Презентация тақырыбы: «Буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері» Орындаған: Шәріпбек С. Өмірбай М. Тобы: АП-13-7к1 Қабылдаған: Абдуллаева Г. - Аналық және аталық жыныс клеткаларының бір-бірімен қосылып, үшінші жаңа клетка - зиготаның пайда болуын буаздық деп атайды.
- Буаздық - ұрғашы малдың организмінде, ұрықтың өсуімен (зиготаның) байланысты өтетін күрделі физиологиялық процесс. Буаздықтың басталуы ұрықтану кезеңінен басталып, ұрпақтың жетіліп, туумен аяқталады.
- Малдарда буаздық бір ұрпақты және көп ұрпақты болуы мүмкін. Буаздық қалыпты (физиологиялык) және потологиялық болып бөлінеді. Потология-лық буаздық кезінде аналық организмінде физиологиялық процесстер бұзылады. Сондай процесстер ұрықтың (зигота) организмінде де бұзылуы мүмкін.
Буаздық мерзімі деп ұрыктанған күннен бастап туғанға дейін уақытты айтады. Бұл мерзім әр малдың түлігіне байланысты әрқалай бола береді
|
Буаздық мерзімі, орта есеппен
|
Ауытқуы
|
Сиырда
|
285 күн
|
270 - 295 күн
|
Биеде
|
340 күн
|
320 - 355 күн
|
Саулықта
|
150 күн
|
145- 160 күн
|
Мегежінде
|
114күн
|
110-116 күн
|
Түйеде
|
365 күн
|
335 - 395 күн
|
Есекте
|
380 күн
|
360 - 390 күн
|
Алғаш буаз болған жас тұмса малдың буаздық мерзімі ұзақтау болады, созалаң - қатпа ауруы бар малдың да буаздық мерзімі ұзарады. Буаздық мерзімнің ұзақтығына тіпті малды буаз кезінде дұрыс бағып - күтудің, азықтандырудың да әсері бар.
Буаздық - деп ұрғашы малдардың организмінің ұрықтанғаннан туғанға дейінгі ерекше физиологиялық күйін айтады.
Ауыл шаруашылық малдарының буаздығының ұзақтығы әр малда әр-түрлі болады. Ол малдың түріне, породасына, жасына, азықтандырылуына, күтіп бағуына және басқа жағдайларға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |