Девиация
Девианттылық - белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қарсы іс-әрекет.
Қылмыс - заң тұрғысынан жазалауға жататын, қоғамға жат әрекет.
Девианттылықты басқалардың реакциясына қарай анықтай отырып, әлеуметтанушылар табиғатынан толықтай девиантты әрекеттің болмайтынын айтады. Бір әрекет біреулерге ереже бұзушылық болуы мүмкін, ал басқаларға мүлдем олай көрінбейді. Соғыс кезінде, полиция қызметінде немесе өзін-өзі қорғауда басқа адамды өмірінен айыру заң бұзушылық деп есептелмейді. Белгілі бір әрекет девианттылыққа жата ма, жоқ па - ол көбіне тарихи жағдайға, оқиға болған жерге, жеке адамға және айналадағыларға байланысты.
Девианттылықтың қылмыстық және қылмысқа жатпайтын екі түрі бар. Девиантты мінез-құлықтың көпшілігі бейресми әлеуметтік бақылаудың ғана аясына кіреді. Егер іс-әрекет заң тұрғысынан жазалауға жататындай қоғамға жат әрекет болса, онда оны қылмыс деп атаймыз.
Қылмыс - заң тұрғысынан жазалауға жататын, қоғамға жат әрекет.
Девианттылық әлеуметтануы екі маңызды проблеманы қарастырады: 1) құқықтық және әлеуметтік ережелер қалай қалыптасады? 2) адамдар неге өз заманының және тұрғылықты жерінің заңы мен қоғамдық ережелерін бұзады?
Аномия - қоғамның нормалары айқындығының жоғалуы немесе қолданыстан шыгып қалуы.
Құрылымдық-функциялық теория қоғамның бөліктері дене мүшелері сияқты бірлесе жұмыс істейді деп болжайды. Сонымен бірге құрылымдық функцияшылдар пікірінше, девианттылық қоғамды қажетті, сатылы әлеуметтік өзгерістерге итермелеп отырады. Алайда девианттылық шектен шығып кетсе, қоғам үшін дисфункциялы (бүлдіргіш) рөл атқарады. Бұл тұжырымды девианттылыққа қатысты, алдымен Эмиль Дюркгейм қолданған. Дюркгейм кішігірім девианттылықтың артықшылықтарын мойындағанымен, қазіргі қоғамдағы дисфункциялы девианттылықтың себептерін талдаған маңызды зерттеулерінің бірінде жиілеп кеткен суицидті қарастырған. Ол дәстүрлі қоғамдарда ережелер әдетте жақсы танымал болып, кеңінен қолдау тауып отырған дейді. Қоғамның ауқымы өсіп, түрлері көбейіп, әлеуметтік өзгеріс жылдамдаған сайын қоғам нормалары пайдалануға жарамай, түсініксіз бола бастады. Дюркгейм бүл жағдайды аномия деп атап, қазіргі замандағы суицидтің басты себебі сол деген түжырым жасады. Ең бастысы - Дюркгейм де, одан кейінгі қүрылымдық функцияшылдар да девианттылықты жеке адамньщ ауытқуы емес, әлеуметтік мәселе ретінде сипаттады, яғни, «Бүл - жеке адамның емес, әлеуметтік құрылымның проблемасы», - деді олар. Сондықтан девианттылық проблемасын шешу үшін жеке адамды түзетуге тырысудың орнына қоғамдық дисфункциялықты жою керек деген пікір айтты.
Жағымсыз мінез-қүлық: шиеленіс теориясы Девианттылықтың классикалық құрылымдық-функциялық теориясы - Роберт Мертонның (1957) шиеленіс теориясы. Шиеленіс теориясы бойынша көпшілігіміз конформистпіз, яғни біз қоғамның мәдениеті қабылдаған мақсаттарына мәдениетке сәйкес құралдардың көмегімен жетуге болатынын түсінеміз. Шиеленіс теориясының тұжырымы бойынша, осылайша адамдар осы мәдени тұрғыдан мақұлданған мақсаттарға дәл солай (мәселен, университетте оқу немесе жалақысы жоғары жұмысқа тұру) мақұлданған құралдардың көмегімен (мәселен, сабақты жақсы оқу, жұмысқа уақытында бару деген сияқты) жете алмағанда девианттылық туындайды.
Шиеленіс теориясы бойынша мәдени тұрғыдан мақұлданған мақсаттарға дәл солай мақұлданған құралдар арқылы жете алмаудан девианттылық туындайды
Шиеленіс теориясы көбінесе төменгі әлеуметтік сатыдағы қылмысты түсіндіру үшін қолданылады.
Мертонның сөзімен айтсақ, қоғамның мақсаттарын қолдайтын, бірақ сол мақсаттарға жету жолында «институтталған» (мақұлданған) әдістерді жоққа шығаратын адамдардың іс-әрекетін инновация деп атайды. Оның орнына инноваторлар қоғам қабылдаган мақсаттарға заңсыз жолмен жетуді көздейді. Мұның классикалық мысалы - экономикалық табысқа жету үшін кісі тонауға көшкен кедей адам. Алайда инновация тек қылмыстық әрекетпен шектелмейді. Қылмысқа жатпайтын инновация деп диплом алу үшін тест кезінде шпаргалкадан көшіру, бейсбол ойындарына қатысу үшін стероид ішу сияқты әдістерді айтады. Бұл екі жағдайда да адамдар қабылданған мәдени мақсаттарға қол жеткізу үшін институтталған әдістердің орнына заңсыз әдістерді пайдаланады. Мертон, сонымен қатар адамдардың аномияға бейімделуінің ритуализм, ретритизм және бүлікшілік деген тағы үш жолын анықтады.
Р и т у а л и з м - өздерінің мақсатқа жетуден бас тартқанына қарамастан, қоғам мақұлдаған мақсаттарға жету үшін мәдениетке сәйкес құралдарды пайдалануды жалғастырып жүрген адамдардың іс әрекеті. Мертонның ритуализміне классикалық мысал - алға қарай қадам басуды мақсат етпейтін, алайда жұмысын сақтап қалу үшін барлық бюрократиялық процедураларға сай әрекет ететін қызметкер. Ритуалистер - ереже бұзушы да, қылмыскер де емес.
Р е т р и т и з м - қоғамның мақсаттарынан және оның мақұлданған құралдарынан бас тартқан адамдардың мінез-құлқын сипаттайды. Олар - қоғамнан оқшауланып қалған, есірткісін тауып қана өмір сүріп жүрген нашақорлар мен үйсіз қаңғыбастар. Нашақорлық немесе қаңғыбастық заңсыздыққа жатпайды, алайда көбіне ретритизм жолын ұстанатын адамның өмір салты (мысалы, кокаин сатып алу немесе көшеде ұйықтау) мен іс-әрекеті заңға қайшы келеді.
Б ү л і к ш і л д і к - қоғамның мақсаттары мен құралдарынан бас тартып қана қоймай, мақсаттар мен құралдардың балама түрлерін ұстанатындардың іс-әрекеті. Олар өздері үшін, ал кейбір жағдайларда революционерлер, хакер-анархистер және буддист монахтарына айналған америкалық христиандар сияқты адамдар үшін балама қоғам құрудан үміттенетін адамдар. Мертонның бүлікшілдік туралы сипаттамасына сай келетін іс-әрекет әдетте девианттылық болып, кейде заңсыз болып саналады.
Мертон инновация терминін әлеуметтіктурғыда мақұлданған мақсаттарға жету үшін (мысалы, жарыста жеңу) мәдениет мақулдамайтын (мысалы, стероид қолдану) әдістерді қолданатын адамдарға қатысты пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |