Дәріс 1 кіріспе. Жеке даму биологиясының ҚЫСҚаша тарихы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет4/18
Дата29.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#493360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дәріс жеке даму биологиясы 2023

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Эмбрионның дамуын, бұл процестің əртүрлі сатыларындағы анатомиялық сипаттаудан
басқа, түсіну үшін нені білу керек?
2. Эмбриондардың дамуын зерттеудің қандай əдісі Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің
пайда болуымен байланысты дамыды?
3. Эмбрионның дамуын зерттеуде экспериментті, ең алдымен микрохирургиялық, органдар
бастамаларын орналастыру əдісі қандай мақсатпен қолданылды?
4. Эмбрион дамуы туралы ілім үшін «механикалық даму» деп аталатын зерттеу бағыты не
берді? «Себепті өзара байланыстар» ұғымы ұрық дамуында нені білдіреді?
5. Экспериментті химерлер дегеніміз не жəне олар қандай мəселелерді шешуде қолданады?
6. Даму генетикасы дегеніміз не жəне ол молекулярлы генетика пайда болғанға дейін
қандай сұрақтарға жауап берді?
7. «Нокаут» əдісі деген не жəне ол экспериментті эмбриологияда қандай мəселелерді
шешуде қолданылады?
8. Геннің эктопиялық экспрессиясы деген не, ол эмбриональды дамудың қандай
мəселелерін шешуге қолданылады жəне оған қалай қол жеткізеді?
9. Эмбриогенездік зерттеулерде in situ немесе ДНҚ-ң радиоактивті зондысы бөлген фореграммада белгілі бір геннің транскрипциясында гибридизация не үшін қолданылады?
10. Омыртқалы жануарлардың онтогенезінің негізгі сатылары
11. Омыртқалылар онтогенезінің кезеңдері
12. Эмбриональдық кезеңнің жалпы сипаттамасы
13. Факультативтік жəне облигаттық диапаузалар, олардың себептері
14. Əртүрлі таксон өкілдерінің жұмыртқадан шығу жəне тірі туу ерекшеліктері
15. Дернəсілдік кезеңге тəн белгілер
16. Толық жəне жартылай неотения. Педогенез
17. Метаморфоз, оның типтері
18. Амфибиялар метаморфозының ерекшеліктері жəне оның гормональды бақылануы
19. Ювенильді кезеңнің негізгі белгілері. Жыныстық жетілуге байланысты өзгерістер
20. Көбею (кəмелеттік жасқа толу) кезеңінің ерекшеліктері мен ұзақтығы


ДӘРІС 3
ҰРЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ДАМУ ГАМЕТОГЕНЕЗ. СПЕРМАТОГЕНЕЗ. ООГЕНЕЗ

Көп клеткалы организмнің барлық клеткалары былайша айтқанда клон болып табылады, олар фенотиптік айырмашылықтарына қарамастан генетикалық деңгейде біртектес жəне бір клеткадан-зиготадан пайда болады. Жоғары сатыдағы Mеtazoa-ларда 100-ден 250-ге дейін дифференцияланған клеткалар түрлері əртүрлі ұлпалық жүйелерге (жүйке, бұлшықет, эпителиальды жəне т.б) топталған жəне олардың қосылыстары дененің соматикалық бөлімі–соманықұрайды. Осы топқа дененің герменативтік бөлімін–германы құрайтын жыныс клеткаларынан (жетілген жəне жіктелуші) басқа, жыныс мүшелерінің клеткалары мен ұлпалары жатады. Атап айтқанда, жыныс клеткалары болашақ ұрпақтардың генерацияларының онтогенезін қамтамасыз етеді жəне партеногенез құбылысы көрсеткендей жалғыз жыныс клеткасынан (жұмыртқадан) бүтін организм дамуы мүмкін (гаметалар тотипотенттілігі). Жетілген жəне жіктелуші гаметалар дербес организмнің ұрық плазмасын, ал барлық қалған клеткалар жəне клеткасыз заттар – соматоплазманы құрайды. Ұрық плазмасының пайда болуы жəне оның соматоплазмамен байланысы туралы мəселе көптен бері қойылып келеді жəне оны шешудің түрлі жолдары қарастырылды. Ч.Дарвин өзінің атақты пангенезис гипотезасында (1869) жыныстық клеткалардың бүтін организмінің жетілуіне керек барлық факторларға ие болу қасиеті, сол жыныстық клеткаларға ересек организмнің барлық бөліктерінен болашақ белгілерді айқындайтын факторлар («геммулалар») құйылады деп болжаған. 1884-жылы ботаник К.Негели «идиоплазма» көзқарасын ұсынған, яғни «идиоплазма», ол–тұқым қуалаушы потенцияны айқындайтын гипотетикалық субстанция. Көп ұзамай клетканы зерттеудің өрлеуі арқасында, идиоплазманың материал ретінде тасымалдаушысы - ядроның хроматині деп қарастырыла басталды. Осы көзқарастар толық түрінде О.Гертвиг, Э.Старсбургер, Г.де Фриз бен А.Вейсман еңбектерінде тұжырымдалды. Балықтар мен амфибиялардың жыныстық клеткаларының экстрагонадалық (гонададан тыс) құрылуын 1880- жылы М. Нюссбаум тапты. Осы бақылау оны ұрпақтар қатарындағы жыныстық клеткалар арасында үздіксіз мирасқорлық бар деген ойға келтірді. Осы идеяның кемелденгені Август Вейсманның (1834-1914) «ұрық плазмасы» теориясында орын алды, оның негізгі ережелерін мына түрде келтіруге болады:


1) болашақ организмнің барлық белгілерін айқындаушы – ұрық плазмасы жыныс клеткаларының ядро материалында шоғырланған;
2) ұрық плазмасы микроскопта көрінетін құрылымдар – иданттарды құрайтын идалардан тұрады. А.Вейсманның пікірінше, иданттар хромосомаларға сəйкес келеді. Идалар дискретті, олар кіші бөлшектер–детерминанттардан құралады. Соңғылары тұқым қуалаушы белгілердің саны мен сипатын айқындайды (детерминацияландырады). Детерминанттар өз кезегінде органикалық молекулалар топтарынан – түрлі детерминанттарда түрлі химиялық құрамы болатын биофоралардан түзіледі;
3) даму процесінде туынды (еншілес) клеткаларға барлық детерминанттар жиынтығының толық немесе жартылай берілу негізіне қарай, ұрық клеткаларының тең тұқымқуалаушылық жəне тең емес тұқымқуалаушылық деп аталатын түрлерін ажыратады. Дамып келе жатқан ұрықта тең жəне тең емес тұқымқуалаушылық бөлінулер қайта-қайта ауысып тұрады. Бөлшектенудің бірінші бөлінулерінде əдетте тең тұқымқуалаушылық болады (Г.Дриш эксперименттеріндегі бөлшектелінген бластомерлердің толық бағалы организмге жетілуі осыдан түсінікті);
4) «тең емес тұқымқуалаушылық» бөлінулердің нəтижесінде алғашқы тұқымқуалаушы фактор–детерминанттар жиынтығы біртіндеп саны үнемі өсіп келе жатқан ұрық клеткалары арасына таралады да, ең соңында ересек организмнің əрбір соматикалық клеткасы оның ерекшелігін айқындайтын бір ғана детерминантты алып жүреді;
5) тірі организмдердің онтогенезінде бір-бірімен байланыспайтын екі бағыт бар: «өшпес ұрықтық плазма», оның клеткалары бүкіл өмір бойы өзгермеген қалпында қалады да ұрпақтан-ұрпаққа таралады жəне «денелікплазма», оның бір жақты маманданған клеткалары қартаяды жəне өледі;
6) Организмдердің көпклеткалылығы клеткалар арасында қызметтерінің бөлінуіне байланысты, ал олардың дифференциясы цитоплазмаға белгілі биофоралардың шығуы нəтижесінде жүреді;
7) Protozoa жəне Metazoa-ның жыныс клеткалары бөлінгенде барлық ұрықтық плазманы өзіне алады, сондықтан да олар мəңгі өлмейді.
Қазіргі уақытқа дейін А.Вейсманның ғылыми мұрасына əртүрлі көзқарастар айтылады, бірақ үздіксіз ұрықтық плазма теориясының кейбір ережелерін, ойша__ қорыту болғанымен, осы күнгі генетиканың көптеген түсініктеріне үстемділік көрсететінін ешкім де жоққа шығара алмайды. Соның ішінде, тұқымқуалаушылық субстанцияның дискретті түрі туралы ойды, соматикалық клеткаларда пайда болатын өзгерістердің тұқымқуалаушылық емес түрі, ұрық плазманың өзгерістері ғана тұқымқуалайтын мұрагерлік көзқарасты, редукциялық бөлінуде хромосомалық материалдардың рекомбинациясы туралы идеяны жəне т.б. еске алуға болады.
А. Вейсман теориясының негізгі қателігі ұрық плазмасының құбылысын, оның ерекше шығу тегін, тұқым қуалаушылық информация көлемін жəне т.б. таңғаларлық қасиеттерін асыра бағалауы болды. Эмбриогенез процесіндегі сома клеткалары арасындағы детерминанттардың тең емес тұқым қуалаушылықпен таралуы туралы көзқарасы тіпті теріс болып шықты. К.Негелидің «идиоплазма» жəне А.Вейсманның «ұрық плазмасы» гипотезалары жыныстық клеткалардың онтогенезінде өзінше, жекеленген даму жолын, олардың болашақ соматикалық клеткалардың ерте бөлінуін болжайды. Шынында, қазіргі Metazoa қатарында жыныстық жəне соматикалық клеткалардың жекеленуінің əртүрлі нұсқасын көруге болады:
1. а) насекомдардың кейбір түрлерінде (Miastor americana), жұмыр құрттарда (жылқы аскаридасы), қылтанжақтыларда, құйрықсыз амфибияларда жыныстық плазма материалы «эктосом» деп аталатын жинақтарымен қоса жұмыртқада теңестіріледі. Алғашқы жыныс клеткалары-гоноциттер бөлінудің ерте сатыларында-ақ соматикалық клеткалардан оқшауланады.
ə) омыртқалылардың көбісінде гоноциттер кешірек, əдетте гаструла немесе нейрула сатысында оқшауланады.
2. Алғашқы жыныс клеткаларының біршама кештеу жекеленуі аннелидаларда, моллюскаларда, тікентерілілерде, ішектыныстыларда, қабықтылар мен бассүйексіздердің көбісінде орын алады.
3. Кейбір полихеталар мен олигохетрада жыныс клеткаларының біршама ерте жекеленуі олардың денелілік, соматикалық клеткалардан пайда болу мүмкіндігін жоймайды.
4. Губкалардың, ішекқуыстылардың, турбелляриялардың онтогенезінде гоноциттердің жекеленуі болмайды, олар əрдайым əртүрлі соматикалық клеткалардан (губкаларда–амебоциттер мен хоаноциттерден; ішекқуыстылар мен турбеллярияларда аз жіктелген необластар мен интерстициальдық клеткалардан – «і-клеткалардан») пайда болады. Осы жануарлар тобының өкілдерінде гонадаларының алынып тасталуы оларды ұрпақсыздыққа əкелмейді. Бұл жағдайда ұрық плазмасының үздіксіздігі туралы айтудың өзі əрине артық. Жоғарыда келтірілген нұсқалардың ортақ жері алғашқы жыныс клеткалардың тотипотенттілігіне ие болуы. Сонымен қатар, көптеген жағдайда гоноциттер ертерек жəне бір-ақ рет жекеленеді.
Сперматогенез деп аз дифференцияланған диплоидты жыныс клеткалардан –сперматогониялардан жоғары дифференцияланған, гаплоидты толық жетілген – сперматозоидтардың дамуын айтамыз. Сперматозоидтар аналық клеткалардан өте кішкентай мөлшерлерімен, санының көптігімен жəне қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Сперматогенез шығу тегі соматикалық текті көмекші клетка- ларымен жəне фоликулярлы эпителий клеткаларымен тығыз байланыса отырып, морфологиялық жағынан əртүрлілігі болатын жыныс органдары – аталық тұқым бездерінде өтеді. Омыртқалыларда тұқым безінің төрт типін ажыратады, ал амниоталардың тұқым безін өзекшелі типке жатқызады (8-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет