Құрметті ұстаздармен, студенттер бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «ҚР экологиялық мәселелері»
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты əлем кеңістігінде экологиялық проблемалар қалыптасты. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі, табиғат тепе-теңдігінің өзгеруі айналадағы ортаның ластануы мен антропогендік ландшафттардың қалыптасуына əсер етеді. Табиғатқа, табиғат ресурстарына деген шектен тыс тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріп, оның зардаптары тірі организмдерге, адамдарға əсер етуде. Осының салдарынан жер бетінде қышқыл жаңбырлар, топырақ эрозиясы, қатерлі аурулар мен озон қабатының жұқаруы т.б. қауіпті зардаптардың деңгейі артып экологиялық проблемалар туындауда. Экологиялық проблема ғаламдық проблемалардың бірі. Себебі, экологиялық проблеманың алдын-алу тек бір мемлекеттің ғана мүддесі емес, бүкіл планета халықтарының басты мақсаты болуы тиіс. Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер секілді ғылым мен техника, өнеркəсіптің дамуына байланысты экологиялық проблемалар қалыптасты. Қазақстанның құрғақ климаттық белдеуде орналасуы, жер асты жəне үсті байлықтарын шектен тыс пайдалану, орман ресурстары жер көлемінің азаюы, шөлді аймақтарды игеру, зауыт-фабрика, полигондарды пайдалану еліміздегі экологиялық проблемалардың, Арал теңізі, Семей полигоны секілді апат аймақтардың пайда болуына əсер етті.
Бүгінгі таңда климаттың өзгеруіне әсер ететін екі күрделі мәселе бар.
Олар:
1. Қоршаған ортаға әсер ететін зиянды газдарды атмосфераға шығаратын өндіріспен байланысты антропогендік жағдайлардың өсіп бара жатқандығы
2. Өмір сүруге маңызды компоненттер: орман, тау, теңіз, өзен, көлдер және сирек экожүйе байланысының бұзылуы.
Мұның бәрі экожүйе өзгерісін болжау мүмкін еместігіне әкеліп соғады. Қазір шара қолданбасақ бізді болашақта қандай өзгерістер күтіп тұрғаны белгісіз.
Қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемалар және Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары туралы қазір студенттеріміз мағлұмат беріп өтеді.
Искакова Дана «Арал теңізінің экологиялық проблемалары және оның шешу жолдары»
Жұмабек Наргиз, Мұратбек Балнұр «Каспий теңізі»
Нұрланқызы Балжан, Бектұрғанов Әмірхан «Байқоңыр ғарыш айлағы»
Әбек Бекмұхаммед, Амангелді Нұраян «Шөлдену проблемалары»
Мұратқызы Назерке, Мырзахан Аслан «Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары»
Жүніс Айдана, Төлепберген Нұрсамат «Табиғатты қорғауға арналған еліміздің заңнамалары»
Байұзақова Ақбота, Жақсылық Саят «Экологиялық дүниетаным қалыптасуы»
Успанова Карина, Мамайұлы Нұрасыл «Сырдария өзені»
Молдаш Қойсары, Марат Арайлым, Салхадин Сырым «Тұрмыстық қалдықтармен ластану»
Достарыңызбен бөлісу: |