54
газқағарды жоғары консентрациялы улы булар жоқ болған кезде қолдануға рұқсат
етіледі. Іздестіру – құтқару жұмыстарын нысананың газ құтқару қызметінің жеке
құрамының қатысуымен жүргізген дұрыс, өйткені
нысананың әкімшілігінің
келісімімсіз техникалық коммуникациядағы крандарды, вентильдерді өз бетінше
жабу
және ашу, құрылғыларды және аппаратураларды ауыстыру жұмыстың
жүргізілуіне
теріс
әсері
тиуі
мүмкін.
Қажетті
жағдайда
құтқарушылар
нысан
аумағына және
оған
меншік
жергілікке
залалсыздандыру жүргізеді. Бұл үшін пайдаланылатын құралдар
бейтараптауға қажет заттың сипатына сәйкес келу керек.
ҚӘУЗ залалсыздандыру
химиялық, физико – механикалық және механикалық әдсітермен жүргізіледі.
Химиялық әдіс кезінде ҚӘУЗ газдан тазарту (бейтараптау) жүргізіледі, зақымданған
алаңға газдан тазартылған ерітінділерді құяды. Бұл үшін құйып – жуатын және өрт
сөндіру көліктері, су сорғылары, жылжымалы және тасылатын бүркігіштер
қолданылады.
Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер
Апат болған кезде
мұнай өнімдері төгілгенде, өнім өткізгішінде келесі жұмыстар
орындалады:
коммуникацияның зақымданған бөліктері өшіріледі;
шұңқырға, ойға сонымен қатар жер дуалдарымен қоршалған аумаққа
жиналатын өнімдердің одан ары жайылуын тоқтатады;
мұнай өнімін сорып, запастағы сиымдылыққа ауыстырады.
Мұнай және мұнай өнімін бейтараптау өте қиын, өйткені олар нашар араласады
және басқа заттармен химиялық реакцияға түседі, сонымен қатар оның құрамында
үлкен мөлшерде әртүрлі компоненттер бар. Сондықтан мұнай өнімдерін
газсыздандыру үшін басқа әдістер қолданылады. Физика – механикалық әдіс кезінде
ҚӘУЗ және агрессивті заттарды залалсыздандыру күйдіріледі немесе радиобелсенді
двигателдің ыстық газының әсерімен буға айналдырылады. Көбінесе күйдіруге мұнай
өнімдері жатады.
Бұл әдісті, егер ыстық заттарда екінші рет өрт шығару немесе
қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру қауіпі болмаса ғана қолдануға болады.
Залалсыздандырудың
механикалық әдісі зақымданған жердің немесе қардың
қабатын алып тастау. Жергілікті жер участкелері мен қатты төсемдерсіз жолдардағы
улы заттар бульдозерлердің, скреперлердің, грейдерлердің көмегімен үстіңгі қабатты
кесіп, немесе зақымданған участкеге зақымданбаған топырақ сеуіп жояды.
Достарыңызбен бөлісу: