Түсінік хат Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар



бет1/2
Дата12.04.2024
өлшемі24.35 Kb.
#498512
  1   2
1 сынып (1)



Түсінік хат
Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық» (1- сыныптан басқа), «Информатика» пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады.
1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда сынып бөлінбейді.
Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17,5 сағатты;
1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап аптасына 1 сағаттан оқытылады.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген
№ 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4- қосымша) өзгерістер енгізілді).
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған.

«Цифрлық сауаттылық», «Информатика» пәндері бойынша оқулықтар тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 286 бұйрығымен бекітілген.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет