Қатқыл магниттік диск
Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) — дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.
Қатқыл диск
Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе ҚМДЖ (ағылш. Hard Disk Drive, HDD) қатқыл диск,компьютерлік сленгте «винчестер» - магнитті жазбаның ұстанымында негізделген есте сақтау құрылғысы. Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады. «Иілгіш дискіден» басты ерекшелігі – ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан. Қатқыл дискінің жұмыс жүйесінде санаушы бастары пластинаның сыртқы бетіне тимейді. Оның басты себебі, ферромагнитті диск жылдам айналған кезінде, санаушы бастардың сыртқы қабатына дискіні тигізбейтін ауа қабаты қалыптасады. Санаушы бас пен диск арасында бірнеше нанометр кеңістік қана қалады. Қазіргі замаңғы қатқыл дискілерде бұл көлем 10 нм – ді құрайды. Санаушы бас пен дискінің бір – біріне соқтығыспауы, қатқыл дискінің жұмыс мерзімінің ұзақ уақытқа жетуіне кепіл береді. Қатқыл дискінің иілгіш дискіден басты ерекшеліктерінің бірі – ақпарат тасымалдаушы, жүйелік блоктың ішіндегі қор жинақтауышпен байланыстырылғандығында.
Достарыңызбен бөлісу: |