Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


дәріс. Ежелгі Еуропалық мемлекеттері: франктер



бет6/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

3 дәріс.
Ежелгі Еуропалық мемлекеттері: франктер
мемлекеті және қоғамдық саяси дамуы

1. Франк мемлекетінің құрылу тарихы. Меровингтік франк мемлекеті


2. Мемлекеттік басқару және әлеуметтік саяси жағдайы
3. Майордамдар билігі
4. Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі.
5. Ұлы Карл және оның империясы

1. Франктер — орта ғасырлардың бас кезінде Орталық Еуропада тұрған батыс герман тайпалар. Оларға хамава, бруктер, усибет, тенктер, сугамбар, т.б. тайпалар кірген. Франктер 2 топқа бөлінеді: 1) Төменгі немесе Солтүстік Франктер (кейінірек Батыс Франктер) деп аталған салий Франктері; 2) Рейн өзіні жағалауынан жоғары Майн өзініне дейін қоныстанған репуарлық Франктер. Дерек көздерінде олар алғаш рет 3 ғасырдың ортасында аталынады. Сали Франктерін 4 ғасырда римдіктер талқандап, Токсандрияда федераттар құқығында қалдырады. Жазба деректерде олар 451 ж. ғұндарға қарсы Каталаун қырғынына қатысады. 5 ғасырдың бас кезінде салий Франктері Соммаға дейінгі Галлияны бағындырды. Кейінірек өздеріне бағынышты аумақтағы билікті нығайта әрі кеңейте отырып, 5 ғасырдың соңында Франк мемлекетін құрды. Франктер Батыс Еуропадағы бірқатар халықтардың этногенезінде өзіндік рөл атқарған.


Варварлар корольдігі жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды. Ол мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы 486 жылы Солтүстік Галлияда құрылған Франк мемлекеті еді. Оны салий франктерінің меровей руынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын кол астына біріктіріп, Римнің карамағындағы көрші Галлияның құнарлы жеріне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдіктерді талқандап, Солтүстік Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясының осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.
Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерін орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билігін мойындаған римдік және Галлиялық байлар аз уақыттың ішінде франк ақсүйектерімен араласып, туыстасып кетті. Франк мемлекетінің халқы латын және герман тілдерін араластырып сөйледі. Осы аралас тіл кейін француз тілінің негізін құрады. Жазу саласында тек латын тілі қолданылды.Хлодвигтің тұсында осы тілде франктердің ең алғашқы coт саласындағы заңдары жазылды. Ол «Салий ақиқаты» деп аталды. Ол заңдар бүкіл мемлекет аумағындағы бірыңғай тәртіпті нығайтуға үлес қосты. Франктердің заңы бойынша қылмыстың көпшілігі ақшалай айыппен өтелетін. Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтіргендігі үшін салынатын айып мөлшері кімді, кандай адамды өлтіргендігіне байланысты әр түрлі болды. Франктің өмірі галлдар мен римдіктердің өмірінен кымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кінәсі дәлелденбесе, оны «құдай сотына» салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етілді. Егер кінә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендігінің белгісі деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын.
2. Франк мемлекетінің аумағында жазба заңдардың шығуы өкімет билігін нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет адамның байлығы мен жерін басқыншылардан қорғап отыру үшін керек болды. Қуатты мемлекеттің көмегімен ел басшылары халық бұқарасын қабылданған тәртіп шеңберінде ұстап, салықты уакытында жинап алатын жағдайға жетті. Әскер басшыларының ішіндегі әрі батыл, әрі тапқыр Хлодвиг король деп жарияланды. Король - барлық халық бағынатын, өкімет билігін өзінің әулетіне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет басшысы. Жоғарғы сот билігін де корольдің өзі атқарды. Барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелерді жақын достарымен ақылдаса отырып, корольдің өзі шешетін болды. Король сарайы елді басқарудың орталығына айналды. Сарайда корольдің жақын туыс-достары, кызметкерлері мен жасақшылары орналасты. Тұрақты жасақ салықтар мен соғыста түсетін олжаның есебінен өмір сүрді. Франктердің тұрақты әскері болған жоқ. Соғыс бола калған жағдайда барлық ерікті азаматтардан халық жасақтары құрылатын. Негізгі әскери күш корольдің жасағы болды.
Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы - граф тағайындалып қойылды.
Франктер Галлиядағы бос жатқан жерлерді бөліп алып, өз иеліктеріне айналдырды.. Онан кейінгі үлкен үлес оның жақын жасақ басшылары мен нөкерлеріне берілді. Қатардағы қарапайым жасақшыларға шағын үлестер тиді. Жасақ басшылары мен нөкерлер ірі жер иеленушілерге айналды. Олардың иеліктері аллод, яғни толық иелік деп аталды. Аллодтың иесі оны басқа адамға сыйлауға, мұраға калдыруға, қызметкерлеріне уақытша пайдалануға бере тұруға ерікті болды. Ірі жер иеліктерінде құлдар мен колондар (ірі және орташа жер иелерінен шағын жер үлесін алып, заттай салық төлеушілер) жұмыс істеді.
Галлияны жаулап алғаннан кейін қатардағы франктер өзара туыс отбасыларынан құрылған кауымға бірігіп, шаруашылық жүргізді. Олар қауым иелігінде бірлесе еңбек етіп, тапқан табыстарын өзара бөлісіп алатын. Бірте-бірте қауым мүшелерінің арасында мүліктік жіктелу пайда болды. Осыған байланысты қауымнан оның ауқатты мүшелері бөлініп шыға бастады. Қауымдық құрылыс ыдырап, франктер коғамында байлар мен кедейлер болып жіктелу басталды.
Франктердің пұтқа табынушылығы олардың Галлиядағы билігін нығайтуына көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделі күшті христиан шіркеуі ғана қамтамасыз ете алатындығын франкбасшылары түсінді. Сондықтан Хлодвиг 498 жылы өзінің жасақшыларымен бірге христиан дініне енді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен қорыққанынан кірді. Христиан діні франктермен римдіктерді жақындастырып, бір халыққа айналдырды. Шіркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесіп отырды. Хлодвигтің кеңесшілеріне айналып, оның беделін көтеріп, билігін нығайтты.
Хлодвиг оның қарымтасы ретінде шіркеудің байлығын қорғап, оған жер үлесі мен бағалы сыйлықтар беріп отырды. Әрбір елді мекенде шіркеулер ашылды. Дінбасылары халыққа құдай сөзін жеткізіп, оларды құдайға құлшылық етуге шақырды. Христиан дінінің арқасында франктер римдіктердің бай мәдениетін меңгерді.
3. Майордомдар билігі. «Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді. 511 жылы Хлодвиг өлгеннен кейін оның мұрагерлері жер мен билік үшін қиян-кескі күрес жүргізді. Ел біресе бөлшектеніп, біресе қайта бірігіп, тұрақсыз жағдай орнады. Меровингтер әулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп, майордомдардың ықпалы күшейе түсті. Король майордомдарды сарай шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Біртіндеп майордом қызметі әкеден балаға мұра ретінде кала беретін мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды қызметке айналды.
Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 ай жылы Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен қоса жер үлестерін алды. Ол жерден түсетін табыска иесі өзіне ат пен қару-жарақ сатып алуға міндетті еді.
Алғашында жер жауынгердің меншігіне мәңгілік емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезінде ғана берілетін. Кейін ол жер үлестері әкеден балаға мұра ретінде берілетін болды. Сөйтіп оның балалары да әскери қызметті жалғастыруға міндеттенді. Атты әскерлеріне жер үлестіру үшін Карл шіркеу иеліктерінің біраз бөлігін тартып алды.
Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс - феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.
4. 741 жылы Карл Мартелл өлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына тиді. Ол Меровингтерді құлатып, король атағын алуды аңсады. Пипиннің корольді тақтан күшпен құлатып, өзін король деп жариялауына да болатын еді. Бірак ол таққа заңды жолмен отыруды дұрыс деп үйғарды. Бұл мақсатына жету үшін ол кұдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим папасын пайдаланды.
Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасы франктердің көмегіне зәру еді. Сондықтан ол Пипиннің король атағын алуына келісім берді. 751 жылы папаның келісімі бойынша,франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде франктер королі деп жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті. Меровингтер әулетінің ең соңғы королі IIIХильдерик монастырьға қамалып, сол жерде қайтыс болды.
Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға, Лангобард корольдігіне карсы екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерін Рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол «Пипин сыйлығының» жұрнағы болып табылады.
5. Ұлы Карл және оның империясы. Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартелдің атымен Каролингтер(Карлдың латынша аты Каролус болатын) әулеті деп аталды. Ол әулеттің ең атақты королі Ұлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билік кұрды.Карл ұзын бойлы, алып денелі, батыл адам болған. Оның ерліктері мен тапқырлығы жөнінде көп аңыздар мен өлеңдер жазылды. Тіпті «король»деген сөздің өзі соның атынан шыққан.
Ұлы Карлдың билік кұрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. 53 әскери жорықтың 27-сін Карлдың өзі басқарды. Оның жорықтары Испанияға, герман тайпаларына және Италияға бағытталды. Франктер Рим папасына көмектесу үшін Италияға екі рет жорық жасап, лангобардтардыталқандады, Италияның көпшілік бөлігін өз иелігіне қосып алды.
778 жылы Карлдың Испанияға жасаған жорығы сәтсіздікке ұшырады. Тек 801 жылы арабтарға қарсы соғыста жеңіске жетіп, Испанияның шағын аймағын жаулап алды. 772-804 жылдары Карл сакстарға қарсы сегіз рет қанды жорық жасап, әрең дегенде олардың аксүйектерін өз дегеніне көндірді. Саксония бірнеше графтықтарға бөлінді. Графтықтарбасшылығына король ақсүйек франктер мен сакстарды тағайындады. Сакстар Карлдың күштеуімен христиан дінін қабылдады. 788-803 жылдары франктер славян тайпаларымен одақтаса отырып, VI ғасырда қалыптасқан аварлар қағанатын Паннонияда (қазіргі Венгрия аумағы) талқандады.
Ұлы Карл билігінің соңына қарай Франк корольдігі өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Карл империясының астанасы Аахен қаласы болды. Қиын кезде өзіне көрсеткен көмегіне алғыс ретінде папа 800 жылы Римде Карлға тәж кигізіп, император деп жариялады. Сөйтіп Батыста жаңа империя өмірге келді.
Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ұлы Карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады. 843 жылы Карлдың балалары мен немерелері Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Кіші ұлына империяның батысы, ортаншысына - шығыс бөлігі, ал ең үлкен немересіне Италия тиді. Сөйтіп, Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.
Ертедегі орта ғасырлардағы Еуропа мәдениетінің дамуына IV ғасырда мемлекеттік дін деңгейіне көтерілген христиан діні елеулі үлес қосты. Жаңа дін сауатты қызметшілерге мұқтаж болды. Сол себепті монастырьлық мектептер көптеп ашылды. Халықтың сауатын ашып, білімін көтеруге Ұлы Карл қамқорлық жасап отырды. Ол өзінің білімі аз болса да, ұлан-ғайыр мемлекетті дұрыс басқару үшін сауатты адамдар керек екендігін жақсы түсінді. Император өз сарайына Италиядан Павел Диакон, Испаниядан гот Теодульф сияқты көрнекті оқымыстыларды жинады. Білім беру саласында, әсіресе ағылшын-сакс Алкуин көрнекті рөл атқарды. Ол тек оқыту ісін үйымдастырумен шектеліп қоймай, оқулықтар жазумен де айналысты. VI ғасырдағы ойшылдар Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегі білімнің негізін құраған «жеті ерікті өнерді» тривиум (грамматика, тіл өнері, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екіге бөлді.
Карлдың сарайында да мектеп болды. Ол мектепте императордың жан-жақтан жинаған окымыстылары сабақ берді. Сондай-ак сарайда Академия деп аталған үйірме құрылды. Аңыз кейіпкері Академнің атымен аталған бұлфилософиялық мектептің негізін б.з.б. IV ғасырда Платон қалаған еді. Оның мүшелері өлеңдер жазды, философиялық мәселелерді талқылады, ежелгі авторлар мен шіркеу басшыларының еңбектерін оқып үйренді.
Ертедегі орта ғасырлардағы еуропалық мәдениеттің жетістіктері жинақталып, кітаптарға жазылды. Ол кітаптардың сапасын жақсартуға Ұлы Карл көп көңіл бөлді. Осы кезде кітаптардың сапасы да жақсара бастады. Кітаптар арнаулы өңделген бұзаудың немесе қойдың терісі - пергаментке жазылатын.
Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.
V ғасырда Рим империясын жаулап алған варварлар ежелгі мәдениетті құлдыратып жіберген еді. Ұлы Карл ол мәдениетті, әсіресе ежелгі Рим мәдениетін қалпына келтіруге, одан әрі жетілдіріп, дамытуға үлес қосты. Сондықтан да Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта «Каролингтердің қайта өрлеуі» деп аталып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет