ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 дәрежедегі СМК құжат
|
ОӘМ
|
ОӘК 042-18-8.1.139/03-2013
|
«Көтеріп-тасымалдау механизмдері»
пәннінің оқу-әдістемелік материалдары
| № 1 баспа
18.02.2013 ж
|
«Көтеріп-тасымалдау механизмдері»
5В071200 – «Машина жасау»
мамандығына арналған
ПӘННІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей 2013
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
4
|
2
|
Дәріс тақырыптары және олардың қысқыша мазмұны:
|
7
|
|
Дәріс 1. Кiрiспе. ТТТҚ жұмыстарын механикаландыру – еңбек өнiмдiлiгiн асырудың және өнiмнiң өзiндiк құнын азайтудың негiзi.
Механикалық құралдардың мақсаты мен маңызы.
|
7
|
|
Дәріс 2. Үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналар туоалы жалпы мәлiметтер. Жiктелуi. Есептiк жүктелулер. Тарту органы бар конвейерлер. Оларды есептеудiң жалпы әдiстерi.
|
8
|
|
Дәріс 3. Шынжырлы конвейерлер. Жiктелуi және құрылымдық схемалар. Конвейерлiк шынжырлардың түрлерi. Динамикалық күштер. Негiзгi есептiк бойланыстар.
|
11
|
|
Дәріс 4. Төсемдi конвейерлер. Топтасуы және құрылымдары.
|
12
|
|
Дәріс 5. Аспалы конвейерлер. Құрылымдары, элементтері мен тораптары. Негізгі есептік байланыстар.
|
13
|
|
Дәріс 6. Элеваторлар мен көтергiштер. Мақсаты, пайдалану аймақтары. Есептiк ерекшелiктер. Негiзгi тораптарды таңдау.
|
15
|
|
Дәріс 7. Инерциялық конвейерлер.
Шығыршықты конвейерлер. Кұрылымы. Есептiк ерекшелiктер.
|
17
|
|
Дәріс 8. Жүк көтергiш машиналарын жiктеу. Жұмыс режимдерi және есептiк жүктемелер. Икiмдi көтеру элементтерi, таңдау әдiстерi. Шығырлар мен жұлдызшалар.
Жүктi қармау құралдары.
|
18
|
|
Дәріс 9. Полиспастар мен барабандар. Құрылымдары мен арқанды бекiту әдiстерi.
|
20
|
|
Дәріс 10. Икiмдi көтеру элементтерi, таңдау әдiстерi. Шығырлар мен жұлдызшалар.
Жүктi қармау құралдары.
|
21
|
|
Дәріс 11. Тоқтаткыштар мен тежегiштер. Шаппалы, үйкелiстi, шығыршықты тоқтаткыштар. Қалыпты, таспалы, өстiк бастырмалы тежегiштер. Құрылымдар мен негiзгi есептiк байланыстар..
|
23
|
|
Дәріс 12. Жүк көтергiш машпналардың көтеру механизмдерi. Жүктi көтеру және түсiру кезiндегi динамикалық процесстер..
|
25
|
|
Дәріс 13. Жүк көтергiш машиналардың қозғалыс механизмi. Таңдау және қосылу мен тежелу кезiндегi динамикалық күштердi есептеу
|
26
|
|
Дәріс 14. Жылжымалы крандардың орнықтылығы.
|
27
|
|
Дәріс 15. Тиеп-түсiру жұмыстардың орындайтын манипуляторлар мен роботтар. Жiктелуi. Жұмыс iстеу принципi. Құрылымдары
|
29
|
3
|
Практикалық сабақтардың атауы және олардың қысқаша мазмұны.
|
29
|
|
Тақырып 1. Негізгі мәліметтер мен терминдер. Тағамдық жүктердің топтасуы.
|
30
|
|
Тақырып 2. Қолмен істейтін домкраттарды зерттеу.
|
30
|
|
Тақырып 3. Қолмен істейтін лебедкаларды зерттеу.
|
30
|
|
Тақырып 4. В 103 М электр талін зерттеу.
|
30
|
|
Тақырып 5. Жүкті қармау құралдарын таңдау және есептеу.
|
31
|
|
Тақырып 6. Оймалы барабандарды есептеу.
|
31
|
|
Тақырып 7. ТКТГ – 300 М тежегішін зерттеу.
|
31
|
|
Тақырып 8. Электромагниті бар қалыпты тежегіштерді есептеу.
|
31
|
|
Тақырып 9. Шаппалы тоқтатқыштарды есептеу.
|
31
|
|
Тақырып 10. Үйкелісті және роликті тоқтатқыштарды есептеу.
|
31
|
|
Тақырып 11. Электр тальдерді есептеу.
|
32
|
|
Тақырып 12. Жебелі крандардың жүк көтеру механизмдерi.
|
32
|
|
Тақырып 13. Жүк көтеру механизмдегi электрқозғалтқышты қызуға есептеу.
|
32
|
|
Тақырып 14. Жүк көтергiш машиналардың қозғалыс механизмiн есептеу.
|
32
|
|
Тақырып 15. Кранның бұру механизмiн есептеу.
|
32
|
|
Тақырып 16. Көпірлі крандардың жүк көтеру механизмдерi.
|
32
|
1. Глоссарий
АДЫМДАУШЫ КОНВЕЙЕР - жүкті жылжымалы раманың көлденең және тік ілгерілемелі – қайтарымды қозғалысының көмегімен тасымалдайтын (жүк раманың үстіне қойылады) құрылғы.
АРҚАНДЫ ОРАУШЫ МЕХАНИЗМ – арқан шыбықтарын бұрауға және оларды арқан етіп орауға арналған құрылғы.
АТҚАРУ МЕХАНИЗМІ – 1) қажетті технологиялық операцияны орындайтын құрылғы; 2) жетекші буынға түсетін сигналдарға сәйкес реттеу объектісіне механикалық әсер етуші автоматты реттеу жүйесінің механизмы.
БАЛАНСИР (франц. balancier – тербету, теңгеру) – тірек өсінің төңірегінде тербелмелі қозғалыс жасайтын машиналарда кушті беруге арналған екі иықты (сирек бір иықты) тұтқа.
БІЛІКТЕС ЛЕБЕДКА – қозғалтқышы, төмендеткіші және барабаны біліктес орналасқан лебедка.
ГРЕЙФЕР (нем. Greifer, от greifen – ұстау) – бұрылатын жақтары бар жүкті қармау механизмі.
ДИСКІЛІ ТЕЖЕГІШ – білікке бекітілген дискіге айналмайтын дискіні қысу арқылы айналатын білікті тежеуге арналған құрылғы.
ДОМКРАТ – жүкті кішкене биіктікке (до 0,8…1м) көтеруге арналған механизм. Ол әдетте жөндеу және монтаждық жұмыстарда қолданылады.
ЕКІ БАРАБАНДЫ ЛЕБЕДКА – өзара кинематикалы байланысқан екі барабаны бар лебедка.
ЖҮКТІ ТІРЕУШІ ТЕЖЕГІШ – жетектегі буынындағы айналу моментіне байланысты автоматты басқарылатын үйкелісті тежегіш.
Жүкті тіреуші тежегіш жетекші буынға келтірілген кедергі күштерді асатын жетекші буындағы айналу моменті болған кезде ғана сөндіріледі.
Жүкті тіреуші тежегіш іске қосылады, егер жетекші буында айналу моменті болмаса.
ИКЕМДІЛІК (МАНЕВРЕННОСТЬ) (франц. manoeuvrer — қозғалысқа әкелу, басқару, лат. manu operor — қолмен жұмыс істеймін) – басқару бұйрығы бойынша құрылғының қозғалыс бағытын және кеңістіктегі орнын ауыстыра алу қабілеті.
Икемділік критериялары – бағытын өзгертуде қозғалыс траекториясының қисықтық радиусы, кеңістікте орнын ауыстыру кезіндегі уақыт және т. б.
ИТЕРГІШ КОНВЕЙЕР – жүкті бағыттауыштар бойынша итеру арқылы тасымалдайтын құрылғы.
ҚАЛЫПТЫ ТЕЖЕГІШТІ РЕТТЕУ – ажырату кезінде барабан мен тежегіштің қалыптарының арасындағы саңылаудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы.
ҚАРСЫ САЛМАҚ – машина мен механизмдерде әсер етуші күштерді және күштер моменттерін теңгеруге арналған жүк.
КӨТЕРГІШТІҢ МЕХАНИЗМІ – жүктік платформаларды (алаңдарды, кабиналарды) қатаң тік немесе көлбеу бағыттағыштардың бойымен тасымалдауға арналған құрылғы. Көтергіштерде әртүрлі жүк көтергіш құрылғылар (лебедкалар, гидроцилиндрлер, арқанды жүргізуші шкивтер) қолданылады.
КРАН – жүкті қармаушы құрылғымен ұсталып тұрған затты кеңістікте көтеруге және жылжытуға арналған циклды жұмыс істейтін машина.
ҚҰРЫЛҒЫ – 1) қандайда болмасын түсінікке (машина, механизм, агрегат, торап, қосылыс, буын) арналған жалпы атау; 2) машинадағы және механизмдегі тораптар мен буындардың орналасуы және өзара байланысы.
ҚУАТ – жұмыстың уақыт интервалына қатынасына тең болатын энергиялық сипаттама. Қуат Р күш векторының осы күштің тіркелу жылдамдығына скалярляқ көбейтіндісіне тең: , α – мен арасындағы бұрыш.
Т моментінің әсерінен бұрыштық жылдамдықпен айналатын денелер үшін қуат .
Қуат Вт және кВт өлшенеді: 1 Вт=1Дж/с=1Н·с (1Вт≈0,102 кгс·м/с; 1кВт≈1,36 л. с.).
МАНИПУЛЯТОР (франц. manipulateur, лат. manipulus – бір уыс, manus – қол) – , оператордың қолының функциясын және қозғалысын қайталауға арналған жұмыс органы бар қашықтықтан басқарылатын және бағдарламалық құрылымы бар механизм. Манипулятор келесі негізгі бөлімдерден тұрады: қармау құрылғысы, жетекші кинематикалық жұбы бар кинематикалық тізбек және басқару жүйесі.
МАНИПУЛЯТОРДЫҢ ЖҰМЫС АЙМАҒЫ – манипулятор жұмыс істегенде оның жұмыс органы (қармау құрылғысы) орналасатын кеңістік. Еркін кеңістікте жұмыс органын берілген нүктеге орналастыру үшін үш еркіндік дәрежесі жеткілікті. Тағы үш еркіндік дәрежесі манипуляторды объектінің керек жағына орналастыруға үшін қажет.
МАНИПУЛЯТОРДЫҢ ИКЕМДІЛІГІ – манипулятордың жұмыс кеңістігінде кедергілерді айналып өту қабілеттілігі. Икемділік қармау құрылғысының қозғалмаған жағдайында еркіндік дәрежелерінің санымен және буындардың орналасу жағдайының мүмкіншілік варианттарының санымен сипатталады.
МАШИНА (франц. machine, лат. machina) — физикалық және ой еңбегін жеңілдету немесе ауыстыру үшін энергияны, материалдарды және ақпараттарды түрлендіруге арналған механикалық қозғалысты жасайтын құрылғы.
МАШИНА-АВТОМАТ – энергияны, материалдарды және ақпараттарды түрлендіруді адамның көмегісіз орындайтын машина.
МЕХАНИЗАЦИЯ – қол еңбегін машиналармен және механизмдармен ауыстыру; адам қызметінің әртүрлі облыстарына, соның ішінде, ой еңбегінде техникалық құралдарды енгізу.
МЕХАНИЗМ — бір немесе бірнеше қатты денелердің қозғалысын басқа денелердің қажетті қозғалысына түрлендіруге арналған денелер жүйесі.
МӨЛШЕРЛЕГІШ – материалдың берілген массасын немесе көлемін автоматты өлшегіш құрылғы.
Мөлшерлегіш оқтын-оқтын немесе толассыз жұмыс істей алады.
ПАКЕТТЕУШІ – бұйымдарды қоймаға кіргізуге арналған құрылғы.
ПОЛИСПАСТ (грек. polyspaston, polyspastos – көптеген жіптермен немесе арқандармен тартылатын) – жылжымалы және жылжымайтын шығырларды бірнеше рет айналып өтетін икемді байланыс арқылы жүкті көтеруге немесе жылжытуға арналған құрылғы.
ПОРТАЛЬНОГО КРАНА МЕХАНИЗМ – жүкті тасымалдауға немесе порттық кранды жылжытуға арналған құрылғы.
РОБОТ (чех. robot, robota – еріксіз еңбек, rob – құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап тапқан сөз, ол оған «жұмыста шебер адам» мағанасын берген) – адамға ұқсас (адам пішінді) мінез-құлықы бар машина. Ол қоршаған ортамен әрекеттесуде толық немесе жарым-жартылай адам функцияларын орындайды.
Ең көп таралған робот – манипулятор мен қайта программаланған құрылымы бар атқарушы құрылғыдан құрылған автоматты машина – өнеркәсіптік робот.
СКИПТІ КӨТЕРГІШТІҢ МЕХАНИЗМІ – көлденең рельстер бойынша тасымалдауға және жолдың шетінде материал салынған ыдысты төңкеруге арналған құрылғы.
ТАЛЬ (голл. talie) – лебедка мен арбьашадан тұратын аспалы жүк көтергіш құрылғы.
ТАСПАЛЫ РЕВЕРСТІК ТЕЖЕГІШ – цилиндрлі шкивті қамтыған икемді таспа түріндегі тежегіш. Бұл тежегіш шкивтің кез келген бағытында тежей алады.
ТЕХНИКА (грец. techne – өнер, біліктілік) — өндіріс процестерін іске асыруға және қоғамның өндірістік емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған адам іс-әрекетінің құралдарының жиынтығы.
ТОРМОЗ (грец. tormos – дөңгелектің айналуын жібермейтін шегені орнатуға арналған тесік) машинаның жылдамдығын кемітуге немесе толық тоқтатуға арналған құрылғы.
ТОРМОЗ ГРУЗОВОЙ – жүк көтергіш машина білігінің айналуын болдырмайтын құрылғы.
ТРАНСМИССИЯ (лат. transmissio – асу, тапсыру, беру) – айналуды қозғалтқыштан энергия тұтынушыларына беруге арналған құрылғы. Әдетте трансмиссия деп бір қозғалтқыштан бірнеше тұтынушыларды параллель немесе араластырып қосуға арналған күштік берілісті түсінеді.
ШАППАЛЫ МЕХАНИЗМ – буындардың салыстырмалы қозғалысы бірақ бағытта болатын, ал екінші бағытта буындардың элеменеттерінің қысылуының арқасында қозғалыс мүмкін емес.
Бұл механизмді жүк көтергіш машиналарында ұстап тұрғыш құрылғы ретінде, сонымен қатар, периодты айналу қозғалысын беретін берілістерде – тербелмелі қозғалысты бір қатарлы қозғалысқа түрлендіретін құрылғыларда және т. б. қолданады.
ШЫНЖЫР – жүктерді көтеруге және түсіруге, сонымен қатар, шынжырлы конвейерлер мен шынжырлы берілістерде қозғалысты беруге арналған көп буынды икемді байланыс.
2. Дәріс сабақтарының тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны.
Дәріс 1. Кiрiспе. ТТТҚ жұмыстарын механикаландыру – еңбек өнiмдiлiгiн асырудың және өнiмнiң өзiндiк құнын азайтудың негiзi.
Механикалық құралдардың мақсаты мен маңызы.
Дәріс жоспары:
1. Кiрiспе.
2. Механикалық құралдардың мақсаты.
1. Барлық өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыстары үлкен мөлшерде шикізаттарды және дайын бұйымдарды тасымалдаумен байланысты. Өнеркәсіптің кейбір салаларында тиеп-түсіру жұмыстарын орындауға қажет еңбек шығындарының үлесі 30-50%.
Жүктерді тасымалдау және сақтауды механикаландырудың артықшылықтары: жұмысшыларды ауыр физикалық жұмыстардан босатып, дайын бұйымдарды көбейту үшін оларды технологиялық процесстерге жұмсау мүмкіншілігі және азық – түлік жүктерінің шығындарын азайту.
Тамақ өнеркәсібінде барлық негізгі технологиялық процесстер механикаландырылған және де кейбір операциялар автоматтандырылған. Бірақта жүктерді тасымалдауда қосымша операциялары механикаландырылмаған, сондықтан бұл жерде көптеген жұмысшылар пайдаланылады.
2. Өндірістегi көтеріп - тасымалдайтын машиналар екі үлкен топқа бөлінеді: өндірістің сыртқы жұмыстарын атқаратын машиналар және ішкі көлік.
Сыртқы көліктерге магистралдық түрлер жатады: темір жол, су жолдары, автокөлiк, құбырлар арқылы жүргізілетіндер.
Ішкі көлікке өндіріс аймағының iшiнде жұмыс істейтін көтеріп - тасымалдау машиналары жатады. Олар цехаралық және цехтік көлiк болып бөлінеді. Цехаралық көлiк цех пен қоймалар арасындағы және цехтер арасындағы тасымалдау жұмыстарын қамтамассыз етеді. Цехтік көлiк сол цехтер ішіндегі тиеп-түсіру және тасымалдау жұмыстарын механикаландыруға арналған.
Тиеп-түсіретін машиналар аса қауіпті машиналар қатарына жатады, сондықтан оларды жобалауға, орнатуға және күнделікті пайдаланылуына өте қатал талаптар қойылады. Ол талаптар мемлекеттік стандартқа МЕСТ 12.2022-80 еңгізілген.
Қажетті әдебиет:
Зуев Ф.Г. Левачев Н.А.,Лотков Н.А. Механизация ПРТС работ- М., Агропромиздат,1988 г.,с.447
Александров М.П. и др. Подъемно-транспортные машины М., “Высшая школа”, 1985г.
Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М. «Тиеп-түсіру, тасымалдау және қойма жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.
Дәріс 2. Үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналар туоалы жалпы мәлiметтер. Жiктелуi. Есептiк жүктелулер. Тарту органы бар конвейерлер. Оларды есептеудiң жалпы әдiстерi.
Дәріс жоспары:
1. Үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналар туоалы жалпы мәлiметтер..
2. Таспалы конвейерлер. Жалпы мәлiметтер.
1. Үздіксіз жұмыс істейтін немесе тасымалдағыш машиналар жүкті белгіленген бір бағытта, тоқтаусыз тасымалдайды. Оған конвейерлер, үздіксіз жұмыс істейтін тиегіш машиналар, қосалқы құрылғылар және тағы басқалар жатады. Бұл машиналар келесі критериилер бойынша топтасады: жұмыс принципі, қолдану аймағы, құрылымы, икемді органның түрі, тасымалданатын жүктердің түрі және мақсаты бойынша.
Жұмыс принципі бойынша – тасушы және қырғышты. Тасушы конвейерлерге таспалы, төсемді, арбашалы, шөмішті, бесікті, аспалы конвейерлер жатады. Қырғышты конвейерлерде тасымалданатын жүк науа еденінде сырғып жылжиды.
Қолдану аймағы бойынша – жалпы мақсатқа арналған және арнаулы машиналар. Жалпы мақсатқа арналған машиналар халық шаруашылығының барлық немесе бірнеше салаларында қолданылады. Мұндай машиналарға, мысалы, таспалы конвейерлер жатады. Арнаулы машиналар шаруашылықтың бір саласында ғана қолданады, мысалы, таулы өнеркәсіпте жер астындағы қырғышты конвейер.
Құрылымы бойынша – икемді тарту органы бар және икемді тарту органы жоқ. Икемді тарту органы бар машиналарға таспалы, төсемді, арбашалы, шөмішті, бесікті, аспалы, қырғышты конвейерлер және элеваторлар жатады. Ал икемді тарту органы жоқ машиналарға бұрандалы, адымдаушы конвейерлер және айналатын тасымалдағыш құбырлар жатады.
Икемді тартқыш орган бойынша – таспа (таспалы конвейерлер, таспалы элеваторлар), шынжыр (төсемді, қырғышты, аспалы, арбашалы, шөмішті, бесікті конвейерлер, шынжырлы элеваторлар), арқан (таспалы-арқанды, аспалы арқанды конвейерлер) түріндегі икемді тартқыш органдары бар конвейерлер.
Тасымалданатын жүктердің түрі және мақсаты бойынша – үйме жүк (таспалы, төсемді, шөмішті, қырғышты, бұрандалы конвейерлер, элеваторлар, тасымалдағыш құбырлар), дана жүк (таспалы, төсемді, арбашалы, бесікті, аспалы, шығыршықты конвейерлер, бесікті және сөрелі элеваторлар) және пассажирлер (таспалы және төсемді конвейерлер, эскалаторлар) тасымалдайтын машиналар.
Сонымен қатар, конвейерлер тасымалдағыш және технологиялық болып екіге бөлінеді. Тасымалдағыш конвейерлер жүкті бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайды.
Үйме және дана жүктерді тиеп – түсіру операцияларында тиегіш машиналар қолданылады.
Бір барабанды жетекте жетекші барабанға келе жатқан тармақ пен барабаннан кетіп бара жатқан тармақтың арасындағы өзара қатынас келесі байланыспен анықталады:
Жетекші барабанның беретін тарту күші:
2. Таспалы конвейер деп тасушы және тартушы органы икемді таспа болатын ең көп таралған үздіксіз жұмыс істейтін машинаны айтамыз.
Таспалы конвейерді үйме және дана жүкті кіші, орта және үлкен қашықтықтарға көлденең және жайпақ көлбеу бағыттарда тасымалдауға қолданады. Бұл конвейер халық шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейді.
Артықшылықтары: қозғалу жылдамдығын (6...8 м/с) және таспа енін көбейту арқылы конвейердің өнімділігін 20000 және 30000 т/сағ асыруға болады; күрделі трассалармен тасымалдау мүмкіншілігі; кейбір конвейерлердің ұзындығы 3...5 км-ге дейін жетеді; құрылымының және іске қосылуының қарапайымдылығы; конвейер жұмысын бақылаудың ыңғайлылығы; басқаруды автоматтандыру мүмкіншілігі; сенімділігі жоғары.
Кемшіліктері: жабысқақ, ыстық және ауыр дана жүктерді және көлбеу бұрышы 18...200 асқан кезде тасымалдауға жарамсыз.
Таспалы конвейерлердіњ жіктелуі:
орналасқан орны бойынша – стационар мен жылжымалы, қозғалмалы мен тасымалды және су үстіндегі.
құрылымы мен мақсаты бойынша – жалпы мақсатқа қолданылатын (МЕСТ 22644-77 ... МЕСТ 22647-77) және арнаулы, жер астындағы, тамақ, ұн-жарма (крупа) және құрама жем, прибор жасау, радиотехника және жеңіл өнеркәсіптері үшін.
таспа түріне байланысты – резеңкеленген, болатты тұтас прокатты және сым таспалы конвейерлер.
резеңкеленген таспаның құрылымы және тіректі жүріс құрылғысы бойынша – таспа жүк тасушы және тартушы орган болатын конвейерлер, таспалы – арқанды, таспалы – шынжырлы (мұнда таспа тек жүк тасушы элемент, ал тартушы элемент – арқан немесе шынжыр).
трасса профилі бойынша – көлденең, көлбеу және құрама: көлбеу-көлденең, көлденең-көлбеу, бір немесе бірнеше майысуы бар және күрделі трассалы.
Таспалы конвейерлер жетекші және кергіш барабандар орнатылған рамадан тұрады. Тұйықталған таспа екі барабанды айналып өтеді. Екі барабанның ортасында таспаны ұстап тұратын тірек шығыршықтары (үстіңгі, астыңғы) бар. Бұл тіректер рамаға бекітілген. Жетекші барабан жетек арқылы қосылып, таспаны қозғалысқа әкеледі.
Құйғыш (варонка) арқылы таспаға жүк түседі. Жүк үстіңгі жұмыс тармағымен тасымалданады, ал астыңғы тармақ - қайтарушы тармақ. Жүк барабанға жетіп, түсіру құйғышы (варонка) арқылы (кейбір жағдайларда аралық учаскелерде жүкті түсіру үшін плужок 3 немесе барабанды түсіргіш қолданылады) түсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |