Дәрістер кешені Дәріс №1. Интернет технологиясына кіріспе


ТСР/ІР жүйелік хаттамасы. IP – адрестер, URL – адрестер



бет5/48
Дата07.10.2022
өлшемі2.09 Mb.
#462134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Лекция

ТСР/ІР жүйелік хаттамасы. IP – адрестер, URL – адрестер
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық. Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - жеткізуді басқару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютср мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET -ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьготері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol — тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point Protocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Почталық байланыс. INTERNET -пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Іпіетеі-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын INTERNET -ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі аддына INTERNET деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар INTERNET желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет