ДӘріс №20 тілдің Қарапайым қҰрылымдарымен жұмыс жоспар Цикл операторлары



Дата21.06.2016
өлшемі53.5 Kb.
#151536





ДӘРІС №20

ТІЛДІҢ ҚАРАПАЙЫМ ҚҰРЫЛЫМДАРЫМЕН ЖҰМЫС
Жоспар

1. Цикл операторлары


Цикл операторлары

Көп жағдайларда аргументтердің әр түрлі мәндері бойынша алгоритмнің белгілі бөліктерін немесе алгоритмдік тілдің бірнеше операторлар тобын бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымы бар алгоритмдер, қысқаша , қайталанушы алгоритмдер операторлар пайдаланылады. Қайталанушы бөліктер әр түрлі заңдылықтар, ережелер бойынша құрастырылады.

Паскаль тілінде қайталау процесін үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады.:


  • алдын ала берілген шарт бойынша алғышартты цикл операторы;

  • келесі шарт бойынша қайталауды ұйымдастыратын соңғышартты цикл операторы;

  • параметрдің мәні бойынша қайталауды ұйымдастыратын параметрлі цикл операторы.

Қайталаудың қай-қайсысын алсақ та , олар қайталау операторының көмегімен жүзеге асырылады. Қайталау операторы құрама оператордың қатарына жатады.
Цикл операторларының айнымалылары цикл бөлігіне дейін анықталуы керек. Алғышартты цикл операторы циклдің қайталану саны белгісіз болған жағдайда қолданылады.Алғы шартты цикл операторының жазылу түрі:


WHILE_ЛОГИКАЛЫҚ ӨРНЕК_DO

BEGIN


Бағдарламаның циклдік бөлігінің операторлары


END.


Мұндағы WHILE (әзірше) және DO (орындау) қызмет сөздері. Цикл операторы мына түрде орындалады. Алдымен логикалық өрнек мәні тексеріледі, ол шын болғанға дейін цикл бөлігінің операторлары орындалады. Жалған мәнге ие болғанда циклден шығу орындалады. Егер де басынан бастап логикалық мәні жалған болса, онда цикл бөлігінің операторлары бірде-бір реет орындалмайды. Алғышартты цикл операторының орындалуына мынадай үзіндіні қарастырайық.

A:=1;


N:=1;

WHILE 2*A<=3*N+1 DO

BEGIN

A:=A+2;


N:=N+1;

END.


2A<=3N+1 шарты шын болғанға дейін, цикл бөлігінің операторлары орындалады: А мәні 2-ге өседі де, қайтадан А айнымалысына меншіктеледі; N мәні 1-ге өсіп, қайтадан N-мен белгіленеді; А және N айнымалылары, сол сияқты логикалық өрнектер бағдарламанаң орындалу барысында келесі түрдегі мәндерді қабылдайды:

А

1

3

5

7

N

1

2

3

4

2А<=3n+1

2<=4

6<=7

10<=10

14<=13

Шарт шын немесе жалған

шын

шын

шын

жалған


Осыдан бағдарламаның циклдік бөлімі үш реет орындалғаны көрінеді:

1) A=1+2=3

N=1+1=2

2) A=3+2=5

N=2+1=3

3)A=5+2=7

N=3+1=4

A=4 және N=7 болғанда логикалық өрнек жалған болып, басқару цикл сыртына беріледі.

Егер қайталаудың денесі бірнеше операторлардан құралса, онда олар BEGIN-END қызмет сөздерінің арасына алынып жазылады.

Мысалы,

WHILE шарт DO

BEGIN


  1. оператор;

  2. оператор;

. . .

N-1-оператор;

N- оператор

END


Ал егер қайталаудың денесі бір ғана оператордан тұрса, онда оны операторлық жақшасыз жазуға да болады.Мысалы:


WHILE логикалық өрнек/шарт/ DO оператор

Егер шарт жалған болса, онда цикл денесі бірде-бір рет орындалмайды. Мысал 1. Айталық а және в сандары берілген екен делік, ал а>1 болсын, в санынан кіші болатын , ... тізбегін құруға бағдарлама жазыңдар.

PROGRAM PROB1;

VAR A,B,C:REAL;

BEGIN


WRITELN(‘а, в – мәндерін енгіз’);

READLN(A,B);

C:=A;

WHILE C

BEGIN

WRITELN(C); C:=C*A



END

END.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет