ДӘРІС 2
Жүйелер теориясының терминологиясы. Ақпараттану жүйелерінің түсінігі.
Дәрістің мақсаты: әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдері мен әдістерін үйрену қажет.
Түйінді сөздер: Ақпараттық жүйе, жүйелік үйлесім, жүйелік анализ, логикалық модель, экономикалық ақпараттық жүйе, жобалау.
Дәрістің жоспары: Ақпараттану жүйелерінің түсініктері. Ақпараттық жүйелердегі процестер.
«Ақпараттық жүйелерінің негізі» курсында ақпараттық үрдістердің негізгі модельдерімен танысу, ақпараттық үрдістерді физикалық және арна деңгейінде ұйымдастыру, әр түрлі ақпараттық жүйелерді құрастырудың қазіргі әдістері мен модельдері қарастырылады.
Пәннің мақсаты әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдер мен әдістерлі жасаудың арнайы білімдерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Мысал. Әр түрлі элементтерден тұратын бірнеше жүйелерді қарастырайық.
1-кесте
Жүйе
|
Жүйе элементтері
|
Жүйенің басты мақсаты
|
Фирма
|
Адамдар, құрал-жабдықтар, материалдар, ғимараттар және т.б.
|
Тауарларды өңдіру
|
Компьютер
|
Электрондық және электромеханикалық элементтер, байланыс линиялары және т.б.
|
Мәліметтерді өңдеу
|
Телекоммуникациялық жүйе
|
Компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік программалық қамтамасыз ету және т.б.
|
Ақпаратты беру
|
Ақпараттық жүйе
|
Компьютерлер, компьютерлік желілер, адамдар, аппараттық және программалық қамтамасыз ету
|
Профессионалды ақпаратты өндіру
|
«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |