Дәріс 6. 1954-1985 жж. саяси және экономикалық реформалардың қайшылықтары менсалдары
1.Сталиннің жеке басына табынушылықты сынау.
2. Хрущевтың реформалары.
3. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.
4. 60 ж. ортасы мен 80 жж. ортасына дейінгі экономикалық және әлеуметтік-саяси қайшылықтың тереңдеуі.
Мақсаты:1954-1985 жж. саяси және экономикалық реформалардың қайшылықтары менсалдары жан-жақты қарастыру.
Түйін сөзер – партия, съезд, реформа, тың, тыңайған жерлерді игеру, шаруашылық есеп, ведомастволық басқару.
1. КОКП-ның ХХ съезі (1956 жылғы 14-25 ақпан) Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап және әшкерелеп, өкіметтік билікті пайдалануда жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушіліктерді жоюдың шараларын белгіледі. Осы съезден кейін Қазақстанның бірқатар мемлекеттік қайраткерлері С.Асфендияров, О.Жандосов, О.Исаев, Л.И.Мирзоян, С.Меңдешов, М.Масанчи, Н.Нұрмақов, А.Розыбакиев, С.Сейфуллин есімдері қайта қалпына келтірілді.Сталин қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде социалистік қоғамның қайшылықтары, олардың мәні, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының орны, теория мен практиканың арақатынасы сияқты іргелі мәселелерді талқылауға жол ашылып, баспасөзде пікірталас орын алды.
Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі біршама босаңси бастады. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, М.Әуезов елге оралды. 1955 жылы Д.А.Қонаев Министрлер Кеңесінің төрағасы болып бекітілді. Қ.И.Сәтбаевты қайтадан республика Ғылым Академиясының президенттігіне ұсынды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кеңес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудакты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердің, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
2. 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері
1957 жылғы реформаның кемшіліктері:
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.
Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.
Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
3. Соғыстан кейінгі жылдар ауыл шаруашылығы үшін ауыр болды. Түрлі себептерге байланысты Қазақстанда ауыл шаруашылығының мүмкіндіктері жөнді пайдаланылмай келді. Тіпті ауа-райының қолайлы болған жылдарының өзінде ол не бары 100-150млн пұт (шамамен 1,6-2,4 млн т) қана тауарлы астық өндіретін. 1953 жылдың аяғында тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлері көп Орал, Сібірмен бірге Қазақстанның да аты аталып жүрді. Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді деп санаған республика партия ұйымының басшылары орнынан алынды. Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына, біраз уақыттан кейін бірінші хатшының өзі болып сайланған Л.И.Брежнев отырғызылды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды. Онда 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн гектарға арттыру, ол жерлерден 1100-1200 пұт астық, соның ішінде 800-900 млн тауарлы астық алу көзделді. Тың игеру жөніндегі бұл шешімді қазақстандықтар мақұлдап, қуаттайтындықтарын білдірді. Тың игеруге шет жерлерден ғана емес, республиканың өз ішінен де адамдар тартылды. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауылшаруашылық механизаторлары еді. Тың игеру науқанына келгендер барар жеріне дейін тегін көшірілді. Әр отбасына 500-1000 сомнан, оның әр мүшесіне 150-200 сомнан бір мезеттік көмек көрсетілді. Үй салу (оның 35 пайызын мемлекет өз мойнына алып), мал сатып алу үшін несие берілді. 1954 жылдан бастап егіске жарамды жерлерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ол жұмыстарға Мәскеудің, Ленинградтың, Украинаның топырақ зерттеуші ғалымдары, ботаниктері, гидрогеологтары қатысты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда 2 мың кило астық өндіретін дәрежеге жеттіАстық өндіру экстенсивті әдістермен жүргізіле берді. Жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін орасан зор аумақтар жыртылып, экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Топырақ эрозиясы күшейіп, жердің құнарлы қарашірік (гумус) қабаты желге ұшты. Миллиондаған гектар жерді жырту, елді мекендер салу мал жайылымдарын және жем-шөп дайындайтын алқаптардың ауқымын тарылтты. Инфрақұрылым жүйесіне де мыңдаған гектар жарамды жер бөлінді. Осылайша дәстүрлі мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады.
Мал шаруашылығының жайына келсек, 50-жылдары мал шаруашылығының жағдайы ауыр болды. Оның басты себебі әкімшіл-әміршіл жүйенің ауыл шаруашылығын жүргізудегі сауатсыз әрекеттері еді. Мал шаруашылығының материалдық-техникалық жабдықталуы өте төмен деңгейде қала берді. Соғыс жылдарындағы қиындық, тың игеруге байланысты жайылым мен шабындықтың тарылуы бұл саланың дамуына тежеу болды.Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиянын келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып, малдың саны кеміді.Әсіресе түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың эпопеясы экологиялық мәселеде өзінің теріс жағын көрсетті. Жер жырту салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының жеңіл топырақты аймағы ғана емес, ауыр топырақты жерлері де қамтылды. 1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады. Бұл сол кездегі Франция сияқты елдің бүкіл ауыл шаруашылық жер көлеміне тең еді. Рас, мұнан кейін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі жерді қайырымсыз түрімен жырту тәсілін жасады.
1964 жылы КОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партиябасшылығы ауысты. Пленум Н.С.Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И.Брежнев, үкімет басына А.И.Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүргізілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-і Пленум өткізді. Онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жағынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бері жоғары керсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бесжылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.
4. Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 60-жылдардың ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреді. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдары бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық-әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан КСРО-ға ең жақын деген мемлекеттер де социализмнің кеңестік жолынан бас тарту пиғылдарын білдіре бастады. Дамудың жаңа бағытына ойысуға деген құлшыныс 1968 жылы Чехославакияда болған оқиғалардан айқын көрініс берді. Бұл елдегі оқиғалар партияны жаңартуға, қатып-семіп бара жатқан қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар үлгісін көрсетті. 70-жылдардың екінші жартысында социализмнің кеңестік нұсқасынан бас тарту шын мәніндегі демократиялық қоғам орнату жолындағы Польшада болған ірі саяси оқиғалар бүкіл қоғамда революциялық қайта құрулар жүргізуге ұласты. Сол жылдардың өзінде батыл саяси қадамдар жасаған “Ынтымақ” қоғамдық ұйымы бұл елдің 80-жылдардағы дамуына айтарлықтай ықпал етті.
1965 жылғы реформалар 70-жылдардың басында-ақ өзінің позицияларынан айрыла бастады.Қол жеткен деңгейден одан әрі өрлеу барған сайын қиындады, әрі күрделене түсті. Оған өндірілетін өнімді қымбаттату есебінен ғана жету мүмкін еді.Сөйтіп оның әр түрлі амалы іздестірілді. Атышулы жалпы өнім шығару әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық өрісін жайлап алды.Жағдай осылай мүмкін бола тұрса да Н.С.Хрущевтің кезіндегідей, енді Л.И.Брежневті дәріптеу барған сайын кең өріс алды. Қызметі мақталған сайын наградалар да қардай борады, олардың саны жағынан ол бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген деңгейге жетті. Сол кездегі Одақтың тарихында Брежнев тұңғыш рет бейбіт уақытта маршал атанды.Төрт Кеңес Одағы Батырының, Еңбек Ерінің алтын жұлдыздарын омырауына қадады.
Бақылау сұрақтары:
1. «Кемелденген социализмнің» Конституциясы қай жылы қабылданды?
2. Не себептен Брежневтік басқару жылдары тарихқа тоқырау жылдары деген атпен енді?
3. Тоқырау жылдары қоғамдық ғылымдардың жағдайы қандай болды?
Достарыңызбен бөлісу: |