Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет63/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
лекции химия

 
Полисахаридтер 
Полисахаридтер үлкен екі топқа бөлінеді: 
Гомополисахаридтер – құрамы бірдей моносахарид молекулаларнына тұрады. Оларға: 
крахмал, гликоген және декстрандар жатады. 
Крахмал екі түрлі фракциядан : α –амилоза мен α –амилопектиннен тұрады. 
α–амилоза α – (1,4) гликозидтік байланысымен тізбектеліп жалғасқан α-Д-
глюкопираноза қалдықтарынан тұрады.
α–амилопектинде α-Д-глюкопиранозаның қалдықтары α – (1,4) гликозидтік және α – 
(1,6) гликозидтік байланыстары арқылы тармақталып жалғасқан. 
Крахмал ас қорыту жолдарында ферметтердің әсерінен гидролизденіп,
α – (1,4) –және α – (1,6) – гликозидтік байланыстары үзіледі.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Крахмал макромалекуласының ұсақталған қалдықтарға айналған түрін декстрин деп 
атайды: (С
6
Н
10
О
5
)
п
– гидролиз - (С
6
Н
10
О
5
)
m
mБактериялық негізді полисахаридтер декстрандар деп атайды. Олар емдеу 
практикасында қансыраған кезде қан тоқтаушы ретінде қолданылады, себебі декстран 
ертіндісі жабысқақ, оның бұл қасиеті қан плазмасының тұтқырлығына сәйкес келеді және 
онкоқысымды бір қалыпта ұстайды. 
Гликоген жануарлар организміндегі өсімдік крахмалының структуралық және 
функционалдық аналогы болып саналады. Құрылысы бойынша ол – α –аминопектинге 
ұқсайды, бірақ оның тармақталған тізбегі үлкен болады. Аминопектинге қарағанда 
гликогеннің тармақталған молекуласы екі есе көп. Гликогеннің тканьдерде ыдырауы 
арқасында, организм өзіне керекті энертияны аденозин үшфосфат (АТФ) түрінде 
қабылдайды. Гетерополисахаридтер құрамы әр түрлі күрделі моносахаридтерден құралған. 
Гетерополисахаридтер тобының ішіндегі маңыздылары гиалурон қышқылы, 
хондроитин - сульфаттары және гепарин. 
Гуалурон қышқылы β-1,4-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан дисахаридтерден, 
ал дисахаридтік фрагмент β-(1,3)-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан Д–глюкурон 
қышқылының және N ацетил, Д–глюкозаминнің қалдықтарынан тұрады. Гиалурон қышқылы 
ерітіндісінің тұтқырлық қасиетіне байланысты микробтарға қарсы қорғаныш қызметі жоғары 
болады.
Хондроитин сульфаттары глюкурон қышқылы және 4-ші жағдайда сульфаттанған N 
ацетил галактозаминнің қалдықтарынан β-1,3-гликозидтік байланыс арқылы түзілген 
дисахаридтерден тұрады. Ал дисахаридтік фрагменттер өзара β-1,4-гликозидтік байланыс 
арқылы жалғасқан. Хондроитин сульфаттары белоктармен комплекс түрінде шеміршектерде, 
теріде, көздің белокты мүйізгек қабығында кіндік бауындакездеседі. Гиалурон қышқылына 
қарағанда тұтқырлық қасиеті төмен.
Гепарин жануарлар мен адам организмінің тканьдерінде, әсіресе, бауырда, өкпеде, 
жүректе және қаңқа еттерінде кездеседі. Медицинада гепариннің маңызы өте зор, оны 
қанның ұюын төмендету үшін (антикоагулянт) қолданады. Гепарин молекуласы Д-глюкурон 
және һ-идурон қалдықтарынан тұрады. Гепарин бауыр клеткасында, тағы басқа органдарда 
синтезделіп, бүйректе ыдырау процесі жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет