Р. Бар-Онның моделі ЭИ ұғымына өте кең түсінік береді. - Р. Бар-Онның моделі ЭИ ұғымына өте кең түсінік береді.
- Ол ЭИ-ні адамның әр түрлі өмірлік ситуацияларды табысты жеңіп шығуына мүмкіндік беретін барлық когнитивті емес қабілеттер, білімдер мен құзыреттілік ретінде анықтайды.
- Р. Бар-Он ЭИ-нің бес компонентімен теңдестіруге болатын құзыреттіліктің бес сферасын бөліп көрсетті; бұл компоненттердің әрқайсысы бірнеше субкомпоненттерден тұрады:
- Өзін тану: өз эмоцияларын ұғыну, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі өзектілендіру, тәуелсіз болу
- Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, әлеуметтік жауапкершілік
- Бейімделуге қабілеттілік: мәселені шешу, шынайылықпен байланыс, икемділік
- Стрестік ситуацияларды басқару: стреске тұрақтылық, импульсивтілікті қадағалау
- Басым көңіл-күй: бақыт, оптимизм
- Р. Бар-Он эмоционалдық интеллектіні өлшеуге арналған, EQ деп аталатын сауалнама құрастырды.
- Бұл сауалнама жоғарыда аталған субкомпоненттерге сәйкес келетін 15 шкаладан тұрады. Ұсынылған модельге негіз болып дәл осы компоненттерді бөліп көрсетудің дұрыстығын растайтын қандай да бір эмпирикалық мәліметтер емес, автордың кәсіби тәжірибесі мен әдебиеттерді талдау табылатындығын атап кеткен жөн.
- 5. Эмоционалдық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаның даралық сипаттамасы ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |