Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


Пәнді оқыту барысында шешілетін міндеттер



бет2/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

Пәнді оқыту барысында шешілетін міндеттер:
«Орта ғасырлар тарихы» пәнін оқыту барысында студенттер оқытушының көмегімен мақсаттан туындайтын төмендегі міндеттерді шешу қажет:
- Орта ғасырлар тарихы пәнінің мазмұны мен мақсаты. «Орта ғасырлар», «Феодализм» түсінігі. Хронологиялық, географиялық шегі және негізгі кезеңдері;
- Орта ғасырларға тарихи-философиялық түсінік. Пәнді оқуда формациялық және өркениет тұрғысынан қарау. Ортағасылық деректер мен зерттеулер;
- Орта ғасырлар кезеңіндегі Еуропалық елдердің саяси құрылысы мен саяси жүйесі. Орта ғасырлық мемлекет, орта ғасырлық мемлекеттердің түрлері, билік институттарындағы ерешеліктер.
- Классикалық феодализм және оның даму ерекшеліктері;
- Орта ғасырлық еуропа халықтарының шаруашылығы, өмір сүру салты, Феодалдық меншік және феодалдық құқық жүйелері;
- Сол кезеңдік этногенездік процестер мен ұлттардың қалыптасуы. Территориялық, діни, рухани мәдениетінің орнығуы;
- Орта ғасырлардағы мемлекет, құқық және шіркеу;
- Географиялық ашылулар мен оның тарихи маңызы, Америка елдерінің тарихы.
«Орта ғасыр» термині латын тілінен аударғанда medium aevum (средний век) бірінші рет қайта өркендеу кезеңінде итальян гуманистері енгізген. ХVІІ ғ. Германияның
Галл университетінің профессоры И.Келлер «Орта ғасыр» терминінін әлем тарихының кезеңделуіне антикалық, орта ғасыр және жаңа заман бөліп берді.
«Орта ғасырлар тарихы» пәні университеттік жалпы тарих курсының бір бөлігі және б.з. V ғасырынан ХVІІ ғ. бірінші жартысын қамтиды. Б.з. V ғ. екінші жартысында Батыс Рим империясының құлауынан Еуропа елдерінің территориясында феодалдық құрылымның қалыптасу тарихын қамти келе, алғашқы буржуазиялық революциялармен аяқтайды. Қазақстан медиевистикасында қалыптасқан дәстүр бойынша орта ғасырлар тарихы Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дәуірінен (ІV ғ. соңы) ХVII ғ. ағылшын буржуазиялық революциясына дейінгі ұзақ уақытты қамтиды. Ерте орта ғасырлар тарихы IV ғасырдан ХІ ғасырдың ортасына дейін созылса, дамыған орта ғасырлар ХІ ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасыр аралығын қамтиды. Кейінгі орта ғасырлар тарихы XVI ғасырдан XVII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Еуропаның барлық аймақтарындағы даму үрдісі бір уақытта іске аспағандықтан, кейбір аймақтарға қатысты хронологиялық шектер айқындауды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет