Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Қолқа(аорта) қақпақшасының қызметінің жетіспеушілігі -



бет46/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Қолқа(аорта) қақпақшасының қызметінің жетіспеушілігі - бұл жүрек ақауында жарты айшық тәрізді жапқыштар қолқа саңылауын диастола кезінде жаппайды, нәтижесінде қолқадан қан кері сол жақ қарыншаға қайта ағады. Мұндай қолқа ақауы жиі ревматикалық эндокардитте кездеседі.
Гемодинамикасы: Сол жақ қарыншаға диастола кезінде жүрекшеден келетін қан қолқадан да кері ағады. Осының зардабынан сол жақ қарынша қан мөлшерінің көбеюінен диастола кезінде керіледі.Систола кезінде сол жақ қарыншаға үлкен күшпен жиырылудың қажетінен қанды қолқаға үлкен көлеммен айдауға мәжбүр етеді. Сол жақ қарыншаға қатты күшің қажеттілігінен сол жақ қарыншаның бұлшық етінің қалыңдауы, ал систолалық қан көлемінің қолқада көбейгенінен сол жақ қарыншаның іші кеңейеді.
Клиникалық көрінісі: жүрек аймағының ұстамалы ауыру сезімі сол жақ қарыншаның қалыңдауынан диастолалық қысымның төмендігінен тәжді қан тамырларындағы қан көлемінің аздығынан жүрек бұлшық етінің қоректенуі нашарлайды.Мидың қоректенуі нашарлағандықтан бас айналып, көз қарауытады. Сол жақ қарыншаның жиырылу процесінің төмендеуінен кішіқан айналымда іркіліс пайда болады, сондықтан ентігу, жүректің соғуы және әлсіздік байқалады. Науқастың терісі бозарып, артерияда систолалық және диастолалық қысымның өзгерістерінің болуынан шеткі артерияларда тербеліс пайда болады- ұйқы артериясының (каротидтер биі) бұғана қабырғасы артериясы, самай артериясында. Бір қалыпты ырғақ қан тамыр тербелісімен бастың тербелісі (Мюссе симптомы). Ақырын тырнақты басып, ұсақ капиллярлардың пульсациясын байқауға болады(Квинке симптомы). Пальпацияда: жүрек ұшы түрткісі солға қарай ығысады.Перкуссияда - жүрек шекарасы солға қарай ығысады, жүрек қолқалы пішінді болады. Аускультацияда - 1 тон жүрек ұшында әлсіз, 11 тон қолқа үстінде әлсіз немесе мүлде естілмеуі мүмкін. боткин-Эрба нүктесінде диастолалық шуыл естіледі.
ФКГ- да- миокард тонусының төмендеуінен қолқа қақпақшаларының ақаулары бар ауруларда жүрек ұшында патологиялық III-IVтондардың және шоқырақ ырғағы пайда болады. Сол қарыншаның кеңеюінен екі жармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі шығады, сондықтан систолалық шуыл, сирек диастолалық шуыл -Флинт шуылы пайда болады. Оның себебі қан кері көп мөлшерде қайтқанда қанның ағымы қақпақшаларды жоғары көтереді, сөйтіп екі жармалы саңылау тарылады. Бұл кезде сан артерияларында екі дыбыс естіледі - Траубенің қосарлы үні және Виноградов -Дюрозьенің қос шуылы.
ЭКГ- да сол жақ қарынша қалыңдауы,ЖЭО солға қисаюы, ST аралығы ығысып, T тісшесі теріс болады. ЭХОКГ -да қолқа қақпақшасының қызметінің жетіспеушілігінде қақпақшаның алдыңғы жармасының дірілдеуі қанның ағымының қолқадан сол жақ қарыншаға кері қайтқанында пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет