Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет77/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
5.Лекциялық кешен

Есепті құрастыру.
Есеп құрамында мынадай бөлімдер болуы керек.
1.Жалпы бөлім.
2.Ақбөкендердің санын есептеу.
3.Ақбөкендердің экологиясы туралы мәліметтер.
4.Алынған мәліметтерді талқылау.
Жалпы бөлімде жүргізілген есеп жұмыстары туралы негізгі мәліметтер: мезгілі, есептеуге қатысушылар құрамы, авиатехника типтері, жұмыс жүргізу жағдайы, Ауа райы туралы, ұшқан сағат саны, маршруттардың ұзындығы, зерттелген территория ауданы, кездескен ақбөкендердің жалпы саны.
«Ақбөкендердің санын есептеу» бөлімінде ақбөкендердің саны туралы бастапқы, алғашқы мәліметтер әртүрлі тығыздықтағы популяциялар бөлу арқылы дәлелденді. Маршруттар және ақбөкендердің шоғырланған жерлері көрсетілген карта-жоба тіркеледі.
«Ақбөкендер экологиясы туралы мәліметтер және олардың территориялық таралуы» бөлімінде ақбөкендердің кеңістікте таралуы қысқаша сипатталады, олардың осы жылғы өнімділігі, жыныстық және жастық құрамы туралы мәліметтер келтіріледі.
«Алынған мәліметтерді талқылау» бөлімінде түр популяциясының жалпы жағдайына талдау жасалады, өткен жылдармен салыстырғанда санын және кеңістіктегі құрамының өзгеру бағыттары көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет