Мазмұны кіріспе жасөспірім дзюдошылардың дайындығын үлгілеу ерекшеліктері



бет1/19
Дата14.05.2024
өлшемі354 Kb.
#501084
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ДЗЮДО


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ



  1. ЖАСӨСПІРІМ ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ҮЛГІЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

    1. Жасөспірім дзюдошылардың дене дайындығын жетілдірудің педагогикалық негіздері

    2. Дзюдо спорт түрінде жылдамдық - күш дайындығының әдісін жоспарлау

    3. Жасөспірім дзюдошылардың төзімділік қабілетін жетілдірудегі физиологиялық ерекшеліктері



2. ЖАСӨСПІРІМ ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ-КҮШ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ҮЛГІЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері мен әдістерін ұйымдастыру
2.2 Жасөспірімдердің спортқа (дзюдо күрес түрлеріне) бейімділігін анықтау жолдары
2.3 Жасөспірімдердің дзюдо күрес түріне бейімділігін медициналық бақылау арқылы анықтау жолдары


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халықаралық аренадағы жоғары бәсекелестік, жаттығуда күш түсудің үнемі арта түсуі, жарыстағы белдесулердің динамикалығының арта түсуі спорттық жаттықтыру саласында жұмыс істейтін мамандардың алдына оның тәсілдері мен әдістерін одан әрі жетілдіру міндетін қойып отыр.
Спортшыларды, оның ішінде жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеу проблемасы дене қасиеттерін тәрбиелеудің, спорттық жаттықтырудың және бейімділік дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ретте ұлттық жеке жарысқа түсу жүйесіндегі бастапқы даярлықтың ғылыми негізделген әдістемесі жас спортшылардың тактикалық даярлығын және жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелілігінің аса маңызды шарты болып табылады.
Жас спортшыны жаңадан келушіден әлеуметтік маңызы бар жарыстарды жеңіп шығуға қабілетті спорт шеберіне дейін даярлау – көпжылдық, еңбектеніп тер төгуді қажет ететін үрдіс. Өсіп келе жатқан бәсекелестік ең аз материалдық шығындар мен мейлінше аз уақыт кезінде біліктілігі жоғары спортшыны даярлауға ықпал ететін, жаттығудың жаңа және прогрессивті әдістемелерін талап етуде.
Мәселе көпжылдық тактикалық даярлықтың кезеңдерінде спорттық шеберлікті қалыптастырудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды жеке жарысқа түсуге спорттық даярлау процесін басқарудың оптималды жолдарын іздестіруден тұрады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жасалған талдау, тәжірибе мен бақылаулар көрсетіп отырғанындай, бүгінгі күні айтарлықтай көп жағдайларда жаттықтырушының қызметі, ескіріп кеткен ұсыныстарды қолдана отырып, олар жүргізіп отырған жаттықтыру процесінің анық критерийлерінсіз және спорттық жаттықтыруды табысты жүзеге асырудың көбіне көп шұғылданушылардың даярлығына дұрыс бақылау жасауға байланысты екендігін ескерусіз, субъективтік категориялар шеңберінде өрбіп отыр. Осындай жұмыстың нәтижесі болып облыс, аймақ және т.б. құрама командалары үшін толыққанды емес резервтерін қалыптастыру болып табылады. Жас жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеу әдістемесін оны қазіргі техникалық-тактикалық әрекеттерді меңгеруге бағыттайтындай етіп қайта құру керектігін А.Қ Қарақов,
Н.М Шепетюк, Ю.А.Шахмурадов және т.б. зерттеген болатын.
Дзюдошылардың өнер көрсетуі оларға жоғарғы дәрежедегі жарыстарда толық көлемде басымдылық танытуға кедергі келтіріп отырған бірқатар ұйымдық және әдістемелік мәселелерді анықтап, көрсетіп берді.
Жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеу ерекшелігінің ғылыми негізделуі қазіргі спорттың қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді. Дзюдодағы күш салуды, олардың организмге әсерін әсерін зерттеу жөніндегі, сонымен қатар жаттығу әдістемесі жөніндегі зерттеулердің көпшілігі ересек спортшыларда жүргізілді. Практикалық ұсыныстар, әсіресе жас дзюдошылардың дайындығын үлгілеуге қатысты ұсыныстар өте жеткіліксіз жасап шығарылған.
Көптеген зерттеушілер дене жаттығуларының, жастарды рухани тәрбиелеудің, Отанды қорғауға және еңбекке даярлықтың маңызды құралы болып табылатындығын да атап көрсетеді. Біздің жұмысымызда жастардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде маңызды орынды жеке жарысқа түсудің алуан түрлі жүйелері алып отыр. ҚР-сы халықтарының игілігі болып келген тәсілдер – жұдырықтасу, қолмен ұрысу және т.б. белгілі болса да, көп жағдайда бұл жеке сайыстар шығыс пен батыстың әр түрлі елдерінен келген. Отандық жекпе-жекке шығу өнері мүлдем болмаған немесе олар шамалы ғана дамып, шеберлік деңгейі бойынша шығыс пен батыс жүйелерімен теңдесе алмайды дегендей әсер аласыз. Оқпен ататын қаруды қолданусыз, әскери әрекеттерді жүргізу тәжірибесі өзгені айтады: славян жауынгерлерінің даярлық деңгейінің жоғары болғаны соншалықты, араб халифтерінің, қытай және рим императорларының, түрік сұлтандарының жеке күзеті негізінен славян жауынгерлерден тұрған екен. Сірә, біздің ата-бабаларымыздың дене қасиеттерін даярлаудағы тарихи жүйесі шығыс пен батыстың осыған ұқсас жүйелерінің деңгейінде болып қана қоймай, оларды айтарлықтай басып озған.
Жастарды қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге және еңбек қызметіне даярлау үшін тек шығыс пен батыстың жеке сайысқа түсу жүйелерін ғана емес, отандық жүйелерді де зерттеу керек. Бізде де жеке алысқа түсуге даярлау бойынша әдеби еңбектердің болғанын атай кетуіміз керек.
Соңғы жылдары осы мәселелер спорттың әр алуан түрлері, оның ішінде спорттық күрес бойынша ғылыми әдебиеттерде қарастырылса да, аталған мәселе әлі толық дәрежеде шешіле қойған жоқ. Жас дзюдошылардың дене дайындығын тәрбиелеу үрдісін дене шынықтыру теориясында, әсіресе практикасында әлі де болса дәлдеп тексеруді, қосымшалар енгізудуі және одан әрі қалыптастыруды қажет етеді.
Осыдан бүгінгі таңда дзюдошыларды даярлау тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, аз зерттелген бағыттардың бірі зерттеулердің жаңа қол жетерлік және ақпараттық әдістемелерін, оның ішінде:
а) жаттығу процестеріндегі әрекеттерді бағалау;
ә) қазіргі заманғы бағдарламаларды қолдана отырып, зерттеу материалдарын оперативті өңдеу және оларды жас дзюдошыларды үлгілеудің оқу-жаттықтыру процесіне енгізу әдістемелері жасалып пайдаланылмауы белгілі дәрежеде қарама-қайшылықтың бар екендігін байқатады. Аталған қарама-қайшылықты шешу зерттеу проблемасын айқындайды.
Ол бүгінгі күн тәжірибесінде дайындықты үлгілеу әдістемесіне қатысты тиімділігін анықтап қолдануға болады және оның зерттеуге алынған феноменді жетілдіруге ықпалы қандай дегенді айқындау қажеттілігін туғызады. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде бұл проблеменың өз дәрежесінде зерттелмеуі үлгілеудің тиімді әдістемесінің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін дәлелдеп жұмысымыздың тақырыбын ТСТ-де дене дайындығына тәрбиелеудің тиімділігін зерттеу (Дзю-до негізінде) деп алуға мүмкіндік берді.
Зерттеуде жас спортшы-дзюдошылар арасындағы айтарлықтай жас-жыныстық және дербес-типологиялық айырмашылықтардың бар болуы мен оқу-жаттықтыру процесінде жас дзюдошыларды спорттық даярлауды басқарудың теориялық және практикалық мәселелерінің жеткіліксіз жасап шығарылғандығы арасындағы айтарлықтай қарама-қайшылық тұжырымдалған. Пайда болған қарама-қайшылықты шешу жолдарын іздестіру және жас дзюдошылардың оқу-жаттығу процесін үлгілеудің тиімділігін қалайша арттыруға болады деген сұраққа жауап іздестіру зерттеу жұмысының проблемасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет