Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәні және оның мәні. Ұрғашы малдың жыныс аппаратының физиологиясы


Жыныстық органдардың топографиясы



бет2/4
Дата15.05.2024
өлшемі1.71 Mb.
#501184
1   2   3   4
Сро (2)

Жыныстық органдардың топографиясы

Құнажындардың салмағы 290-300 кг-ға жетсе 16-18 айды күтпей-ақ қашыра беруге болады. Мегежіндердің салмағы 110-120 кг-ға жеткенде ұрықтандырады.

  • Түлік түрі
  • Жыныстық жетілу
  • Физиологиялық жетілу
  • Сиыр
  • 8-10 айда -
  • 16-18 айда
  • Жылқы
  • 8-10 айда
  • -9-12 айда
  • Түйе
  • 2 жылда
  • 5 жылда
  • Қой
  • 7-8 айда
  • 12-15 айда
  • Мегежін
  • 5-7 айда
  • 10-12 айда

Жыныстық цикл дегеніміз жыныстық жетілген малдың организмінде әсіресе жыныс жүйесінде белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын, өте күрделі морфологиялық, физиологиялық құбылыс. Бұл өзгерістер гипотолямус - гипофиз, ұрық безі мен басқа да эндокринді жүйелердің арақатнастық жағдайына байланысты, әрі орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асады. Осы құбылыстардың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды.

  • Жыныстық қатынастардың циклдері және оның кезеңдері
  • Жыныстық циклді жан-жақты зерттеп, оны ілім ретінде қалыптастырған профессор А.П. Студенцов. Оның анықтамасы бойынша жыныстық цикл 3 сатыдан тұрады: 1. қозу сатысы, 2. тежелу сатысы, 3. теңелу сатысы. Қозу сатысын 4 феноменнің көрінісін сипаттайды, олар: 1. шылым ағу (эструс) феномені, 2. жалпы реакция (жыныстық қозу) феномені, 3. күйлеу (lлибидосексуалис) феномені 4. овуляция-феномені.
  • Қозу сатысында малдың организмінде оның шағылысуына, ұрықтануына, эмбрионның пайда болуына қажетті жағдай туады.
  • Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды, ырғақты және ырғақсыз, жарамды және жарамсыз болып өтеді. Синхронды жыныстық циклде барлық феномендер бір-біріне ілесіп, әр қайсысы белгілі бір уақыт аралықтарында көрінеді. Мысалы: шылым ағу 24-36 сағат болса қалған феномендерде сондай уақыт аралықтарында байқалады. Қозу сатысы тез қалыптасып өте айқын көрінеді.
  • Жарамды жыныстық цикл деп барлық феномендері түгел байқалған жыныстық циклді атайды.
  • Жарамсыз жыныстық циклде бір немесе екі феномендер дұрыс көрінбей қалады. Мысалы, анэстралды реактивті-жалпы реакция қозу феномені болмайды. Альбидті – күйлеу феномені жоқ. Ановуляторлы жыныстық цикл овуляция феномені болмайды. Жарамсыз цикл кезінде мал ұрықтанбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет