- Дәріс 1 Топырақ түзілу процесі.
- Топыраққұраушы фактролар
- Топырақ түзілу процесі.
- Үгілу жəне топырақтың түзілуі
- Алғашқы топырақ түзілу процесі
- Топырақ пішінінің қалыптасуы
- 2. Топыраққұраушы фактролар:
- ауа райы;
- тау жынысы;
- жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі;
- жер бедері;
- аймақтың геологиялық жасы;
- қоғамның өндіргіш күші.
Үгілу жəне топырақтың түзілуі - Үгілу жəне топырақтың түзілуі
- Топырақ – табиғат туындысы, табиғи əрі тарихи дене. Бір кездерде Жер беті қазіргі Ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгітілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле қоймайтыны белгілі. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз əсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгітілу деп атайды. Үгітілу құбылысы тарихи топырақ түзілуінен бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.
Топырақ – табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. - Топырақ – табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене.
. Физикалық жолмен үгілу – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайы мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болады делік. Уақыт өте келіп оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де әлгі сызат үлкен жарықшаққа айналып, қатты тау жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқыны болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар жаңғақша жарылып, майда жыныстарға айналады. - . Физикалық жолмен үгілу – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайы мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болады делік. Уақыт өте келіп оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де әлгі сызат үлкен жарықшаққа айналып, қатты тау жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқыны болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар жаңғақша жарылып, майда жыныстарға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |