клеткалардың вегетативті бағытта (вегетопетальды) беткейлік орналасуы жəне көбеюдің күшеюімен жүзеге асады. Жоғарыда айтылғандай клеткалардың үстіңгі беттік вегетативті қозғалысын эпиболия деп атайды. Инвагинация жолымен гаструляцияның жүруі жақсы байқалатын бластоцельдің болуына байланысты. Егер бластоцель мөлшері кіші, ал вегетативті макромерлер сарыуызға батуына байланысты митоздық бөлінуде жəне қозғалыста инертті болса, онда гаструляция эпиболия жолымен өтуі мүмкін, мысалы, кейбір аз қылтанды құрттарда микромерлер қарқынды көбейіп, сары уызға бай вегетативті макромерлерді қоршап алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет