Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет58/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71
лекции химия

Физикалық қасиеттері 
Ароматты спирттер сұйық немесе қатты заттар, көбінесе эфир майында және 
бальзамдарда кездеседі. Суда нашар ериді 
14-дәріс
Көмірсулар. Көмірсулардың биологиялық ролі 
Көмірсулар молекулалары көміртегі сутегі және оттегі атомдарынан құралған 
органикалық күрделі қосылыстар. Көмірсулар жай (моносахаридтер) және күрделі 
(олигосахаридтер, полисахаридтер) болып бөлінеді. 
Моносахаридтер гидролизге ұшырамайды. Күрделі көмірсулар гидролизденіп, 
олигосахаридтер түзеді, ал олигосахаридтер әрі қарай гидролизденіп, 2-10 молекула – 
моносахаридтер пайда болады. Олигосахаридтердің ішіндегі ең маңыздысы дисахаридтер 
(диозалар), олар екі молекула моносахаридтердің конденсациялану өнімі болып табылады. 
Полисахаридтер (күрделі көмірсулар) гидролизденгенде жүздеген және мыңдаған 
моносахарид молекулалары түзіледі. 
Моносахаридтер (монозалар) гетерофункционалды қосылыстар болып есептеледі, 
себебі олардың құрамына бір оксо топ (альдегидтік немесе кетондық) және бірнеше 
гидроксил топтары болады. 
HO
OH
OH
OH
OH
OH
OH
OH
OH
Пирогалол Оксигидрохинон Флороглюцин 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Альдегид тобы бар моносахаридтер альдозалар, ал кетондық тобы барлар кетозалар 
деп аталады. Көміртегі тізбегінің ұзындығына (3-10 атом) байланысты триоза, тетроза, 
пентоза, гексозаға т.б. бөлінеді. Көбіне табиғатта кездесетін түрі пентозалар мен гексозалар. 
Моносахаридтердің ашық тізбекті түрі Фишердің проекциялық формуласы арқылы 
көрсітіледі. Көбінесе моносахаридтер тұйықталған тізбек (циклдің) түрінде кездеседі. 
Егер альдогексодағы альдегидтік топ бесінші көміртегі атомындағы гидроксилмен 
байланысып, алты мүшелі цикл түзетін болса, ол пираноздық деп аталады және 
термодинамикалық тұрақты болады. Альдегид тобының төртінші көміртегі атомындағы 
гидроксил тобымен байланысуы арқылы түзілген бес мүшелі цикл фураноздық деп аталады. 
Фураноздық цикл 
Тұйық тізбекті
формаларды ықшамды түрде Хеуорс формулаларымен көрсетуге 
болады. 
α – жазықтық астында 
β – жазықтық үстінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет