1. АӨк кешен субъектілерін бағыттар бойынша қаржыландыру талаптары



Дата04.07.2016
өлшемі229.78 Kb.

1. АӨК КЕШЕН СУБЪЕКТІЛЕРІН БАҒЫТТАР БОЙЫНША

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ




  1. Монтажды қажетсінбейтін ауыл шаруашылығы техникасының және арнаулы техниканың қаржы лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:


    Нысаналы мақсаты

    отандық және шетелдік өндірістің аспалы және тіркемелі техникасы

    отандық және шетелдік өндірістің өзі жүретін техникасы

    Құралы

    лизинг

    Мерзімі

    лизинг затының бір бірлігінің құны мынадай болса

    лизинг затының бір бірлігінің құны, сондай-ақ кешенді түрде (соның ішінде аспалы/тіркемелі техникамен бірге) пайдаланылатын бірнеше лизинг заттарының жалпы құны мынадай болғанда

    25 000 000 теңгеге дейін

    25 000 000 теңге және одан жоғары

    25 000 000 теңгеге дейін

    25 000 000 теңге және одан жоғары

    5 жылдан көп емес

    7 жылдан көп емес

    10 жылдан көп емес

    Бірінші лизингтік төлемі

    лизинг заты құнының 25 % кем емес

    лизинг заты құнының 20 % кем емес

    лизинг заты құнының 15 % кем емес

    Мөлшерлемесі

    жылдық 13,4%

    Тиімді мөлшерлемесі

    жылдық 13,6%

    Қамтамасыз ету

    қажет емес

    Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

    1 жылдан көп емес

    Ерекше талаптары

    1. Лизинг затының бір бірлігінің құны 25 000 000 теңгеден аспаса, сақтандыру қажет емес.
    2. отандық құрастыру өндірістері комбайндарының және астық кептіргіштердің лизингі кезінде келесідей қаржыландыру талаптары белгіленеді:

    1) бірінші лизингтік төлемнің мөлшері лизинг заты құнының 10% кем емес. Бұл ретте бірінші лизингтік төлемді төлеу мерзімі Қоғамның несие комитетінің шешімі бойынша, бірақ ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 қарашасынан кешікпей белгіленеді;

    2) бірінші лизингтік төлем лизинг заты табысталғанға дейін төленген жағдайда, қамтамасыз ету қажет емес;

    3) лизинг заты бірінші лизингтік төлем төленгенге дейін табысталған жағдайда, оны төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде, кепілдікті құны лизинг затының жалпы құнының 10 % кем емес келесі қамтамасыз ету ұсынылады:

    - болашақта келіп түсетін ағымдағы жыл шығымының астығын кепілге салу (астық қолхаты бойынша астық кепілдігін ресімдеу үшін). Кепілдік шарты лизинг заты Лизинг алушыға табысталғанға дейін ресімделеді;

    - астық қолхаты бойынша астықты кепілге салу (өнім жиналғаннан кейін). Кепілзатпен қамтамасыз ету бірінші лизингтік төлем төленгеннен кейін босатуға жатады;

    - өзге де өтімді мүлік (бірінші лизингтік төлем төленгенге дейін). Қамтамасыз ету бірінші лизингтік төлем төленгеннен кейін, босатуға жатады.


  2. Суару жүйелерін сатып алуға қаржыландыру келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

жемшөп өндіруге арналған суару жүйелері (етті және сүтті мал шаруашылығында), тамшылатып суару жүйелері, отандық және шетелдік өндірістердің жаңбырлатқыш жүйелері

Құралы

қарыз

лизинг

Мерзімі

5 жылдан көп емес

Ортақ қаржыландыру

жүйенің құнының

15 % кем емес



бірінші лизингтік төлемі - тамшылатып суару жүйесі құнының 20% кем емес, басқа суару жүйелері бойынша лизинг заты құнының 15% кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,6%

Қамтамасыз ету

қажет

лизинг заты монтажды қажетсінбейтін жағдайларды қоспағанда, лизинг заты орналасатын жер телімінің кепілдігі қажет

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

1 жылдан көп емес




  1. Жер өңдеу техникасының қаржы лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

отандық және шетелдік өндірістердің жер өңдеу техникалары (бульдозерлер, экскаваторлар, канал қазғыштар (канал тазартқыштар), шөміш тегістеуіштер, қайырма тегістеуіштер, жаймалауыштар, құбыр төсеуіштер, тиегіш-экскаваторлар және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған басқа да жер өңдеу техникалары)

Құралы

лизинг

Мерзімі

5 жылдан көп емес

Бірінші лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 25 % кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,6% бастап

Қамтамасыз ету

қажет емес

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

1 жылдан көп емес

Ерекше талаптары

Жер өңдеу техникасының лизингі осы тармақпен қамтылған талаптарда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында жүзеге асырылады.



  1. Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін, биологиялық активтерді тасымалдау бойынша көлік құралдарының қаржы лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:


Нысаналы мақсаты

ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін және олардан қайта өңделген өнімдерді, биологиялық активтерді тасымалдау бойынша отандық және шетелдік өндірістердің көлік құралдары (соның ішінде сүйреуіштер мен тіркемелер)

Құралы

лизинг

Мерзімі

7 жылдан көп емес

Бірінші лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 15 % көп емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,6%

Қамтамасыз ету

қажет емес

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

1 бір жылдан көп емес




  1. «Экспресс-лизинг» бағдарламасы бойынша қаржы лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Мақсатты топ

шаруа (фермер) қожалықтары, шағын кәсіпкерлік субъектілері

Құралы

лизинг

Нысаналы мақсаты

монтажды қажетсінбейтін ауыл шаруашылығы техникасы, арнаулы техника

отандық және шетелдік өндірістердің аспалы және тіркеме техникасы

отандық және шетелдік өндірістердің өзі жүретін техникасы

Мерзімі

5 жылдан көп емес

7 жылдан көп емес

Бірінші лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 25 % кем емес

лизинг заты құнының 15 % кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,6% бастап

Қамтамасыз ету

қажет емес

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

1 жылдан көп емес

Ерекше талаптары

  1. «Экспресс-лизинг» бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру мақсатында Басқармамен бір лизинг алушыға негізгі борыштың шекті сомасы белгіленеді, бірақ Қоғамның меншікті капитал мөлшерінің 0,02 (нөл бүтін екі жүздік) % артық емес. Бұл ретте лизинг заты табысталғанға дейінгі жүзеге асырылатын бірінші төлемді шегеріп тастағанда, сатылып алынатын лизинг затының жалпы құны және бұрынға жасалған шарттар бойынша Қоғам алдындағы лизинг алушының негізгі борышының сомасы негізгі борыштың белгіленген шекті сомасынан аспауға тиісті.

  2. Бір бірлігінің құны 25 000 000 теңгеден аспайтын лизинг затын сақтандыру қажет емес.




  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын қаржыландыру келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

ІҚМ тұқымдары жөніндегі Республикалық палатада тіркелген отандық және шетел селекцияларының сүт, ет-сүт және сүт-ет бағыттарының, сондай-ақ отандық селекцияның ет бағытының ірі қара малдарының (ІҚМ) асыл тұқымды төлдері. Лизингке табысталатын асыл тұқымды ІҚМ әрбір бірлігінің заттай қасиеттері қандай да бір тұқымға тән жалпы белгілерге (генетикалық, анатомиялық, морфологиялық және т.б.) сай келуге тиісті.

Құралы

лизинг

қарыз

Мерзімі

сүт бағытындағы ІҚМ бойынша – 5 жылдан көп емес, басқа бағыттар бойынша – 7 жылдан көп емес

7 жылдан көп емес

Ортақ қаржыландыру

ІҚМ құнының 15 % кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 11,9% бастап

Қамтамасыз ету

ғимараттар (қора-жайлар) орналасатын жер телімдерімен бірге ІҚМ ұстауға арналған ғимараттарды (қора-жайларды), сондай-ақ жасалатын қаржы лизингі шартының барлық қолданылу мерзіміне жайылым жерлер мен жемшөп дайындауға арналған жер телімдерін кепілге салу қажет

қажет

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

сүт бағытындағы ІҚМ бойынша – 2 жылдан көп емес, басқа бағыттар бойынша – 3 жылдан көп емес

Ерекше талаптары

1. Лизинг нысанында қаржыландыру кезінде лизинг заты құнының 25 % кем емес мөлшерде кепілзатпен қамтамасыз етілген жағдайда, ортақ қаржыландыру қажет емес. Бұл ретте, қамтамасыз ету сомасын анықтау кезінде, кепілдікке қабылданатын ғимараттар (қора-жайлар) орналасатын жер телімдерімен қоса, ІҚМ ұстауға арналған ғимараттардың (қора-жайлардың), сондай-ақ жайылым жерлер мен жемшөп дайындауға арналған жер телімдерінің кепілдікті құны да есепке алынады.

2. Лизинг нысанында қаржыландыру кезінде лизингке сатылып алынатын аналық ІҚМ саны лизинг алушының қолындағы бар өзінің аналық ІҚМ санының 25 (жиырма бес) % аспайтын болса, ғимараттар (қора-жайлар) орналасатын жер телімдерімен қоса, ІҚМ ұстауға арналған ғимараттардың (қора-жайлардың), сондай-ақ жайылым жерлер мен жемшөп дайындауға арналған жер телімдерін кепілдікке салу қажет емес. Аталмыш талап 100 (жүз) бастан артық емес ІҚМ сатып алу кезінде қолданылады.



3. Ет бағытындағы ІҚМ қаржыландыру, ІҚМ бұрын Қоғамның, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроӨнім» АҚ қаржыландырған репродукторларынан сатылып алынған жағдайда жүзеге асырылады.




  1. Монтажды қажетсінетін ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтың қаржы лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

отандық және шетел өндірістерінің монтажды қажетсінетін жабдықтары мен арнаулы техникалары (соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, балық және орман шаруашылықтарының өнімдерін қабылдауға, тазалауға, буып-түюге, сақтауға және бастапқы өңдеуге, көкөніс өсіруге арналған жабдықтар мен арнаулы техника, мал шаруашылығына, соның ішінде шошқа шаруашылығына, құс өсіру фермаларына, жемшөп дайындауға, балық өсіруге, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағын өндіруге, ет және ет өнімдерін қайта өңдеуге және өндіруге, жемістер мен көкөністерді, балық өнімдерін өндіруге, қайта өңдеуге және консервілеуге, өсімдік майын және мал майын өндіруге, сүтті қайта өңдеуге және ірімшік өндіруге, ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруге, жануарлардың дайын азығын өндіруге, нан өндіруге, бала тағамдары мен диеталық тағамдарды өндіруге, крахмал-сірне өнеркәсібінің өнімдерін өндіруге арналған жабдықтар және Қоғамның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін басқа да жобалар)

Құралы

лизинг

Мерзімі

10 жылдан көп емес

Бірінші лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 15 % кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 12,8% бастап

Қамтамасыз ету

жасалатын қаржы лизингі шартының барлық қолданылу мерзіміне ғимараттар (қора-жайлар) орналасатын жер телімімен бірге лизинг затының монтажы жүзеге асырылатын ғимараттарды (қора-жайларды) кепілдікке салу қажет.

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

2 жылдан көп емес

Ерекше талаптары

Лизинг алушы лизинг заты құнының 25 % кем емес мөлшерінде лизинг заты табысталарға дейінгі бірінші лизингтік төлемді төлеу кезінде, мұндай жабдықтың/техниканың ықтимал демонтажы оның құндылықтарының жоғалуына (оның жағдайының нашарлауына) апарып соқпаса және лизингке беріліп отырған жабдық/техника ғимараттың (қора-жайдың) жалпы алаңының 50 % азын құрайтын бөлігінде орналасатын болса, бұл ретте жер телімімен қоса қора-жайдың құны жабдықтың/техниканың өз құнынан анық (әлденеше рет) асып түседі, сонымен қатар келесі жағдайлардың бірі болғанда, ғимараттар (қора-жайлар) орналасатын жер телімімен бірге лизинг затының монтажы жүзеге асырылатын ғимараттарды (қора-жайларды) кепілдікке салу қажет емес:

1) нормативтік құқықтық актілермен шартталған қамтамасыз ету ретінде ғимараттар (қора-жайлар) орналасқан жер телімін ұсыну мүмкінсіздігі;



2) жер теліміне ауыртпалықтың болуы.





  1. Монтажды қажетсінбейтін жабдықтың қаржы лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:

    Нысаналы мақсаты

    отандық және шетелдік өндірістердің монтажды қажетсінбейтін жабдықтары (соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, балық және орман шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға, тазалауға, сақтауға және бастапқы өңдеуге, көкөніс өсіруге арналған жабдықтар, мал шаруашылығына, соның ішінде шошқа шаруашылығына, құс өсіру фермаларына, жемшөп дайындауға, балық өсіруге, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағын өндіруге, ет және ет өнімдерін өндіруге, жемістер мен көкөністерді, балық өнімдерін қайта өңдеуге және консервілеуге, өсімдік майын және мал майын өндіруге, сүтті қайта өңдеуге және ірімшік өндіруге, ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруге, жануарлардың дайын азығын өндіруге, нан өндіруге, бала тағамдары мен диеталық тағамдарды өндіруге, крахмал-сірне өнеркәсібі өнімдерін өндіруге арналған жабдықтар және Қоғамның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін басқа да жобалар)

    Құралы

    лизинг

    Мерзімі

    10 жылдан көп емес

    Бірінші лизингтік төлемі

    лизинг заты құнының 15 % кем емес

    Мөлшерлемесі

    жылдық 13,4%

    Тиімді мөлшерлемесі

    жылдық 12,8% бастап

    Қамтамасыз ету

    қажет емес

    Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

    2 жылдан көп емес

  2. Құрылыстық-монтаж жұмыстарын қаржыландыру келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

құрылыстық-монтаж жұмыстары

Құралы

қарыз

Мерзімі

10 жылдан көп емес

Ортақ қаржыландыру

құрылыстық-монтаж жұмыстары құнының 15 % кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,3% бастап

Қамтамасыз ету

қажет

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

2 жылдан көп емес

Ерекше талаптар

Құрылыстық-монтаж жұмыстарын қаржыландыру тек инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде ғана жүзеге асырылады




  1. Айналым капиталын толықтыруға қаржыландыру келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

бордақыланатын ІҚМ контингентін сатып алуға арналған айналым капиталы

инвестициялық жобаны іске асыру шеңберіндегі айналым капиталы

Құралы

қарыз

Мерзімі

5 жылдан көп емес

3 жылдан көп емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 12,8% бастап

Қамтамасыз ету

қажет

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

2 жылға дейін

Ерекше талаптар

Айналым капиталын қаржыландыру тек бұрын қаржыландырылған/ қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың шеңберінде ғана жүзеге асырылады




  1. Негізгі құралдарды сатып алуға қаржыландыру келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

құрылыс объектілерін (соның ішінде аяқталмаған құрылысты, іске қосылған объектілерді/қолданыстағы өндірістерді) қоспағанда, Қоғамның жарғылық мақсаттарына сай келетін негізгі құралдарды (соның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу

Құралы

қарыз

Мерзімі

7 жылдан көп емес

Ортақ қаржыландыру

негізгі құралдар құнының 15% кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,2% бастап

Қамтамасыз ету

қажет

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

2 жылға дейін



  1. Инвестициялық бағыттар шеңберінде дайын объектіні сатып алуға қаржыландыру келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Атауы

тауарлы-сүт фермасының жайы/құрастырылған жабдығымен қарқынды бақша

Құралы

лизинг

Мерзімі

10 жылдан көп емес

Бірінші лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 15% бастап

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 12,8% бастап

Қамтамасыз ету

қажет емес

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

2 жылдан көп емес

Ерекше талаптары

1. Дайын объектінің лизингі кезінде, соның ішінде қайтарылма лизинг схемасы бойынша, орнатылған жабдығымен өндірістік объектінің жайы жаңа немесе қаржыландыру алуға өтініш тапсырылған сәттен бастап 6 айдан кешікпей іске қосылған болуға тиісті.

2. Осы тармақпен қамтылған талаптарда қарқынды бақшаларды (отырғызылғаннан кейін), тауарлы-сүт фермаларын (400 дейін аналық ІҚМ басы) сатып алу қаржыландырылады.

3. Осы тармақпен қамтылған талаптар бойынша қарқынды бақшаларды қаржыландыру Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады.





  1. Бұрын пайдалануда болған ауыл шаруашылығы техникасының лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

алыс шетелдерде жасалған және бұрын 5 жылдан көп емес уақыт пайдалануда болған монтажды қажетсінбейтін және құрамына тракторлар, комбайндар, егіс кешендері, өзі жүретін дестелегіштер, өзі жүретін бүріккіштер және басқа да өзі жүретін техникалар кіретін ауыл шаруашылығы техникасы

Құралы

лизинг

Мерзімі

лизинг затының бір бірлігінің құны, сондай-ақ бір кешенде пайдаланылатын бірнеше лизинг заттарының жалпы құны мынадай болғанда

25 000 000 теңгеге дейін

25 000 000 теңге және одан жоғары

7 жылдан көп емес

Бұл ретте лизинг затының пайдаланылу мерзімі қаржыландыру күніне 4 (төрт) жылдан аспауға тиісті, ал техниканы жалпы пайдалану мерзімі қаржыландыру мерзімінің аяғына 7 (жеті) жылдан аспауға тиісті.



10 жылдан көп емес

Бұл ретте техниканы жалпы пайдалану мерзімі қаржыландыру мерзімінің соңына 10 (он) жылдан аспауға тиісті




Бірінші лизингтік төлемі

лизинг заты құнының 15 % кем емес

лизинг заты құнының 25 % кем емес

лизинг заты құнының 15 % кем емес

лизинг заты құнының 25 % кем емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,6% бастап

Қамтамасыз ету

қажет. Қаржы лизингі шарты бойынша жылдық лизингтік төлемді төлеу бойынша міндеттемені жабуға тиісті.

қажет емес

қажет. Қаржы лизингі шарты бойынша жылдық лизингтік төлемді төлеу бойынша міндеттемені жабуға тиісті.

қажет емес

Негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

1 жылға дейін

Ерекше талаптары

1. Бұрын пайдалануда болған ауыл шаруашылығы техникасы жеткізушісінің Қазақстан Республикасының аумағында төменде берілген талаптарға жауап беретін сертификатталған аймақтық сервистік орталықтарының желісі болуға тиісті:

1) қолданыстағы өндірістік базасының, техниканы қабылдауға, құрастырып бітіруге, сату алдындағы дайындықты жүргізуге және сақтауға арналған алаңының болуы;

2) қоймалары мен жеткілікті шамада қосалқы бөлшектерінің, кепілдікті жинақталымдарының, шығыс материалдарының, резеңке-техникалық бұйымдарының болуы;

3) техникаға техникалық қызмет көрсетуге және оны жөндеуге арналған учаскесінің (цехының), стендтерінің және диагностика, жасауға, тораптары мен тетіктерін қалыпты күйге келтіруге және жөндеуге арналған жабдығының болуы;

4) техникалық қызмет көрсету бойынша жылжымалы құралдарының болуы;

5) жоғары білікті (сертификатталған) кеңесші-инженерлерінің, жөндеу бригадаларының болуы.

2. Ауыл шаруашылығы техникасы келесі талаптарға жауап беруге тиісті:

1) бұрын пайдалануда болған тракторлардың атқарымы (пайдаланылу мерзімін санау жасалған күнінен басталады:

1 (бір) жылдан көп емес – 1000 (бір мың) мотосағаттан көп емес;

1 (бір) жылдан 2 (екі) жылға дейін – 2000 (екі мың) мотосағаттан көп емес;

2 (екі) жылдан 3 (үш) жылға дейін – 3000 (үш мың) мотосағаттан көп емес;

3 (үш) жылдан 4 (төрт) жылға дейін – 4000 (төрт мың) мотосағаттан көп емес;

4 (төрт) жылдан 5 (бес) жылға дейін – 5000 (бес мың) мотосағаттан көп емес;

2) бұрын пайдалануда болған комбайндардың атқарымы (пайдалану мерзімін санау жасалған күнінен басталады):

1 (бір) жылдан көп емес – 300 (үш жүз) мотосағаттан көп емес;

1 (бір) жылдан 2 (екі) жылға дейін – 600 (алты жүз) мотосағаттан көп емес;

2 (екі) жылдан 3 (үш) жылға дейін – 900 (тоғыз жүз) мотосағаттан көп емес;

3 (үш) жылдан 4 (төрт) жылға дейін – 1200 (бір мың екі жүз) мотосағаттан көп емес;

4 (төрт) жылдан 5 (бес) жылға дейін – 1500 (бір мың бес жүз) мотосағаттан көп емес;

Жеткізілетін техниканың бір жылға үздіксіз жұмыс істеу қабілеттілігінің кепілдігі болуға тиісті немесе комбайндар үшін 300 (үш жүз) мотосағат және тракторлар мен басқа техникалар үшін 1000 (бір мың) мотосағат.

3. Жеткізуші міндетті:

1) техникаға сату алдындағы дайындықты жүргізуге, толық көлемде құрастырып бітіруге;

2) техниканы жөндеу үшін дайындаушы-зауыттың түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін қолдануға;

3) шарт негізінде техникаға сервистік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыруға;



4) техниканың құрылғысы, оны пайдалану және сақтау ережелері бойынша механизаторларды, операторларды, комбайншыларды оқытып үйретуге.

2. АӨК СУБЪЕКТІЛЕРІН ЭСКРОУ-ШОТТЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН СУБСИДИЯЛАНАТЫН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ


  1. Сүт таситын машиналардың (сүт таситын танкері бар мамандандырылған автомашиналардың), мал, ет тасуға арналған көлік құралдарының қаржы лизингі келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

отандық және шетелдік өндірістердің сүт таситын машиналары (сүт таситын танкері бар мамандандырылған автомашиналар), мал, ет тасуға арналған көлік құралдары

Құралы

лизинг

Мерзімі

7 жылдан көп емес

Ортақ қаржыландыру

қажет емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,6% бастап

Қамтамасыз ету

қажет емес

Сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңі

1 жылдан көп емес

Ерекше талаптары

  1. Лизинг затын осы тармақпен қамтылған талаптарда сатып алуды қаржыландыру қолданыстағы Инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің көтерген шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидасына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидасы) сәйкес, инвестициялық субсидиялар эскроу-шотқа аванстық төлеммен аударылған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте, лизинг заты келесі талаптарға сай келуге тиісті:

  1. лизинг затының құны Субсидиялау қағидасымен (жоба төлқұжатымен) қамтылған барынша көп ұйғарынды құннан аспауға тиісті;

  2. лизинг затының техникалық сипаттамасы Субсидиялау қағидасымен (жоба төлқұжатымен) қамтылған талаптарға сәйкес келуге тиісті;

  3. лизинг заттарының саны Субсидиялау қағидасына сәйкес, лизинг заттарының субсидияланатын бірліктерінің санынан аспауға тиісті.

  1. Қаржы лизингі шартын жасасу, өтінім беруші мен жобаның Субсидиялау қағидасының талаптарына сәйкес келуі туралы инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің көшірмесі, сондай-ақ екінші деңгейлі банкте эскроу-шоттың ашылуын растайтын құжаттар және өтінім беруші банкке Қоғамның эскроу-шоттан субсидия сомасын акцептсіз алуына сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін беретін банк пен өтінім берушінің арасында жасалған шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.

  2. Лизинг затын сатып алуды Қоғам субсидиялар эскроу-шотқа есепке алынғаннан кейін жүзеге асырады.

  1. Суару жүйелері мен тамшылатып суару жүйелерін қаржыландыру келесі талаптарда жүзеге асырылады:

Нысаналы мақсаты

отандық және шетелдік өндірістердің суару жүйелері мен тамшылатып суару жүйелері (бұдан әрі – жүйелер)

Құралы

қарыз

лизинг

Мерзімі

5 жылдан көп емес

Ортақ қаржыландыру

қажет емес

Мөлшерлемесі

жылдық 13,4%

Тиімді мөлшерлемесі

жылдық 13,6% бастап

Қамтамасыз ету

қажет

лизинг заты монтажды қажетсінбейтін жағдайларды қоспағанда, лизинг заты орналасатын жер телімін кепілге салу қажет

Сыйақы бойынша жеңілдікті кезең

1 жылдан көп емес

Ерекше талаптары

  1. Жүйелерді осы тармақпен қамтылған талаптарда сатып алуды қаржыландыру қолданыстағы Инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің көтерген шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидасына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидасы) сәйкес, инвестициялық субсидиялар эскроу-шотқа аванстық төлеммен аударылған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте, келесі талаптар орындалуға тиісті:

  1. жүйелердің құны Субсидиялау қағидасымен (жоба төлқұжатымен) қамтылған барынша көп ұйғарынды құннан аспауға тиісті;

  2. жүйелердің техникалық сипаттамасы Субсидиялау қағидасымен (жоба төлқұжатымен) қамтылған талаптарға сәйкес келуге тиісті;

  3. жүйелерді енгізу 10 га дейінгі алаңда жүзеге асырылады.

  1. Қаржы лизингі/қарыз шарттарын жасасу, өтінім беруші мен жобаның Субсидиялау қағидасының талаптарына сәйкес келуі туралы инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің көшірмесі және өтінім беруші банкке Қоғамның эскроу-шоттан субсидия сомасын акцептсіз алуына сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін беретін банк пен өтінім берушінің арасында жасалған шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.

  2. Лизинг затын сатып алуды/қарыз сомасын аударуды Қоғам субсидиялар эскроу-шотқа есепке алынғаннан кейін жүзеге асырады.

_________________________________________________

Шығарылуы: он бесінші

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары
loader -> Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы №1012 Қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
loader -> Жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджеттік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат 2014 -2016 жылдарға Зырян ауданының бюджеті «2014-2016 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті туралы»
loader -> Жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджеттік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат 2014-2016 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті ««2014-2016 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті туралы»
loader -> 1. Адамзат тарихының дамуының алғашқы кезеңі
loader -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
loader -> Сабақ тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс
loader -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2013 ж. 1 31 қазан аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
loader -> Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды
loader -> Жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджеттік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат 2016 2018 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті «2016-2018 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті туралы»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет