Дәріс №12.
Тақырыбы: Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Жоспары:
Тасымалдау шаруашылығы
Кәсіпорынның көлік қызметінің функциялары
Кәсіпорында өндірістік үрдісті жүргізу үшін шикізат, материалдар, құраушы өнімдер пайдаланылады. Жалпы өндіріс үрдісінде көп мөлшердегі еңбек құралдарын пайдалану үшін оларды тасымалдаумен қатар, өнім дайын
болғаннан кейін оны кәсіпорыннан сыртқа тасып әкету қажет. Міне, осындай барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жұмыстарын кәсіпорынның көлік шаруашылығы атқарады. Ал оны ұйымдастыру деңгейі ондірістің техника-әкономикалық көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. Мұны тек көлік шығыңдарының өнімнің өзіндік құнындағы алатын үлкен үлесімен ғана емес, сонымен қатар осы аталған жұмыстардың материалдық құндылықтардың тасымалдау көрсеткіштері мен сақталуына қалай әсер ететіндігінен де көруге
болады. Бұған қоса көлік шаруашылығының ұйымдастырылу дәрежесі өндірістік циклдың ұзақтығына және соның нәтижесінде аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының мөлшеріне тигізетін әсері жоғары.
Кәсіпорынның көлік шаруашылығының міндетіне барлық тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстарын уақтылы, сапалы және үнемді жүргізу жатады.
Кәсіпорында пайдаланылатын көлік қызмет көрсету аумағына қарай:
сыртқы, яғни, оған кәсіпорынның сыртқы жабдықтаушыларымен және өнімді тұтынушыларымен байланысын қамтамасыз ететін көлік түрлері жатады. Мұндай тасымалдаулар әдетте орталықтандырылған тасымал қызметтерінің күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады;
цехаралық, яғни, жүктерді цехтар арасында тасу және жүктерді бір қоймадан екінші қоймаға және кәсіпорын цехтарына тасуға арналған көлік болып бөлінеді;
цехішілік, яғни бір цех ішінде ғана тасымалдау жүмыстарын орындайтын
көліктерді айтады.
Көліктің бұл түрі технологиялық үрдістің ажырамас бөлігі болып саналады және еңбек заттарының жұмыс орындары мен цех учаскелері арасында тасымалдау жұмыстары үшін қолданылады.
Кәсіпорынның көлік шаруашылығы барлық тиеу-түсіру және тасу жұмыстарының сипатын айқындайтын кешенді технология негізінде ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорында өндірілетін өнім сипатына, оның дайындалу технологиясына қарай түрлі тасымалдау құралдары қолданылады: рельсті және рельссіз жүретін көлік, автомобильдер, конвейерлер және транспортерлер, түрлі арбалар, лифттер, лебедкалар, аспалы жолдар, крандар, тасу құралдары және т.б.
Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік құралдарына деген қажеттілік және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жүк айналымы мен жүк ағынының есебі негізінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |