Биология сабағы 6 сынып
Бидайық орта мектебі Шахметова Алия Болатовна
Сабақтын тақырыбы: Гүлшоғырлар. Олардың маңызы.
Сабақтын мақсаттары:
Білімділік: Гүл өсімдіктердің басты генеративті мүшесі болатын ойды ары қарай қалыптастыру; Гүлшоғыр туралы ойды қалыптастыру; Оқушыларды гүлшоғырлардың негізгі түрлерімен, биологиялық маңызымен таныстыру.
Дамытушылық: ЭО жұмысты ары қарай жетілдіру, шығармашылық қабылеттерін, өз бетімен жұмыс істеуін дамыту.
Тірбиелік: Пінге қызығушылығын, өз еңбектін нәтижесі үшін жауапкершілік сезімін, коммуникативті қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтын көрнекілері: ЭО , интерактивті тақта, бөлме гүлдері.
Кілтті сөздер, ұғымдар: жеке гүл, гүлшоғыр, дара және күрделі гүлшоғырлар, негізгі сабақ( белағаш), жанама бұтақтар, отырған гүлдер, сағақты гүлдер.
Оқығанның оқушы ұшін маңызы: Раушангүл- бұл бір гүл ( жеке гүл), ал қызғалдақ - бұл гүлшоғыр, онда гүлдердің көпшілігі жиналған.
Сабақтын түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: Интерактивті тақтамен, ЭО жұмыс , бір- бірін тексеру, өзара бағалау, биологиялық диктант.
Сабақтын барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, жоқ оқушыны анықтау, сабақтын мақсатын айқындау.
2 Білімді көкейкестеу ( үй жұмысын тексеру):
А ) ЭО –ғы 20-ші тапсырманы орындау( оқушылар бірінен соң бірі шығып торкөзге гүлдің бөлігін жазады)
Б)ойын « Биологиялық конструктор» Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар жинақтарды жасап келу керек еді. Оқушыларға жай және күрделі гүлсеріктерді жасау тапсырмасы беріледі. Содан кейін, оқушылар аналық, аталық гүлдерді жинайды. Мұғалім сыныпты аралап жқмыс сапасын қарайды. Жылдам, дұрыс жасаған оқушыларды атап өтеді.
В) Биологиялық диктант
Интерактивті тақтада биологиялық терминдердің анықтамалары берілген. Оқушылар тек ғана бұл анықтамалардың терминдерін жазады. Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерімен ауысып , тақтада берілген дұрыс жауаптарға қарап көршінің жұмысын тексереді, бағалайды.
-
Гүлдің ең ашық көрнекі алуан түсті бөлігі
-
Күлтежапырақшамен тостағанжапырақшалардың жиынтығы
-
Гүлдің аналық мүшесі
-
Тозан пісіп жетілетін аналық бөлігі
-
Тозанды ұстауға бейімделген аналықтын бөлігі
-
Аталық аналық гүлдер әр түрлі дараларда орналасқан
-
Аналық аузын жоғары қарай шығаратын бөлік
-
Егер гүлде күлте де тостағанжапырақшалары да орналасса,сонда бұл гүлсерікті .......... деп атайды.
-
Күлтежапырақшаларды қоршайтын жасыл жапырақтар
-
Аналықтын ең негізгі бөлігі
(Жауаптар: 1 күлтежапырақша; 2 гүлсерік; 3 аналық; 4 тозанқап; 5 аналық аузы; 6 екі үйлі; 7 аналық мойны; 8 қос гүлсерік; 9 тостағанжапырақшалар; 10 жатыр)
3 Бағалау:
4 Жаңа тақырыпты түсіндіру :
А) Мұғалім: Сабақ басында мен сендерді бүгінгі тақырыпқа қойылған мақсаттарымен таныстырдым. Кім еске түсіреді?
Оқушылар жауап береді.
Б) Мұғалім тақырыпты әңгімемен , сұрақ- жауаппен жүргізеді; гүлшоғыр
не екенін түсіндіреді; дәптерге жазғызады; гүлшоғырдың биологиялық маңызын анықтайды; ЭО модульге назар аударады; гүлшоғырлар негізгі сабағынын бұтақтануына қарай жай және күрделі болып , екі топқа бөлінетіні анықтайды;
ЭО берілген ақпаратпен таныстырады.
В) Өзіндік жұмыс: Интерактивті тақтада флипчарт ашылады . Онда ЭО–тан алынған гипертекст және кесте орналасқан . Сол ақпаратқа қарап оқушалар дәптерлеріне кестені көшіріп толтырады. Ол үшін гипертекстты талдап гүлшоғырдың құрылыс ерекшеліктерін кестеге еңгізу.
Гүлшоғырдың түрі
|
сипаттамасы
|
Сызбасы(суреті)
|
Өсімдіктің мысалдары
|
|
|
|
|
(Төртінші бағана үйде толтырылады)
Кестені толтырып болған соң жұмыстын сапалығы тексеріледі: 3-4 оқушының
дәптерлері тексеріледі, 4-5 орнынан жауап береді.
5. Білімді бекіту:
Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
Гүлдің негізгі қызметі қандай?
Гүлшоғыр деген не?
Гүлшоғырдың маңызы неде?
Жай гүлшоғырларды атаңдар
Күрделі гүлшоғырларды атаңдар
6 . Үй жұмысы: 28-ші тақырыпты оқу, негізгі терминдерді білу, кестені жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |