Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәні және оның мәні. Ұрғашы малдың жыныс аппаратының физиологиясы



бет1/4
Дата15.05.2024
өлшемі1.71 Mb.
#501184
  1   2   3   4
Сро (2)

Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеті

  • БӨЖ
  • Тақырыбы :Аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің физиологиясы
  • Тексерген:Мұқатаев А
  • Орындаған: Қоқымбаев М
  • Тобы: В-101
  • 2024

Жоспар

Кіріспе

  • Кіріспе
  • Ветеринарлық акушерлік (француз тілінен аударғанда accoucher-туу, туғызу) жануарлардың жыныстық жүйесінің қалыпты және патологиялық үрдістерін зерттеумен (ұрықтану, буаздық, туу және туғаннан кейінгі кезең), сондай-ақ , жаңа туған төл мен сүт безі ауруларымен айналысатын клиникалық пән.
  • Ветеринариялық гинекология (грек тілінде gyne-әйел, ұрғашы, logos-ілім,) -бұл ұрғашы малдың жыныстық және басқа да органдарында, физиологиялық жетілгеннен кейін немесе туғаннан кейінгі кезеңде туындайтын, бедеулікке әкеп соқтыратын, патологиялық үрдістерді зерттейді.

Мақсаты

  • Ұрықтану, төлдің дамуы, туу және туғаннан кейінгі кезеңдегі болатын үрдістердің механизімдерін оқып үйрену.
  • Табиғи өніп-өсудің едәуір маңызды аспекттерін және осы үрдіске селекциялық жұмыстардың, малды өнеркәсіптік және үй жағдайында күтіп бағудың ықпалын түсіну.
  • Жекеленген малдардың акушерлік-гинекологиялық жағыдайын бағалау
  • Жыныстық және физологиялық жетілу
  • Малдың өсіп-өну, төл беру қабілеті тек қана жыныстық жетілген кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныс мүшелерінде, эндокринді жүйесінде, бүкіл ағзада өте күрделі морфологиялық, физологиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда ұрық безінде фолликулдер өсіп жетіле бастайды, аналық ұрық безінде жыныстық гормондар пайда болады.
  • Бұл гормондардың әсерінен (эстрон, эстрадиол) ұрғашы малдың өзіне тән ерекше белгілері айқындала бастайды, жыныстық мүшелері өсіп жетіледі мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы кезден бастап ұрық безіндегі овогенез үдерісі белгілі бір мерзімде, әрдайым қайталанып отырады да, мал қартайғанға дейін жалғаса береді. Сүт бездері де өсіп дами береді.
  • Жыныстық жетілудің мерзімі әртүрлі факторларға байланысты, яғни малдың түлігі, тұқымы, жынысы, климат, азықтандыру, бағып-күту, күйіттеуші еркек малмен қатынаста болу дегеннің бәрі де әсер етеді. Неғұрлым өмірі қысқа болса, оның жыныстық жетілуі ерте дамып, бағып-күтімі жақсы малдың жыныстық жетілуі де тезірек болады.
  • Жыныстық жағынан жетілген малды сол кезден бастап-ақ қашыруға ұрықтандыруға болмайды, себебі бұл кезде организм әлі толық жетілмеген, жамбас сүйектері тар. Мұндай жас малдың буаздығ анасының организміне де (өспей қалады), іштегі төлдің дұрыс дамуына да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан ұрықтандыру үшін малдың жыныстық жетілуімен қатар, организмнің физологиялық, яғни толық жетілуін күту керек.
  • Физиологиялық тұрғыдан толық жетілген малдың сыртқы пішіні және тірілей салмағы ересек малдың 65-70% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет