Дәріс сабақтарының жоспары мен мазмұны
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Дәріс №1 Кіріспе
.
Жоспар:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның кезеңдері.
2.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан жаңа заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Жаңа заман тарихынның кезеңдері.
«Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «табын сезінгенімде деп білемін» - деп жазды Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің қазақ тарихына арнап, тебірене жазған «Тарих толқынында» атты кітабында.
Көптеген қоғамдық ғылымдар ішінде тарихтың атқарар қызметі орасан зор. Оның қоғамдағы орны күннен күнге артып, ұлттық сананы қалыптастыруда таптырмас құралға айналып отыр. Әңгіме сол құралды тиімді әрі ұтымды пайдалана білуде.
Антика заманында өмір сүріп, «біз тарих жазбаймыз, біз өмірбаян жазамыз» деген қанатты сөздің авторы Плутарх өзі жазған «Салыстырмалы өмірбаян» еңбегінің жастарды тәрбиелеу ісінде таптырмайтын құрал екендігін айтқан болатын. Бұл кітап жастарға өздеріне дейін өмір сүрген тарихи тұлғалар өнеге алар, үлгі тұтар жандар болатындығына кәміл сенді. Сол дәуірде сол елде өмір сүрген Гай Саллюстий Крисп, Прокөпий Кесарийский сияқты авторлар да тарихтың тәрбиелік міндеттерін мойындаған болатын.
Тарихи білімнің келешек ұрпақтың ғылыми көзқарасының қалыптасуында атқаратын қызметі талас тудырмауға тиісті. ХІХ ғасырда Европа елдерінде тарих орта мектеп бағдарламаларында өзінің заңды орынын иемденді. Оны міндетті түрде оқылатын пәндер қатарынан шығарып, мектептен тыс оқылатын сабақ ретінде қарастыру жағдайының орын алған уақыттары да болған. Бірақ, мұндай әрекеттердің барлығы сәтсіздікке ұшырап, тарих пәні оқу орындарындағы өзінің мәртебелі орнына қайта оралды. Әлемдегі тарихи процесстерге қанықпаған оқушылар басқа пәндерді, әсіресе қоғамдық ғылымдарды игеруге құлық танытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |