Дәріс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы



бет1/3
Дата14.03.2022
өлшемі35.06 Kb.
#456221
  1   2   3
Дәріс тезистері


Дәріс 1. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайында дамуы

1.1 Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсын оқытудың мақсаты құрылымы мен мазмұны;


1.2 Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық жағдайы;
1.3 Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік-аумақтық бөлінуі және экономикалық-географиялық аудандастырылуы.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы еліміздің экономикалық-географиялық жағдайын, табиғат жағдайы мен байлықтарын, халқы мен еңбек қорларын, шаруашылығының салалық құрамын, сыртқы экономикалық байланыстарын, ішкі айырмашылықтарын, халықаралық және аудан аралық еңбек бөлінісіндегі алатын орнын зерттейтін қоғамдық ғылымдар саласына жатады. Оны оқытудың мақсаты ел аумағында өндірісті тиімді орналастыру, шикізат пен отын-энергетика байлықтарын ұтымды пайдалану, қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.




Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсын құрылымы мен оқытатын нысандары
Экономикалық және әлеуметтік география қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих, экономика, әлеуметтанумен; нақты ғылымдардан математика, геодезия, ақпараттану; жаратылыстану ғылымдарынан астрономия, физика, химия, география, геология, биология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Экономикалық және әлеуметтік география мен физикалық география өз ара тығыз байланысты. Олардың ортақ мақсаты - табиғат пен қоғамның, өндірістің даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау. Физикалық география еліміздің табиғатының негізгі ерекшеліктерін қарастырса, экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарының шаруашылықты орналастыру мен дамытуға тигізетін әсерін оқытады.
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы үш ірі бөлімнен тұрады
Дүниежүзi картасындағы Қазақстанның геосаяси орны. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде (40º, 36' 55º, 26' с.е с.е. және 46º 32' ш.б. пен 87º18' ш.б.) орналасқан. Қазақстанның батыс, солтүстiк-батыс және солтүстiк шекаралары Ресей, оңтүстiк, оңтүстiк-батыс шекаралары Түркiменстан (425,8 км), Өзбекстан (2351,4 км) және Қырғызстанмен (1241 км) және оңтүстiк-шығыс және шығыс шекаралары Қытай Халық Республикасы (1782,75 км) арқылы өтедi. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың шақырымдай. Оның 13392,55 шақырымы құрлық, қалғаны Каспий теңізі арқылы өтеді. Оның iшiнде ең ұзыны Ресеймен аралықтағы шекара (7591 шақырым.). Қазақстан 1991жылдың желтоқсан айының 16-да өз тәуелсiздiгiн жариялады. Егемендiк алған Қазақстан мемлекетi Бiрiккен Ұлттар Ұйымына 1992 жылы 2 наурызда мүше болып кiрдi. Қазақстанның тәуелсiздiгiн 115 мемлекет мойындап, оның 100-ден аса елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Қазiр елiмiзде 60-қа жуық мемлекеттер өз елшiлiктерiн ашты. Дипломаттардың басты қызметтерiнiң бiрi — елдер арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды дұрыс жолға қою болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет