Дәріс №4 Тақырып: жансыздандыру


Пероральді- ұсақ малдарға шприц, ірі малдарға зонд арқылы ауызға



бет2/4
Дата01.03.2022
өлшемі5.46 Mb.
#455853
1   2   3   4
4 Лекция Наркоз-1

Пероральді- ұсақ малдарға шприц, ірі малдарға зонд арқылы ауызға

  • Қолданылатын заттардың саны бойынша:
  • мононаркоз-бір зат қолданылады;
  • аралас наркоз-бір мезгілде екі немесе одан да көп заттар қолданылады;
  • қосарланған (комбинирлеген) наркоз-операциялардың әр кезеңінде әртүрлі есірткелік заттарды қолдану немесе оларды басқа затпен қосып енгізу (миорелаксанттар, анальгетиктер және т.б.)
  • Наркоздың мынадай түрлерін ажыратады:
  • енгізу наркозы – аз уақыт әсер етеді, әсері тез басталады, қозу сатысы болмайды;
  • негізгі наркоз – операция жасау барысында қолданылады;
  • базисті наркоз немесе беткейлі наркоз-негізгі наркозбен бірге немесе оның алдында анестетикалық зат енгізіледі, ол негізгі есірткелік заттың мөлшерін төмендету үшін жасалады.

Ингаляциялық наркоздың түрлері:

  • Ингаляциялық наркоздың түрлері:
  • Есірткелік қоспаларды енгізу тәсіліне қарай – маскалық және эндотрахеальді болып бөлінеді.
  • Ингаляцилық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді (интубациялық) наркоз жатады. Бұл кезде есірткелік қоспа тікелей кеңірдекке жіберіледі. Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады. Интубация дегеніміз-кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу.
  • Ашық әдіс немесе маскалық –анестетикті атмосферлық ауамен қосып тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысымен шығарады.
  • Жартылай ашық әдіс. Жануар оттегімен қосып, аспап арқылы есірткелік затпен тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысымен шығарады.
  • Жартылай жабық әдіс. Аспап арқылы есірткелік қоспамен тыныс алады және оны жартылай аспапқа, жартылай қоршаған ортаға тынысымен шығарады. Аспапқа қайтадан түскен қоспа адсорбер арқылы өтіп, ондағы көмірқышқыл газынан босап, аспаптың тыныс алу жүйесіне түседі де, есірткелік қоспамен араласып, қайтадан ауру малдың тыныс алу жолдарына енеді. Бұл әдісте анестетиктің мөлшері едәуір аз жұмсалады.
  • Жабық әдіс. Тыныс алу және тыныс шығару аспапта жүзеге асырылады. Бұл әдісте есірткі қоспа толығымен қоршаған ортадан шектелген.
  • Маскалық наркоздың кемшілігі:
  • басқарып отыру қиын;
  • дозасын анықтау қиын;
  • есірткі зат көп мөлшерде жұмсалады;
  • аспирациялық асқынулардың даму қауіпі бар;
  • наркоздың тереңдеуінің салдарынан ауру малға токсикалық әсер етеді;
  • операцияға қатысатын оташыға әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет