Дәріс Тақырып: Химиялық кинетикадағы дифференциалды теңдеулер


Реакция ретін анықтау әдістері



бет4/11
Дата22.05.2023
өлшемі183.71 Kb.
#474095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Д ріс Та ырып Химиялы кинетикада ы дифференциалды те деулер

Реакция ретін анықтау әдістері. Реакциялардың ретін анықтау үшін шешуі барынша жеңіл, қарапайым кинетикалық теңдеуді қолданады. Әрине, мұндай теңдеуді құрастыру мақсатымен іс жүзіндегі тәжірибелерді тұрақты және айнымалы мәндегі концентрацияда алынған «реагенттерді әрекеттестіреді. Мұндайда химиялық реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді 1-ге тең етіп алған ыңғайлы. Кейде тек бір-ақ реагентті ғана бақылап өлшейді де басқа заттарға назар аудармайды, өйткені осы бақылаудағы заттың өзгерісі, басқалармен тікелей байланыста ғой. Сонымен аз мөлшерде алынған концентрация бойынша осы реагенттің реакциядағы ретін анықтайды. Енді мұндай істі процеске қатынасы бар басқа реагенттерге қолданып, олардың да әрқайсысының ретін табады. Сөйтіп табылған жеке реагенттердің ретін жинақтай отырып, жалпы реакция ретін анықтайды. Реакция ретін анықтауда барынша жиі кездесетін әдістерді қарастырайық.
1. Орынға қою әдісі тәжірибе кезінде алған мәліметтерді пайдаланады. Ол үшін жылдамдықтың уақытқа байланысын өрнектейтін теңдеулерге алдын ала жүргізген тәжірибеден алған деректерді қойып, олардың қайсысына сәйкес екенін анықтайды. Егер осы теңдеулердің қайсысы реакция жылдамдығының константасына тура келсе, онда бұл реакция осы теңдеу өрнектейтін реттілікте болады.
2. Вант-Гофф әдісі (графикалық әдіс). Бұл әдіс бойынша тәжірибе кезінде алынған нақтылы деректерді логарифмдеп, (lgυ=f(lgC)) график тұрғызады. Егер υ=k·Cn теңдеуді логарифмдесе:
lgυ=lgk+nlgC
Бұл теңдеудегі lgυ -нің lgC-ге тәуелділігі түзу сызықты болуы керек, ал осы түзудің көлбеулігін көрсететін тангенс бұрышы реакция ретін нұсқайды. Мұнда жылдамдық шамасын υ=f(С) тәуелділігіне қатынасы бар кинетикалық қисықты графикалық жолмен дифференциалдап табады.
3. Оствальд әдісі өлшемді уақыт аралығында заттардың концентрациясы белгілі бір санға азайғанына негізделген.
Реакция ретін анықтау үшін әуелгі концентрациялары әртүрлі болатын тәжірибе жүргізіп, ондағы концентрациялар рет кемігенге сәйкес болатын уақытты табады. Тәжірибе кезінде алынған қисық сызықтардың біреуіндегі әр түрлі нүктелердің бірін реакция басталуына теңеп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет