ДӘРІС № 16
MICROSOFT EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІН ҚҰРУ
Жоспар
-
Excel программасын іске қосу
-
Бағаналар ені мен жолдар биіктігін өзгерту
-
Ұяшықтағы мәліметтерді түзету
1. EXCEL ПРОГРАММАСЫН ІСКЕ ҚОСУ
Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан шартбелгіні (пиктограмма) тауып ,оны тышқанмен 2 рет шерту керек. Ол Excel программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында терезе шығады (программаны баптауа байланысты өзгеруі ықтимал.)
Енді осы стандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналысқан.
Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.
Екінші жол – Excel менюі.
Үшінші және төртінші жолдар – Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы.
Бесінші жол – енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондың кестенің жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы – қалып-күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторын – "Дайын"(Готов) деген сөзді көрсетеді.
2. БАҒАНАЛАР ЕНІ МЕН ЖОЛДАР БИІКТІГІН ӨЗГЕРТУ
Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі. Әр бір ұяшықтын бағана әрпімен жол нөмірнен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 - жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Ағымдағы ұяшық – көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс - әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.
Бағаналар ені мен жолдар биіктігін өзгерту. Бұл әректтерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады. Тышқандар пайданалар кезде оны сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе жолдар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме 2 тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналғанда тышқанның сол жақ батырмасын басып, бағананы немесе жолды тарту (сығу) керек.
Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгертілуге тиіс бағаналарды (жолдарды) ерекшелеп алып, Формат – Жол – Мөлшер ( Размер) немесе Формат – Бағана – Мөлшер (Размер) командаларын орындау керек.
3. ҰЯШЫҚТАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ТҮЗЕТУ
Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегі мен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшық қа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.
Мәліметтерді енгізуді анықтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін Ғ2 пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасында алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең соныңда Enter пеернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.
Жолдармен, бағаналармен, блоктармен операциялар орындау
Бұл операциялар алмастыру буферінің (қиып алу, көшіру, кірістіру) көмегімен, сондай–ақ тышқан тетігінің көмегімен де меню арқылы орындалады.
Орын ауыстыру. Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға ауыстырғанда Нені және Қайда орналастыратынымызды айқындап көрсету қажет. Орын ауыстыруды орындау үшін ұяшықты немесе блокты (Нені ауыстыру керек) ерекшелеп аламыз да оған тышқан курсорын алып барамыз, сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Сонаң соң ерекшеленген блокты не ұяшықты тышқан мен іліп алып, мәліметтерді Қайда орналастыру керек болса сол орынға алып барамыз.
Көшірме алу. Көшірме алу кезінде түп нұсқа (НЕ) мәлімет өз орында қалады, ал басқа орында (ҚАЙДА) оның көшірмесі пайда болады. Көшірме алу операциясы орын ауыстыру тәрізді бірақ Ctrl пернесі басылу кезінде тәрізді орындалады.
Плюсті толтыру әрекеті арқылы көшірме. Курсорды ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне алып барсақ, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп аталады. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру орын ауыстыру сияқты орындалады, бірақ бұл сәтте курсор ұяшықтың немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс (қара плюс түрінде ). Толтыру негізінде бастапқы ұяшықтағы немесе блоктағы мәлімет ( НЕ ) тышқанның батырмасын басып тұрып бірнеше рет қайталанады. Ол әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.
Жою, тазалау. Егер ұяшықтар мен блоктардағы мәліметтерді (сандар, текстер формулалар ) жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяшықтарды тазалау үшін оларды ерекшелеп алып, Түзету – Тазалау ( Правка – Очистить ) командасын орындау керек. Сол сәтте шығатын ішкі менюде нақты нені: мәліметтерді, безендіру, элементін, ескертуді немесе бәрін бірдей тазалау керектігін көрсету керек.
Бағаналарды, жолдарды және блоктарды жою үшін, алдымен қажетті элементті ерекшелеп алып, содан кейін Түзету – Жою ( Правка – Удалить ) менюін пайдалану керек. Жойылған объектілер орны бос қалмай, төменгі жолдағы немесе оң жақтағы бағаналар мәліметтер жоғары не солға жылжып, сол орындарды толтыру.
Ал, егер мәліметтері жойылып, орындардың бос тұрғанынқалау (ұяшықтарды қалдырып мәліметтерді жою ), Түзету – Тазалау (Правка – Очистить ) командасымен жүзеге асырылады.
Электрондық кестені толық жою, Файл – Жабу ( Файл – Закрыть ) командасын орындап, шыққан сұқбат терезесіне " Жоқ "деп жауап беру керек.
Excel – де өздігінен автоматты түрде толтырылатын функция бар, ол кейбір белгілі тізбектерді жылдам енгізе алады (апта күндері, ай, жыл мезгілдері т.б. ) Мысалы, бірінші торға " Дүйсенбі" сөзін енгізсек, келесі торға "Сейсенбі", одан кейінгісіне "Сәрсенбі" т. С. с. сөздер өздігінен енгізіледі, ай аттары да "Қаңтар" енгізілсе, "Ақпан", "Наурыз " т. с. с. болып шыға келеді (бұларды тізім ретінде алдын ала кестеге кіргізіп қою қажет ) . Сол сияқты 1998 ж. Енгізсек, келесі торлар 1999 ж. , 2002 ж. болып толтырылады.
Жұмыс кітабымен іс- әрекеттер орындау Файл менюінен мынадай командалар пайдалынады:
Сақтау (Сохранить) - кейін пайдалану үшін файл түрінде жұмыс кітабын дискіге жазып сақтайды.
Қалай сақтау (Сохранить как .... ) – Сақтау командасына ұқсас, бірақ файлдың атын өзгертіп кітапты басқа дискіге жазуға мүмкіндік береді.
Жабу (Закрыть) – құжатты экраннан алып, оны жауып тастайды.
Жасау (Создать) – жаңа жұмыс кітабын даярлайды (көрсетілген нұсқа негізінде немесе бос кітап).
Ашу (Открыть) – дискіде жазылған жұмыс кітабын экранға шығарады.
Жасау, Ашу, Сақтау әрекеттері Стандартты аспаптар тақтасының сол жақ жоғарғы шетінде орналасқан үш батырмаға бекітілген.
Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.
-
Excel менюімен жұмыс атқару жолдары
-
Excel программасын іске қосу қалай іске асады?
-
Көшірме алу қалай іске асады?
-
Ұяшықтарды қалай жоюға, тазалауға болады?
-
Орын ауыстыруды қалай іске асырамыз?
-
Ұяшықтағы мәліметтерді түзетудің амалдары?
-
Формулаларды, сандарды және мәтінді қалай енгіземіз?
-
Ұяшықтардағы мәліметтерді редакторлеу дегеніміз не?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
-
В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 303-312 беттер
-
«Информатикадан 30 сабақ» 257-308 беттер
Достарыңызбен бөлісу: |