Дәріс материалдары
1 бөлім. Авттоматтандырылған кітапхана-ақпараттық процестердің
теориялық негізі
1
.1.
Тақырып. Кітапханаларды автоматтандырудың міндеті.
Кітапхана-ақпараттық жүйесін автоматтандырудың маңызы, және
өңдеудің базалық принциптері.
Кітапханаларды автоматтандыру
– кітапхана қызметкерлерін толығымен
кітап сақтауды жинақтауда, сақтауда, қайта ӛңдеуде,
анықтамалық
ақпараттарды орындауда кӛптеген қиындық туғызатын мәселелерден
босатады. Автоматтандырудың мақсаты: қызметкерлер мен оқырмандардың
жұмысын жақсартып, ақпараттардың сапасын жақсарту болып табылады.
Автоматтандырудың міндеті:
- еңбек ӛнімділігін азайтып, ақпараттардың технологиялық жолмен тез келуі;
- ақпараттарды ӛңдеу процесін және мазмұнын қайта іріктеуді тездету;
- оқырманның қызметін тездетуге, ақпараттың сапасын жақсартуға;
- кітапхана технологиясының элементтерін толығымен ауыстыруға (каталог
карточкасын, анықтама картотекасын);
- кітапханадағы ақпараттық ресурстарды кітапхана ақпараттық қызметінің
тәжірибесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге, (CD-ROM;
электрондық почта) мағлұматарды кеңінен пайдалануға жол ашу;
- кітапханааралық жүйенің жұмысын жақсартуға мүмкіндік туғызу.
Автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйелер оқырмандардың
ақпараттарды барлық салалар бойынша толық және сапалы түрде
алуына
бағытталған. Оқырмандардың сауалдарына жауап беруде, әсіресе 70-80
жылдары жаңадан таралған компъютерлерге байланысты болды. Осы кезге
дейін кітапханалардағы ақпараттар машинкаларда ӛңделіп, тек бұл жұмыс ірі
және институт орталықтарында ғана жүргізілініп келді. Кітап қоры 100 мың
дана қордан аспайтын, 20-30 оқырмандарға арналған кішігірім
кітапханаларда теру машинкалары болмады.
Бүгінгі
кезде
ғылыми
кітапханаларда
ғана
емес,
кішігірім
кітапханаларды компьютерсіз елестету мүмкін емес. Компьютерлерді
кітапхана-ақпараттық қызметте қолдану, оқырмандарға сапалы түрде, дер
кезінде ақпараттарды жан-жақты тауып беруде маңызы зор.
Кішігірім
кітапханалардың ӛзінен керекті ақпараттарды алуға болады. Қазіргі
кітапханалар ақпараттардың сақтау қоймасы ғана емес, адам қызметінің
нәтижесі. Қазіргі күнде оқырмандар электронды каталогтар арқылы керекті
ақпараттарды
ала-алады.
Кітапханаларда
ақпараттық
қызметтерді
автоматтандыру қазіргі ғылыми техникалық және әлеуметтік ілгері дамудың
бірқатар элементтерінің дамуына кӛп кӛмегін тигізеді. Кітапханалық
ақпараттық қызметті автоматтандыру, тек
уақтылы ақпараттарды ғана
қамтамасыз етпей, барлық қоғамдағы ақпараттарды алуға жағдай жасайды.
Бүгінгі күнде кішігірім кітапханалардың ӛзінен телефонға қосылған модем
жүйесі бойыша керекті ақпараттарды алуға болады.
Қазіргі кітапханалар, тек қана ақпараттарды сақтау қоймасы ғана емес,
адам қызметіндегі жемісінің нәтижесі. Кітапханаға келіп жатқан адамдар, тек
қана кітап үшін емес, ақпарат алу үшін, білім үшін, қарым-қатынас үшін
келеді. Қазіргі күнде оқырмандар талап ету қағазын толтырмай-ақ,
интернеттегі кітапханалардың мәліметтері бойынша және электрондық
каталогтар арқылы керекті ақпараттарды ала-алады. Интернеттегі
ақпараттардың орталығы ретінде кітапханалар адамзаттың қоғамда ӛз
мақсаттарын іске асыруда үлкен рӛл ойнайды.
Оқырмандар кітапханаға
құжаттар үшін емес, ақпараттар алуға немесе электрондық ресурстарға
келеді.
Кітапханалар бірте-бірте электрондық ресурстардың ақпараттық
орталығына айналуда. Қазіргі кітапханалардың жаңа міндеті -
автоматтандырылған кітапхана ақпараттық техниканың дамуын жоспарлау
болып табылады.
ААЖ терминінің негізгі мағынасы: анықтама-ақпараттық қызмет
кӛрсету және ақпараттарды қолданушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету
міндетін
шешуге бағытталған, техникалық, ақпараттық, лингивистикалық,
технологиялық ұйымдастыру орталығы және бағдарламалардың жиынтығы
болып табылады.
АКАЖ ӛңдеудің базалық принциптері. АКАЖ жүйелерін ғылыми-
әдістемелік тұрғыда құырылуда келесі негізгі әдістемелік принциптері бар:
1. Сәйкестік (ұқсастық немесе парапарлық) принципі. Аталған принцип
кітапхана басшылығымен бекітіліп, техникалық ӛңдеуді
құрудағы шешім
болып табылады. Бағдарламаны ӛңдеуде мақсатын, міндетін, кітапхана
жүйесін қаржыландыру қарастырылады.
2. Ақпараттық сәйкестік принципі. АКАЖ іске асыруда бағдарламамен
қамтамасыз ету орталығына сәйкес келетін аппаратпен қамтамасыз ету.
3. Ақпаратты қамтамасыз етудің модулі және шоғырлану принципі.
Бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттық, лингивистикалық және
телекоммуникациялық талаптар бойынша қанағаттандыру керек.
4. Технологиялық принципі. Автоматтандырылған
технология АКАЖ
қолданушысына кӛп артықшылықтарын енгізу. Электрондық каталог енгізу,
Интернет арқылы ақпарат алу мүмкіндіктерін қарастырады.
5. Бір дүркін немесе бір мәрте принципі. Ақпараттың әр түрінің
локалдық жүйеде сақталуы.
6. Бірлесу принципі. Автомат тандыру жағдайында кітапхана-
ақпараттық ресурстардың дамуының құру және бӛлуге негізделінеді.
7. Жүйенің шоғырлану принципі. Ақпараттық ресурстардың жаңару
технологиясын құру және жүйедегі қолданушыларға қызмет кӛрсету.
8. Басқаруға арналған мониторинг принципі. АКАЖ қызметі бойынша
бойынша сапалы мәліметтер алуы.
9. Жоба шешімін типтеу принципі. АКАЖ технологиялық, ақпараттық-
лингивистикалық қамтамасыз ету бағдарламаларын ӛңдеу.
10. Халықаралық қауымдасу принципі. АКАЖ дамыту және ӛңдеуде,
кітапханааралық байланысты және халықаралық ақпарат алмасуын
бағдарлау.