Көк бауырдың пальпациясы. Көк бауырды ауру адамды шалқасына не оң жақ бүйіріне жатқан күйінде сипап тексереді. Шалқасынан жатқан адамның басы жоғары,аяқтары созылып жату керек.
Фельдшер науқастың оң жағына оған бетін беріп отырады. Фельдшер сол қолын науқастың кеудесінің сол жақ үстіне қолтық сызықтарының боймен УІІ және Х қабырғалар аралығының үстіне қояды да, науқастың кеудесін аздап қысып, кеуденің тыныс алудағы қимылымен азайтады. Саусақтары аздап иінген фельдшердің оң қолы науқастың құрсақ қабырғасының бүйірінің алдына, қабырға иінінің Х қабырға қосылған жеріне орналасады. Егерде көк бауырдың шеті төмен түскен болса, фельдшердің қолы көк баур шетінен төмен орналасуы керек. Одан кейін, науқас тынысын шығарған кезінде дәігер оң қол саусақтарын аздап құрсақ қабырғасының ішіне батырады. Бұл тәсілдің нәтижесінде оң қол саусақтарының үстінде қалта пайда болады. Науқас демді ішіне алған мезгілде төмен жылжыған көк бауырдың алдыңғы төменгі шеті әуелі осы қалтаға кіреді, кейін төмен, жылжып отырып, фельдшер саусақтарына келіп тіреледі де, одан ары төмен қарай өтіп кетеді. Бұл тәсілді бірнеше рет қайталау керек. Көк бауырды сипап тексерген кезде оның мөлшерін консистенциясын, үстінің түрін, жылжымалығын, ауыратынын және оның ойығының бар жоғын, анықтау керек.
Қалыпты жағдайда көк бауыр сипап анықтауға келмейді. Оны сипап сезу көбіне оның үлкейгеніне байланысты боладыда спленомегалия деп аталады. Спленомегалия қан ауруларының көптеген түрінде кездеседі. Оның өте үлкеюі созылмалы миелолейкозға тән.
Көк бауырдың үлкеюі кейбір жедел және созылмалы жұқпалы ауруларда кездеседі: іш сүзегі, қайталама сүзек, вирусты гепатит, малярия және бауыр циррозында, сепсисте, амилоидозда. Әдетте көк бауырдың үсті тегіс жылжымалы болады. Яғни көкбауырмен қатар бауырдың үлкеюі тән. Оны гепатолиенальды синдром деп атайды.
Перкуссия. Көк бауырды перкуссия тәсілімен анықтау өте қиынға түседі. Сондықтан тынық перкуссия тәсілін қолдану керек. Перкуссияны науқасты тұрғызып не оң жақ бүйіріне жатқан қалпында жүргізу керек.
Қалыпты жағдайда көк бауырдың көлденең мөлшері 4-6 см тең, оның жоғарғы шекарасы ІХ қабырға, төменгі шекарасы ХІ қабырға арасында болады. Ұзындығы 6- 8см-ға тең, ол Х қабырғаның бойын алып жатады.
Аускультация. Периспленитте көк бауырдың үстінен іш пердесінің үйкелес шуын естуге болады. Яғни анемиялада жүрек, тамырлар үстінен систолалық шу есту болады, ойткені қан суйықталып жылжу жылдамдығы күшейіп шу пайда болады.
Қан түзу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері Пациенттің шағымдары
Жалпы әлсіздік 7. Тырнақтың сынғыштығы
Дене қызуының көтерілуі 8. Шаштың түсуі
Қызыл иектің қансырауы 9.Лимфа бездерінің үлкеюі
Тамақтың ауырсынуы 10. Қабырға астының
Сүйектердің ауырсынуы ауырсынуы
Терінің сарғаюы
Әсер ететін мәнбірлер 4. Жүргізілген тексерісердің
Себептері нәтижесі
Басталуы, дамуы 5. Қолданылған ем
6. Сырқаттың асқынулары
Достарыңызбен бөлісу: |