Дәріс курсы Инклюзивті білім беру


Жасөспірім жасындағыларға инклюзивті білім мен жыныстық тәрбие берудің ерекшеліктері



бет23/37
Дата21.12.2023
өлшемі268.51 Kb.
#487370
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
2. Жасөспірім жасындағыларға инклюзивті білім мен жыныстық тәрбие берудің ерекшеліктері

Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімдеу болып табылады. Еліміздегі оқу орны тәрбие, орта білім,кәсіптік-техникалық білім және жоғарғы білім беру жүйелеріндегі қазіргі уақыттағы негізгі бағыттардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы білім алып, кәсіптік даярлықтан өтуі үшін кедергісіз орта құру болып табылады. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. ҚР білім беру жүйесінің әлсіз жақтары ретінде инклюзивті білімнің нашар дамуы сипаттала отырып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі адамдардың көбеюі атап көрсетілді. «Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен (БҰҰ) мақұлданып, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады. Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың жалпы білім беретін Оқу орындарындагі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде адамдар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар. [9]


Адамдар мен жасөспірімдерге арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті білім беру тек жас ұрпаққа білім берумен ғана шектелмей, олардың басқа адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар қоғамда тең құқылы адам ретінде өз отбасын құруына, соның ішінде жыныстық тәрбие алуына да мүмкіндік беруі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға инклюзивті білім беру бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасау, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесін әзірлеу, түрлі кемістігі бар адамдар үшін бірігу нысандары анықтау, мүгедек адамдарға қашықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірлеу жұмытары жолға қойылған болатын. Осылайша, Қазақстан Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі толық енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы саны 70%-ға ұлғаяды; мүгедек адамдар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан - 20%; инклюзивті біліммен қамтылған адамдардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі адамдардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік отбасы мәселелері, экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін оқу орындарында ондай адамдар мен жасөспірімдер аз емес.
Адамдармен жұмыс жасайтын адамдардың оқу орнының шағынан бастап жасөспірімдік жасқа дейінгі жыныстық дамуы туралы базалық білімінің болуы өте маңызды.
Ересектердің көзімен қарағанда адамдардың көпшілігі жыныстық тұрғыдан белсенді болмай тұрып, яғни, жасөспірімдік шаққа аяқ баспай, жыныстық тақырыптар туралы ойламамағанға дейін-ақ жыныстық денсаулықтары мен жыныстық дамудың құрылымдық блоктары балалық кезеңде жүзеге асады.
Барлық адамдар даму барысында басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасауы керек және қоғамдық ортада жағдаяттарға сай мінез-құлықты үйлестіруге үйренеді. Кішкене адамдар күнделікті өмірде гендерлік сәйкестендіру, яғни олар ұл немесе қыз бала екендігін түсінуі және гендерлік рольді қабылдау, яғни, ұл немесе қыз балаға сай әлеуметтік сипаттамаларды игеріп, қабылдауы үдерістерін басынан өткереді. Сонымен қатар олар қатынастар мен құндылықтар бойынша өз түсініктерін дамытады. Әдетте ересектер бұл нәрселерді жыныстық дамумен байланыстылығы туралы ойламағанымызбен, олар жасөспірімдік пен ересектік шаққа аяқ басқан кезінде дұрыс жыныстық бағдарлануы үшін өте маңызды.
Адамдар мен жасөспірімдер жыныс, жыныстық қарым-қатынас туралы қоршаған ортадағы адамдардың өзара әрекеттерін байқау негізінде үйренеді. Осылайша, «жыныстық мінез-құлық» термині қолданылған кезде бұл жасөспірімнің жан-жақты өсіп, дамуына да тікелей қатысты екендігін түсінуіміз қажет.
Дамуында ақаулығы бар жасөспірімдердің өздері гендерлік рольдерін жақсы түсініп, психикалық денсаулығы сақталған жағдайда жыныстық қатынас туралы да өзіндік түсініктері қалыптасады. Дегенмен, еліміздегі инклюзивті білім беруге соңғы жылдары ғана ерекше көңіл бөлінуіне байланысты тірек-қимыл аппараты бұзылып, толыққанды білім ала алмай және қоғамдық
ортада сирек болуына байланысты олардың гендерлік рольді дұрыс меңгермейтіндігі түсінікті. Бұл олардың қарсы жыныс өкілдерімен адекватты қарым-қатынас орнатып, отбасын құруына кедергі келтіреді. Бұл бағытта адамдардың ата-аналары немесе олардың орнын басушылар алғашқы жыныстық тәрбие берушілер болып табылады. Мысалы, адамдар әдетте өздерінің сену қабілеттерін, алғашқы тұжырымдамаларын және гендерлік қатынастары туралы ақпаратты, базалық сезімдерін ата-анасы немесе олардың орнын басушы адамдармен өзара қарым-қатынасы барысында алып, қалыптастырады. Сондай-ақ балалық кезеңдегі жыныстық білім мен тәрбие беруде оларға күндіз қамқорлық көрсететін персоналдар мен жоғары оқу орынымен мұғалімдері де үлкен роль атқарады. Жоғары оқу орынының орта кезеңінде олар жыныстық рольмен байланысты білімдер мен мінез-құлықты игере бастайды. Жасөспірімдік шаққа аяқ басқан кезеңдерде жыныстық жетілу, жыныстық жолмен берілетін аурулар, олардың алдын алу, өмірге бала әкелу туралы білімдерді меңгере бастайды. Сол себепті үйде оқитын адамдарға сабақ беретін педагогтардың да мұны өз қаперлерінде ұстауы тиіс.
Жасөспірімдерге білім беруде жыныстық мінез-құлыққа дұрыс мән бермеу болашақта кездейсоқ жүкті болу, жыныстық ауруларға шалдығуға алып келеді. Жыныстық белсенділікті тоқтата тұру немесе контрацепцияны қолдану туралы ақпараттарды көбірек берудің де маңызы зор. Сонымен қатар жыныстық адекватты мінез-құлықты қалыптастыратын шараларды да өткізу керек.
Жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең. Бұл кезде жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе түседі. Аңғармай айтылған немесе ретсіз айтылған бір ауыз сөзбен жасөспірімнің ойында тұрған арманы мен қуанышын оп-оңай бұзып жіберуге болады. Жыныс күтімі бала тәрбиесінің бір бөлігі болғандықтан, жыныстық қабілет жетіліп келе жатқан кезде жасөспіріммен айрықша әңгіме өткізу қажет. Мұндай әңгімені адамдың көңіл-күйі жақсы кезде бастап, ата-анасына өнегелі түрде сөйлесу керек. Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн. Оған айтайын деген ақылыңызды бір әңгіме арасында, ыңғайын келтіріп айтуды күні бұрын жоспарлаған дұрыс. Баламен әңгімелескенде өсиет айтудың да, беталды ескертудің де, алдын-ала қорқытудың да қажеті жоқ. Мұндай кеңес жасы үлкен апасының сіңлісіне,
ағасының інісіне айтқан ақылы тәрізді болуы тиіс. 13-14 жасқа келген жасөспірім махаббат мәні, ермен әйел арасындағы қарым-қатынас сияқты бірқатар мәселелерді байқайды. Жыныстық ұстамдылықтың көздейтін мақсаты – ерлі-зайыптылар арасындағы адалдық туралы түсінікті қалыптастыру. Отбасылы болудың түпкілікті екі мақсаты бар, ол бақытты өмір сүріп, бала тәрбиелеу!
Сонымен, сайып келгенде, жыныстық ұстамдылықтың мәні де махаббат пен өзара құрметке бөленген бақытты отбасын құру боп шығады. Сондықтан, балиғатқа толған қыз бен ұлды махаббат пен адал неке жоқ жерде өмірдің сәні болмайтынын түсінетіндей етіп тәрбиелеу керек. Өздері үлгі көрсетпесе, ата-ананың бос сөзі мен әңгімесінен еш пайда жоқ. Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі. [9]
Жас адамдың ерік-күші мен ұялшақтық сезімі, яғни, ары – оның адамгершілігінің сенімді сақтаушысы. Ұялу балиғатқа толмаған жасөспірімнің жабайы түйсіктен тартынып, өзінің мінез құлқына дұрыс бағдар беруіне көмектеседі. Сондықтан, «ұят болады» деген ұғымды адамның жеке басының қадір-қасиеті ретінде адамдың бойында сәби кезінен бастап мықтап қалыптастыру қажет.
Қазақ «қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» дегенді бекер айтпаған. Өзінің іс-әрекетіне толық жауап бере алмайтын жас адамды тек тыйым ғана тоқтатады. «Ата-анасынан тыйым көрмеген бала тағдырдан таяқ жейді» деген тәмсіл де бар.
Адамның кіммен кездесіп, кіммен достасып жүргенін біліп отырған жөн. Жасөспірім шақта бала ата-анасынан психологиялық тұрғыда ажырап, көп уақытын достарымен бірге өткізеді. Және бұл кезде онда еліктеу сезімі өте күшті. Ол қандай ортада болады, алкогольді ішімдік ішіп жүрген жоқ па?
Қандай кітаптар оқиды, қандай сайттарда отырады, қандай телебағдарламалар көреді? Қандай фильмдерге барып жүр? Компьютер ойындарына, ойын автоматтарына әуес емес пе? Мұның бәрін бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс.
Адамның жыныстық жағынан ұстамды болуы үшін оның күнделікті үй шаруасына қолғабыс етуі және оған деген қамқорлықтың орынды болуы маңызды. Мұндай жағдайда оның уақытты бос өткізуге, көп ойнауға, еріншектікке шамасы да қалмайды. Адамды өз-өзін күтуге арналған түрлі міндеттерден босатуға, жұмыс істетпеуге, дырдушыл, ерке етуге болмайды. Бұл адамдың келешекте дұрыс адам боп өсуіне зор нұқсан келтіреді. Жастар арасында кездесетін моральға жат кейбір қылықтар ең алдымен, еңбек арқылы тәрбие ісінің болмағандығынан, қара жұмысқа жирене қарайтын жалқаулықтың салдарынан. Ал бұл арамтамақтыққа және басқа да ауыр зардаптарға әкеп соғады. Психологтар жасөспірімдердің өздерінің жігер-қайратын арттыратын спортпен, музыкамен,басқа да өнер түрлерімен шұғылдануына бағыттауы тиіс.
Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық адамдардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі: Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Адамдар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі Адамдарға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы».Мәселен, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Осыған байланысты қоғам алдына білім алушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда адамдардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Нормативті құжаттар мен актілер: «Адамдар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014 жылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі, Орта білім берудің (Жоғары, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі Адамдарға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: олардың арасында адам құқықтары мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша ұйымының (ЮНЕСКО) басшылығымен қол қойылатын декларациялар мен конвенциялар бар. Олардың арасында Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы (БҰҰ, 1948 ж.), Бала құқықтарының декларациясы (БҰҰ, 1959), БҰҰ-ның «Білім беру саласында кемсітушілікпен күрес туралы» Конвенциясы (1960 ж.), БҰҰ-ның «Ақыл-ойы 7 кешеуілдеген тұлғалардың құқықтары туралы» Декларациясы (1971 ж.), ҚРның Үкіметі 1994 жылы ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы (1989 ж.), Жалпыға бір білім беру туралы дүниежүзілік декларация, Джомтьен, Тайланд (1990 ж.), Дели декларациясы (1993 ж.),БҰҰның мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелері (1993 ж.), Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласында қағидалар, саясат пен практикалық әрекеттер және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша қызметтердің шеңбері туралы Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 ж.), ҚР 20.02.2015 ж.ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы (2006 ж.) бар. Білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлық білім алушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген.
Инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Жоғарыда аты аталған халықаралық құқықтық актілер адамның жынысы, нәсілі, діни, мәдени-этникалық немесе тілдік белгілері, денсаулық жағдайы, әлеуметтік шығу тегі, қашқын мәртебесі болуы және т.б. сипаттары бойынша кемсітушілікті болдырмайтын білім алуға құқықтарын белгілейді. Осыдан ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарында көрсетілген инклюзивті білім берудің анықтамасы туындайды: инклюзивті (кіріктіре) білім беру дегеніміз – барлық адамдар дене, психикалық, зерде, мәдени-этникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты жері бойынша өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мектебінде білім алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда Оқу орындары білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз білім алушыларына қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады.
Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен ұстанымдарға негізделеді:
- әр адам білім алуға құқылы;
- білім беру туылғаннан басталады.
- ерте жаста білім беру ерекше қажет, бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір бойы жалғасады;
- барлық адамдар білім алуы керек;
- әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін;
- әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;
- мектеп, мұғалім, отбасы бала ғана емес, өзге тұлғаларды да оқытуға ықпал етуге жауапты;
- әр түрлі болу табиғи жағдай, ол өте бағалы және қоғамды толықтырып отырады;
- біреуді кемсіте қарым-қатынас құру әрі бұндай мінез-құлық таныту сынға түсу керек.
Адамдарды толеранттылық тән және әртүрлілікті қалыпты жағдайда қабылдайтын инклюзивті қоғамда өмір сүруге дайындау керек;
- мұғалімдер өздерімен өздері өмір сүрмеу керек, олар да үнемі қолдауға мұқтаж. Кіріктіре оқыту сегіз қағидаға негізделеді:
- адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
- әр адам сезіну мен ойлауға қабілетті;
- әр адам қарым-қатынасқа әрі сөзінің тыңдалуына құқылы;
- адамдардың барлығы бір-біріне мұқтаж;
- білім алу нақты өзара қарым-қатынас мазмұнында болуы мүмкін;
- барлық адамдар құрбыларының қолдауы мен достығына мұқтаж;
- білім алып отырған тұлғаларға жетістік ретінде өздері жасай алмайтын емес, жасауға қабілетті әрекеттер саналады;
- әртүрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейте түседі.
Инклюзивті білім берудің қағидалары мен құндылықтарын терең түсіну және қабылдау Қазақстанның педагогтары қауымдастығы мен жалпы қоғамнан тұжырымдарды және мінез-құлық рөлдерін едәуір қайта бағалау үшін белгілі бір уақыт пен күшті талап етеді. Еліміздің арнайы мектептерінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың 13,9%-ы оқиды (Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мәліметтері бойынша).
Қарастырылып отырған адамдардың көпшілігі табысты түрде білім алуға қажетті жағдайлар жасалмаған жалпы білім беру жүйесіне қосылған. Құрамына мүмкіндіктері шектеулі адамдар енген жалпы білім беру мектептерінде арнайы оқу орындарында қолдау түрлеріне барлығын ұйымдастыру қажет. Мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жасау тәжірибесі арнайы білім беру жүйесінен жалпы білім беру жүйесіне өткені дұрыс. Бұл жұмыс елімізде инклюзивті білім беруді дамытудың бағыттарының бірі болуы тиіс. Ол әдетте бөлек қызмет етіп жүрген арнайы және жалпы білім беру жүйелерінің жақындасуын, жалпы білім беру жүйесінің педагогтары мен дефектологтардың ынтымақтастығы, арнайы білім беру ұйымдарына жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті үдерістерді дамыту бойынша ресурс орталықтарының қызметін жүктеу сияқты жағдайларды белгілейді. [10]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет