Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
Крахмал макромалекуласының ұсақталған қалдықтарға айналған түрін
декстрин деп
атайды: (С
6
Н
10
О
5
)
п
– гидролиз - (С
6
Н
10
О
5
)
m
m
Бактериялық негізді полисахаридтер декстрандар деп атайды. Олар емдеу
практикасында қансыраған кезде қан
тоқтаушы ретінде қолданылады, себебі декстран
ертіндісі
жабысқақ, оның бұл қасиеті қан плазмасының тұтқырлығына сәйкес келеді және
онкоқысымды бір қалыпта ұстайды.
Гликоген жануарлар организміндегі өсімдік крахмалының
структуралық және
функционалдық аналогы болып саналады. Құрылысы бойынша ол – α –аминопектинге
ұқсайды, бірақ оның тармақталған тізбегі үлкен болады. Аминопектинге қарағанда
гликогеннің тармақталған молекуласы екі есе көп. Гликогеннің
тканьдерде ыдырауы
арқасында, организм өзіне керекті энертияны аденозин үшфосфат (АТФ) түрінде
қабылдайды. Гетерополисахаридтер құрамы әр түрлі күрделі моносахаридтерден құралған.
Гетерополисахаридтер тобының ішіндегі маңыздылары гиалурон қышқылы,
хондроитин - сульфаттары және гепарин.
Гуалурон қышқылы β-1,4-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан дисахаридтерден,
ал дисахаридтік фрагмент β-(1,3)-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан Д–глюкурон
қышқылының және N ацетил, Д–глюкозаминнің қалдықтарынан тұрады. Гиалурон қышқылы
ерітіндісінің тұтқырлық қасиетіне байланысты микробтарға қарсы қорғаныш қызметі жоғары
болады.
Хондроитин сульфаттары глюкурон қышқылы және 4-ші
жағдайда сульфаттанған N
ацетил галактозаминнің қалдықтарынан β-1,3-гликозидтік байланыс арқылы түзілген
дисахаридтерден тұрады. Ал дисахаридтік фрагменттер өзара β-1,4-гликозидтік байланыс
арқылы жалғасқан. Хондроитин сульфаттары белоктармен комплекс түрінде шеміршектерде,
теріде, көздің белокты мүйізгек қабығында кіндік бауындакездеседі.
Гиалурон қышқылына
қарағанда тұтқырлық қасиеті төмен.
Гепарин жануарлар мен адам организмінің тканьдерінде, әсіресе, бауырда, өкпеде,
жүректе және қаңқа еттерінде кездеседі. Медицинада
гепариннің маңызы өте зор, оны
қанның ұюын төмендету үшін (антикоагулянт) қолданады. Гепарин молекуласы Д-глюкурон
және һ-идурон қалдықтарынан тұрады. Гепарин бауыр клеткасында, тағы басқа органдарда
синтезделіп, бүйректе ыдырау процесі жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: