Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті


Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным



бет4/44
Дата04.03.2023
өлшемі163.97 Kb.
#470371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Лекция топтамасы- гыл-2023 (4)

Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларда құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
«Таным» педагогикалық сөздікте қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнеленуі және қайта жаңғыру процесі. Таным адам санасын дамытудың негізі. Таным екі топқа бөлінеді. Сезімдік таным – адамның түйсігі, қабылдауы және елестеуі енеді. Танымның логикалық формаларына қоршаған ортадан түскен мәліметті аса маңызды байланыстары мен заңдылығын ашу үшін сезімдік танымның жалғасы ойлау қызметі жатады. Ойлау арқылы тәкелей қабылданатын құбылыстарды сезім арқылы танып білуден ішкі, жалпы, тікелей қабылданбайтын заңдылықтарды логикалық жолмен танып білуге болады. Соның нәтижесінде ұғым, пікір, ой тұжырымдары қалыптасады.
Ұғым дегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ойлау ұғымдар туғызу және оларды жүйеге келтіру, өмірде пайдалану және заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнеленуі.
Пікір – белгілі заттар мен құбылыстар туралы қолдау немесе жоққа шығаратын адамның ойы. Логикалық ойлаудың жоғары формасы ой тұжырымы бола алады. Ой тқжырым арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа білім аламыз. Сонымен ой тұжырымы дегеніміз пікірлерден жаңа пікірдің пайда болуы ойлаудың жоғары формасы.
Философ, психолог, педагогтардың еңбектерінде адамның таным қабілеттері, оның түрлері, мәні, маңызы туралы М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Т.Балаубаев, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібаев, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Б.Г.Ананьев, Д.Б,Эльконин, Т.Сабыров, Л.В занковтың еңбектері арналған. Шет елдердегі ғалымдардың адамның танымдық қабілеттерін зерттеуде Ж.Пиаже, Д.Карнеги, З.Фрейд, Г.айзенк, Э.Торндайк, және т.б. өзінше ерекше ой тұжырымдарымен танымал.
Айналадағы дүниеде заттар мен құбылыстардың ішінде жалпының және дара немесе жекелердің арасындағы заңдылық байланыс кездеседі. Қоғамның тарихи даму процесінде адам өзінің теориялық және практикалық қызметінде осы заңдылық байланысқа үнемі ізденумен, зерттеумен келіп, оның бар екендігін дәлелдеп, өзінің мақсатты қызметтерінде пайдалана білген. Сондықтан таным теориясы психология, педагогиканы ғылыми тану процесінде өзегі бола алады. Ғылыми тану – мәселені зерттеп, ағартуда таным теориясына сүйене келе, ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері негізінде адамның танымдық қабілеттерінің мүмкіндіктерін пайдалану. Исаева З.А., Таубаева Ш.Т. педагогикалық эксперимент деген қысқаша лекция курсында «Ғылыми таным – жаңа білім алудағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу» деп тұжырымдаған.
Ғалым өзінің зерттеу сипатына, әрбір ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаларға байланысты педагогика, психология, философия, әлеуметтану, медицина, математика, тарих, тіл білімі болып таралуын ғылымдардың жіктелуі деп атайды.
Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды тқмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика, арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, ойлы-әрекет жөніндегі ғылымдар; 4) физика тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.
Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасы саласының өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. Ғылым өзінің зерттейтін объектісін ұғым мен ой формаларында бейнелеп, белгілі заңдылықтарды, ережелерді, теорияларды, шарттарын, принциптерін, әдістемесін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасының болуына байланысты ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет