Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет1/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Дәрістер мазмұны


Дәрістер мазмұны
1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері» оқу курсына кіріспе: мақсаты, міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті. Ғылым және ғылыми зерттеу. Педагогика ғылымдарының зерттеу бағыттары.
    1. Пәннің мақсаты: «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» атты курсы студенттерді жалпы білім беретін мектептегі ғылыми-зерттешілік және оқу-зерттеушілік жұмысты басқаруға дайындау, дипломдық жұмыс саласында зерттеуге бағыттау, зерттеудің теориясы мен практикасын меңгерту арқылы олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту. Сондықтан да оқу курсының жетекші идеясы – педагогиканың әдіснамасының мазмұнын әлеуметтік педагогтың ғылыми-зерттеушілік құзіреттілігінің негізі ретінде пайымдау.


Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі қабілеттерді меңгереді:
- психологиялық-педагогикалық зерттеу әрекетінің негізгі идеясын, құрылымын анықтай алу;
- зерттеу әрекетінің мазмұнын білім беру саласы мақсатына сай негіздей алу;
- зерттеу әрекетінің құрылымы мен мазмұнын талдай алу;
-мектепте оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастыра алуы, білім беру саласындағы зерттеу көрсеткіштерін білу;
- зерттеу нәтижелеріне талдау жасау, оларды ғылыми эссе, презентация, пікір, ғылыми шолу және т.б. түрінде жинақтау;
- өзіндік тұлғалық ұстанымын белгілеуге және оқу-таным барысында туындайтын мәселелерді өз бетінше шешуге қажетті өзіндік білімдену біліктерін игеру;
- психологиялық-педагогикалық зерттеу саласындағы ғылыми еңбектерді талдау және зерделеу;
-зерттеу әрекетін жоспарлау және олардың сапасын бағалауға қажет өлшемдік материалдар дайындау саласындағы мәселелер бойынша әдебиетпен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын игеру;
- жеке оқу траекториясын жүзеге асыруда тыңдалған курстың рөлін сезіну.
Бұл пәнді оқыту барысында дипломдық жұмыстың тұжырымдамасын, логикасын, әдіснамасы мен әдістері туралы ғылыми білімдерді үйрететін курс болып табылғандықтан іргелі зерттеулерге, зерттеу үлгілеріне мен зерттеу стратегияларына көбірек көңіл бөлінеді. Үй жұмысы өз дипломдық жұмысының ғылыми, түсініктік және өлшемдік аппаратын жасауға арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет