Тәжірибелік сабақ №1
Тақырыбы: ҚР жер санаттары, олардың құқықтық режимі
Практикалық сабақтың мақсаты: Жер санаттарының құрамы мен құрылымын білу және құқықтық режимін анықтай алу
Қазақстан республикасының барлық жерлері бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер біздің елімізде мемлекет меншігі, барлық халықтың ортақ байлығы болып табылады, тек мемлекет меншігінде тұрады және тек пайдалануға беріледі.
Бірыңғай мемлкеттік жер қорының құрамына жердің мынадай сипаттары кіреді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер; өнеркәсіптік, көліктік, тау-кен және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ курорттар мен қорықтардың жерлері; қалалардың, кенттердің, басқа да елді мекендердің жерлері; мемлкекттік орман қорының жерлері; мемлекеттік су қоры жерлері; мемлекеттік қор жерлері.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ортасында аса көлемді аумақты 272,5 миллион гектарды алып жатыр. Ол батысында Еділ (Волга) өзенінің сағасынан бастап – шығысында Алтай тауларына дейін 3 мың километрге дейін және солтүстікте Батыс Сібір ойпатынан, оңтүстікте Солтүстік Тянь-Шянь тауларынан Іле Алатауына дейін 1,6 мың километрге созылып жатыр. Республика алаңы жағынан дүние жүзі елдерінің ондығының құрамына кіреді. Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен құрылықтағы шекарасының жалпы ұзындығы 13 392,6 км, оның ішінде Ресей Федерациясымен – 7 591,0 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351,4 км, Қытай Халық Республикасымен – 1 241,6 км, Қырғыз Республикасымен – 1 241,6 км, Түрікменстан Республикасымен 425,8 км. құрайды.
Қазақстан Республикасы жер балансының 2011 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымының жүйесіне 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала, 161 әкімшілік аудандар, 231 облыстық, аудандық маңыздағы қалалар мен кенттер және 6789 селолық ауылдық елді мекендер және 2453 ауылдық (селолық) округтер кіреді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес нысаналы мақсаты бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер ;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жері;
6) су қорының жері;
7) босалқы жер.
Қазақстан жермен қамтамасыз етілген мемлекетке жатады, яғни орташа алғанда республиканың әрбір тұрғынына 18.3 гектар жерден келеді. Республикамыз дүние жүзінде территория бойынша 9 орынға ие. Жер қоры 272 млн. 490,2 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлері 34,3 % (1.1 кесте бойынша).
Кесте 1 – Қазақстан Республикасында жер қорының жер санаттар бойынша динамикасы, мың га
Көрсеткіштер
|
1991 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
Өзгерістер +,-
|
2011 – 1991 ж.ж
|
2011 - 2010 ж.ж
|
1. Ауыл шарашылығы мақсатындағы жерлер
|
218 375,8
|
93 387,6
|
93 727,4
|
-124 648,4
|
+339,8
|
2. Елді мекендер жері
|
3 747,2
|
23 217,0
|
23 684,1
|
+19 936,9
|
+467,1
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
қалалар және кенттер
|
2 053,5
|
1 789,7
|
2 311,0
|
+257,5
|
+521,3
|
селолық ауылдық округтер
|
1 693,7
|
21 427,3
|
21 373,1
|
+19 679,4
|
-54,2
|
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер
|
18 796,8
|
2 663,8
|
2 688,0
|
-16 108,8
|
+24,2
|
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
|
775,1
|
5 651,6
|
5 755,7
|
+4 876,5
|
+104,1
|
5. Орман қорының жері
|
10 179,2
|
23 048,4
|
23 029,0
|
+12 849,8
|
-19,4
|
6. Су қорының жері
|
819,9
|
4 096,1
|
4 108,5
|
+3 288,6
|
+12,4
|
7. Босалқы жер
|
18 952,3
|
109 109,3
|
108 181,1
|
+89 228,8
|
-928,2
|
Барлық жерлер
|
271 646,3
|
261 173,8
|
261 173,8
|
-10 472,5
|
-
|
Оның ішінде, республика аумағынан тыс пайдаланылатын жер
|
149,8
|
0,9
|
0,9
|
-148,9
|
-
|
Басқа мемлекеттер пайдаланатын жерлер
|
993,7
|
11 317,3
|
11 317,3
|
+10 323,6
|
-
|
Республика аумағы
|
272 490,2
|
272 490,2
|
272 490,2
|
-
|
-
|
Ескерту – Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметтері негізінде
|
Жер балансының 2011 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша Қазақстан Республикасының аумағы 272,5 млн гектарды құрайды, оның 11 317, 3 мың гектар жерін Ресей Федерациясы Байқоңыр ғарыш айлағы және әскери полигоны ретінде ұзақ мерзімге жалға пайдаланылады, сонымен бірге Өзбекстан Республикасының аумағынан 0,9 гектар жер Қазақстан Республикасына «Шымған» санаторий үшін берілген. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының пайдаланып отырған жер қоры 261 173,8 мың гектарды құрайды.
Республиканың жер қорын жер санаттары бойынша бөлу және олардың динамикасы 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте деректерінен көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 121648,4 мың гектарға кеміген, ал 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 339,8 мың гектарға өсіп отыр. Елді мекен жерлері 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 19936,9 мың гектарға, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 467,1 мың гектарға, оның ішінде қалалар және кенттер жері 1991 жылмен салыстырғанда 257,5 мың гектарға, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 521,3 мың гектарға өсіп отыр. Селолық ауылдық округтер жері 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 19679,4 мың гектарға өссе, ал 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 54,2 мың гектарға кеміген. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзгеде ауыл шаруашылығы мақсатында арналмаған жерлер 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 16108,8 мың гектарға кемісе, ал 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 24,2 мың гектарға өсіп отыр. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 4 876,5 мың гектарға, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 104,1 мың гектарға өсіп отыр. Орман қорының жері 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 12 849,8 мың гектарға өссе, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 19,4 мың гектарға кеміп отыр. Су қорының жері 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 3 288,6 мың гектарға, 2010 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 12,4 мың гектарға өсіп отыр. Босалқы жерлер 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 89 228,8 мың гектарға өссе, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 928,2 мың гектарға кеміп отыр. Барлық жердің көлемі 1991 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 10 472,5 мың гектарға кеміп отыр. Республика аумағынан тыс пайдаланылатын жер 148,9 мың гектарға кемісе, басқа мемлекеттер пайдаланатын жерлер 10 323,6 мың гектарға өсіп отыр.
«Жалпы жер алаңы» және «ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер алаңы» сияқты осындай ұғымдарды ажырату қабылданған. Жалпы жер алаңы құрамына ауыл шаруашылығы кәсіпорынына бекітілген барлық территорияны жатқызады. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдаланылатын жерлер болып саналады. Олардың құрамына айдалған жерлер,шабындықтар, жайылымдар, көп жылдық ағаштар, тыңайған жерлер кіреді. Жалпы жер алаңындағы егістікке пайдаланылатын жерлердің жекелеген түрлерінің арақатынасын жер алаңының құрылымы деп аталады, ал ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің жалпы өлшемінде пайдаланылатын жерлердің жекелеген түрлерінің пайыздық қатынасы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің құрылымы болып саналады.
Кесте 2 – Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық жерлерінің көлемі
Көрсеткіштер
|
2007 ж
|
2008 ж
|
2009 ж
|
2010 ж
|
2011 ж
|
Барлық ауданы млн. га
оның ішінде
|
83,4
|
85,5
|
90,2
|
93,3
|
93,7
|
егістік ауданы, млн га
|
22,1
|
22,7
|
23,4
|
24,3
|
24,4
|
жайылым, шабындық, млн. га
|
61,3
|
62,8
|
66,8
|
69,0
|
69,3
|
Ескерту - Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметтері негізінде
|
2 – кесте деректерінен 1 қаңтар 2011 жылғы ахуал бойынша Қазақстан Республикасының шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің жалпы алаңы 93,7 млн. га құрады. Олардың құрамында айдалған жерлер үлесіне шамамен 24,4 ℅ келді, ал шабындықтар мен жайылымдар тиісінше 69,3 ℅ алып жатыр. Басқа ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің өзіндік салмағы 1,5℅ құрады.
Бақылау сұрақтары:
Жер дегеніміз не?
Жердің жалпы өндіріс құралы ретіндегі сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының барлық аумағы қанша?
Достарыңызбен бөлісу: |