өткізгішсіз әрекеттер беру ортасы ретінде кабель пайдаланылатын желімен әрекеттеседі.
Мұндай аралас
компонентті желілер гибридті деп аталады.
Өткізгішсіз ортаның компоненттері:
- жұмыс істеп тұрған кабельді желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді;
- жұмыс істеп тұрған кабельді желіге резервті көшіруді ұйымдастыруға көмектеседі;
- жылжымалылықтың
белгілі деңгейіне кепіл береді;
- желінің мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдермен салынатын максималды созылуына
шектеуді жоюға мүмкіндік береді.
Кабельді орнату қиындығы – бұл өткізгішсіз ортаның артықшылығының факторы. Ол әсіресе келесі
жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:
- адамдар лық толған ғимараттарда (мысалы, кіре берісте немесе қабылдау бөлмесінде);
- бір орында жұмыс істемейтін адамдар үшін (мысалы дәрігерлер немесе медбибілер үшін);
- оқшауланған мекемелермен ғимараттарда;
- жобалауы жиі
өзгеретін мекемелер;
- кабельді орнатуға болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарих немесе сәулет ескерткіштерінде).
Өткізгішсіз желілер типтері
Технологияларына байланысты өткізгішсіз желілерді үш типке бөлуге болады:
- жергілікті
есептеу желілері;
- кеңейтілген жергілікті есептеу желілері;
- жылжымалы желілер (тасымалданатын компьютерлер).
Осы желі типтерінің арасындағы негізгі айырмашылық – беру параметрлері. Жергілікті және
кеңейтілген жергілікті есептеу желілері желі жұмыс істеп тұрған ұйымға тиісілі
берумен қабылдағышты
пайдаланады. Тасымалданатын компьютерлер үшін сигналдарды беру ортасы ретінде АТ&Т, MCI,
жергілікті телефон компаниялары және олардың жалпыға ортақ қызметтері пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: