|
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Коммунальное государственное предприятие на ПХВ «Жамбылский высший медицинский колледж» управления здравоохранения акимата Жамбылской области
|
ТЖ туралы Ереже, ішкі тәртіп ережесі, студенттердің ар-намыс Кодексі / Положение о ВР, свод правил, Кодекс чести студентов колледжа
|
ТЖ-СМЖ-ВР-СМК
07-01-02
6 беттің беті
стр из 6
|
|
Қаралды Бекітемін
Педагогикалық кеңесте №1 Жамбыл медициналық
« »_______2022 ж. колледжінің директоры
Ж.Н. Сарыбекова_____
« » _____2022 ж.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттеріне арналған ішкі тәртіп ережесінің жинағы/Свод правил внутреннего распорядка
для студентов Жамбылского высшего медицинского колледжа.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттеріне арналған ішкі тәртіп ережесінің жинағы.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері өздеріне білім және тәрбие алуды мақсат етіп отырулары қажет. Сыртқы келбеті мен ішкі дүниесі үйлесімді болып, бойындағы барлық жақсы қасиеттері колледж талаптарымен сай болуы керек. Алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін келесі ережелерді ұстану қажет.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттерінің сырт келбеті, адамгершілік қасиеттері және негізгі ережелер.
1.1. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттер қатарына жатпайды:
-деструктивті және тоталитарлық секта мүшелері;
-құқықтық тәртіпті бұзған, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар;
-қоғамда мас күйінде жүретіндер;
-қоқандылық, әдепсіздік, менменшілдік көрсететіндер;
-оқуға зиянын келтіретін, қосымша жұмыс істейтіндер;
-колледждің студенттеріне, қызметкерлеріне моральдық және материалдық нұқсан келтіретіндер.
1.2. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері құқылы:
-сапалы білім алуға;
-ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен қамтамасыз етілуге;
-спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
-өзінің пікірі мен ойын еркін білдіруге;
-өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
-оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
1.3. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері
Достарыңызбен бөлісу: |