Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет47/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Автомобиль көлігінде 
ІКЖ 
жүргізу. Автомобиль көлігіндегі 
ТЖ 
Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп 
ұшырайтыны 
саны 
жағынан 
автомобиль 
көлігі.
Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), 
басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда және елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% 
авариялар 
мен 
апаттар 
болады.
Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы тосыннан болуы, көлік құралының 
кілт тоқтауы, оның өзгеруі. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары 
жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің 
құзға, суға түсуімен сипатталады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел 
тасқынының, қар басып қалу және құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі 
болады.
Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына және қаза болуына 
әкеледі. Автожолдағы ТЖ – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, 
жарылыстан, өрттен болатын әдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің 
сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады. 
Автокөлікте ТЖ ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) 
соқтығысу 
болып 
табылады. 


48 
Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында 
болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, 
қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы 
адамдардың қысылысуына (сығылысуына), әйнектердің тұтас сынуына әкеп 
соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дәрежесі және кабинадағы немесе салондағы 
адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына және соғысқан 
автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл 
автомобиль қарама – қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: 
жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басылып қалады. 
Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы 
автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге және салон ішіндегі 
адамдардың 
қысылып 
басылуына 
әкеледі. 
Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген 
бөлігін соғу. Мұның нәтижесі – есіктердің және кузовтардың түрін өзгертуге, 
адамдардың қысылып, басылуына әкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль 
аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті. 
Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. 
Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар 
жарақаттанады, 
көліктің 
үстіңгі 
бүйір 
жақтарының 
пішіні 
өзгереді. 
Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) немесе қозғалатын 
(автомобиль, поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның 
сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда 
болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы 
адамдардың 
жарақат 
алуына 
алып 
келеді.
Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, 
кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне 
шығып кетуінің салдарынан болады. Автомобиль бүйірімен немесе төбесімен 
аударылады. Әсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, 
төбесінің едәуір зақымдануына, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың 
жерге құлауына және басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет