Дәріс12. Тақырып: Кешенді-механизацияланған жұмыстарды ұйымдастыру үшін үйымдастыру-технологиялық құжаттар


Мелиоративті-құрылыс жұмыстарының өндірісі кезіндегі табиғат қорғау шаралары



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі46.43 Kb.
#457597
1   2   3
12 ЛЕК КАЗ

Мелиоративті-құрылыс жұмыстарының өндірісі кезіндегі табиғат қорғау шаралары.
Кез келген жасанды құрылымдарды тұрғызу территорияның табиғи күйінің өзгеруіне әкеледі және белгілі бір дәрежеде қоршаған ортаға әсер етеді. Сушаруашылық нысандарының құрылысы және жерлерді мелиорациялау бойынша жұмыстар табиғи жағдайларды өзгерту негізгі мақсат болады және өте үлкен масштабтарда жүргізілетін адам әрекетінің категориясына жатады. Мұндай өзгерістерді тарихи қалыптасқан табиғи жағдайларды шаруашылық әрекетке қажет бағытта өзгерту үшін мақсатты түрде жүргізеді. Олар көбіне табиғи
жағдайлардағы табиғи компоненттердің балансты теңдігіне қолайсыз әсер етеді.

Гидротехникалық мелиорациялардың ерекшелігіне негізделген кері салдарымен қатар табиғи жағдайлардың үлкен мөлшерде бұзылуы қүрылыс жүмыстарын орындау кезінде болады.


Құрылыс кезінде көрінетін кері сәттер көп жағдайда уақытша болады, сонымен қатар олардың кері салдары сәйкес шаралар және техникалық, технологиялық және ұйымдастырушы негіздегі шешімдермен азайтылуы мүмкін 82-кесте).
Су шаруашылығының нысандарын тұрғызу, әдетте үлкен аудандарда жүргізіледі және рельефтің өзгеруімен, топырақ және өсімдік жамылғысының бұзылуымен, сонымен қатар территорияның құрылыс өндірісінің қалдықтарымен ластануымен, жер асты және жер беті суларының ластануымен, жұмыстарды жасау кезіндегі атмофераға тигізетін әсерлермен тығыз байланысты болады. Осымен байланысты технология мен құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әрбір шешім оның табиғатқа тигізетін әсерін ескерумен қабылдануы тиіс. Бұл ең алдымен орналасуы, формасы және параметрлері: карьерлер, резервтер, кавальерлер пайдаланылып жатқан топырақтың қайырмасы (отвал). жобадағы конструктивті шешімдердің қатаң талаптарымен анықталмаған нысандарға қатысты. Оларды орналастырудағы негізгі талап ретінде территорияның минималды алынуы және шаруашылық бағасы жоқ жерлерде орналастыру болып табылады: болашақ су басатын зоналар, балкаларда, жыраларда, орман массивтері мен ауыл шаруашылық жерлерден алыс орналасу. Уақыты анықталмаған пайдалануға берілген аудандар болады, оларда тұрғызылатын нысандар, құрылымдар және жұмыс жасауға берілген уақытша алаңдар орналасады. Уақытша пайдалануға берілген барлық аудандар жұмыстар аяқталған соң шаруашылық және басқа да мақсаттарда пайдалануға болатын қалыпқа келтіріліу тиіс және топырақ жамылғысын да қайта қалпына келтіру керек. Құрылыс материалдарының аудандары мен карьерлерінің контурларын жергіліктиі жердің рельефіне кіргізу қажет, мұнда территорияның жалпы ландшафтысын айтарлықтай бұзбау керек, ал жағдай келсе оны жұмыс кезінде жойып отыру керек, ол күрт сынуларды түзету, жыралар мен құламаларды тегістеу.
Үймелі және шайылмалы бөгеттердің топырақ карьерлерін болашақ су басатын жерлерге орналастыру дұрыс болады, бұл су астындағы жұмыстарды жауып қана қоймай, сонымен қатар су қоймасының сыйымдылығын ұлғайтады.
Су қоймасын салудағы негізгі сәт - аудандардың су басуға уақытылы дайындығы. Су басудың алғашқы уақытында су қоймасының зонасынан барлық құрылыстар, құрылымдар мен инженерлік коммуникациялар ғана шығарылып қоймайды, сонымен қатар барлық ағаш және бұта тәріздес өсімдіктерде жойылуы тиіс. Жиналмаған ағаш массасы бөліну мен шіру процесінде су сапасының төмендеуіне, таяздануына, насостар жұмысының баялауы мен сулардың шөгінділерге толуын тездетуге әкеледі.
Жұмыс өндірісінің процесі кезінде бұзылатын, ал кей кездерде жиі толығымен жойылатын топырақтың беткі құнарлы қабаты. Оны табиғи жолмен қайта қалпына келтіру (1...3 мм жылына) өте баяу жүреді. Өсімдіктердің өсуі үшін топырақ қабаты 10 см-ден аз болмауы керек. Мұндай қабат тек қана 50 жылдан соң ғана қалпына келуі мүмкін. Сондықтан топырақ жамылғысын жұмыстар аяқталғаннан соң қайта қалпына келтіру қажет. Территорияны шаруашылық
мақсатта пайдалануға болатындай етіп топырақ жамылғысын қайта қалпына келтіруді рекультивация деп атайды. Ол территорияны тазалау мен тегістеуден тұрады, алдыңғы қабаттан 0,1 мм аспайтындай етіп тазаланады. Қажет бойынша тыңайтқыштар енгізеді, шөптердің тұқымын себеді, ағаштар, бұталар отырғызады, бұл су және жел эрозияларынан сақтайды.

Құрылыстардың уақытша базалары территория ластаушыларының көзі ретінде де болады, ол үшін арнайы сақтану шараларын жүргізу қажет. Территорияға, топырақ жамылғысына, өсімдіктерге үлкен зиянды тасымалдаушы, жер қазушы және құрылыс машиналарының тәртіптелмеген жүрістері әкеледі. Мұндай жүріс аз қуатты қатты ылғалданған топырақтар үшін аса қауіпті, олар машинаның жүріс қондырғысымен бастырылып қалуы мүмкін және минералды грунттары ашылып қалуы мүмкін. Территорияны сақтау мақсатында жазықтық базалары, аядамалар, қоймалар үшін алдын ала жерлерді таңдау керек, оларға жол трассалары мен баратын жолдар төсеу керек.


Біршама ластанулар базалар мен құрылыс машиналарының аялдамалары орналасқан жерлерде болады, мұнда машиналарды жағармаймен толтырады, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жұмыстарды тек машиналарға қызмет көрсететін арнайы алдын ала бөлінген жерлерде орындау керек. Алаңдарда кір мен шаң болмауы керек. Ондай жерлерде қалдықтарды, металлоломды, қолданылған материалдарды жинайтын орындарды, қолданылған майлау материалдары мен басқа да сұйықтықтарды жинауға арналған сиымдылықтарды жабдықтау қажет. Жиналған металл қалдықтарын Вторчермет базаларының жақын орналасқандарына жібереді, ал пайдаланылған майларды регенерация үшін базаларға қайта тапсырады. Бұл материалдарды көмуге немесе мұнай өнімдерінің қалдықтарын жағуға тек қоршаған ортаны қорғау мақсатында ғана емес, сонымен қатар табиғи-шикізат ресурстарын - мұнай, көмір, руданы үнемдеу мақсатында да тыйым салынады.
Санитарлы-тұрмыстық нормалардың талаптарына сай тұрмыстық қалдықтардың барлық түрлерін жинау мен зарарсыздандыру үшін барлық тұрақты және уақытша жұмысшы ауылдары қондырғылар және аспаптармен жабдықталуы тиіс. Қоқыс жинағыштар, сыпырып үю шұңқырлары, әжетханаларды жер бетілік және грунтты сулардың ағынының бағытын ескере отырып орналастыру керек, олар су көздерін ластамауы керек.
Табиғатты қорғау жөніндегі шараларды орындау құрылыс кезінде инженерлі- техникалық және сәйкес жұмыстарға жетекшілік етуді жүзеге асыратын әкімшілік жұмысшыларға тапсырылған.
Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды орындамағаны үшін, заң талаптарына қарсы келетін және табиғатқа зиян келтіретін әрекеттер үшін, орындаушылар мен жетекшілер белгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет