Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар болып не табылады?
A) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер.
B) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында көзделген әрекеттер, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген іс-әрекеттер.
C) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында көзделген әрекеттер.
D) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер.
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының қабылданған күнін көрсетіңіз?
A) 1998 жылғы 2 шілде
B) 1998 жылғы 30 шілде
C) 1999 жылғы 20 шілде
D) 2000 жылғы 30 маусым
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР-ның Заңы кімдерге қатысты қолданылмайды?
A) ҚР аумағынан тыс жерлердегі азаматтығы жоқ адамдарға.
B) ҚР аумағынан тыс жерлердегі ҚР барлық азаматтарына.
C) ҚР тіркелген және ҚР аумағынан тыс жерлердегі заңды тұлғаларға.
D) ҚР аумағындағы барлық азаматтарға.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органды құруға кім құқылы?
A) ҚР Президенті.
B) ҚР Үкіметі.
C) ҚР Қауіпсіздік Кеңесі.
D) ҚР Парламенті.
E) ҚР Бас прокуратурасы.
|
Заңсыз алынған мүлiкті немесе оның құнын мемлекетке өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, өндіріп алу қалай жүзеге асырылады:
A) соттың шешімімен.
B) тергеу жүргізуші органның шешімі бойынша.
C) прокурордың қаулысы негізінде.
D) салық қызметінің шешімі бойынша.
|
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасалған мәмілелерді сот:
A) жарамсыз деп таниды.
B) заңнамаға қайшы келетін бөлігінде жарамсыз деп таниды.
C) заңға қайшы келмейтін бөлігінде жарамды деп таниды.
D) шарт тараптарының келісімімен жарамды деп таниды.
E) заңнаманы бұзбаған тараптың келісімімен жарамды деп таниды.
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес лауазымды адамдар түсінігі:
A)тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерiнде, ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.
B) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерiнде, ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiл мiндеттерiн тұрақты жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк мiндеттерiн атқаратын адамдар.
C) тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерiнде, ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында жеке тұлға өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне кімдер жатады?
A) лауазымды адамдарға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар жатады.
B) заңды түрде мүліктік игiліктер беретiн жеке тұлғалар жатады.
C) шетелдік кәсіпорындардың лауазымды адамдарына мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн заңды тұлғалар жатады.
D) шетелдік кәсіпорындардың лауазымды адамдарына заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке тұлғалар жатады.
E) жеке кәсіпорындардың лауазымды адамдарына заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн заңды тұлғалар жатады.
|
Төмендегі аталғандардың қайсысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының қағидасы болып табылады?
A) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі.
B) кінәлінің жауаптылығы қағидаты.
C) жауаптылықтың бұлтартпастығы қағидаты .
D) демократиялық қағидаты .
E) ізгілік қағидаты .
|
Қандай жағдайларда мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттері мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға берілуі мүмкін?
A) жол берілмейді.
B) тиісті әкімнің шешімінің негізінде.
C) тиісті мәслихат шешімінің негізінде.
D) ҚР Үкіметі қаулысының негізінде.
|
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кім жүргізуге міндетті?
A) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.
B) өз құзыреті шегінде тек қана лауазымды адамдар.
C) тек қана құқық қорғау органдары.
D) өз құзыреті шегінде тек қана мемлекеттік органдар.
E) ҚР-ның азаматтары.
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында көзделген қаржы бақылау шаралары қандай құқық қатынастарына қолданылмайды?
A) ҚР-да тұрғын үй құрылысы үшін құрылыс материалдарын сатып алуға.
B) өндірістік үй-жайды сатып алуға.
C) автокөлік сатып алуға.
|
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға және соларға теңестірілген адамдарға қандай мәмілелер жасауға тыйым салынады?
A)өз атынан емес бөгде адамдар атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға.
B) жақын туыстардың пайдасына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға.
C) бөгде адамның пайдасына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға.
D) заңды тұлғалардың пайдасына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға.
E) жұбайының (зайыбының) пайдасына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға.
|
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы?
A) мемлекет қорғамайды және жауап беруге тиіс.
B) құқық қорғау органдары қорғайды.
C) мемлекет қорғайды.
D) құқық қорғау органдарының шешуі бойынша қорғалуы мүмкін.
E) мемлекеттің қорғауында болады.
|
Мемлекеттік міндеттерді атқарумен байланысты қойылатын шектеулерді қабылдамау қандай салдарға әкеп соғады?
A) жұмысынан босатуға.
B) айыппұл салуға.
C) сөгіс жариялау.
D) ескерту жариялауға әкеп соғады.
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік лауазым атқаратын адамдардың жақын туыстарының қайсысы салық органдарына табысы және мүлкі туралы декларация ұсынуға міндетті?
A) жұбайы (зайыбы).
B) ата-аналары.
C) балалары.
D) кәмелетке толған балалар.
E) ата-аналары, жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалар.
|
Мемлекеттік лауазым атқаратын тұлға салық органына декларация тапсырмаған жағдайда, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, оған қатысты қандай шара қолданылады:
A) жұмыстан босатылуы.
B) айыппұл салынуы.
C) сөгіс жариялануы.
D) қызметінен төмендетілуі тиіс.
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес қайсысы жақын туыс болып табылмайды?
A) немере ағалары мен апа-сіңлілері.
B) ері (зайыбы).
C) бала асырап алушы.
D) балалары.
|
Лауазымды адамдардың, кімдер атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды атқаруына болмайды?
A) өздерінің жақын туыстары;
B) тек қана ері (зайыбы).
C) тек қана ата-аналары.
D) барлық жауаптар дұрыс емес.
|
Қандай жағдайда тұлға заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік беруге құқы бар?
A) құқы жоқ.
B) экономикалық қажеттілікке байланысты.
C) өз шешімі бойынша.
D) жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттік органның рұқсатымен.
|
Лауазымды тұлға білмей келіп түскен сыйлықтар қандай мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға тегін өткізілуге тиіс?
A) жеті күн мерзім ішінде.
B) отыз күн мерзім.
C) екі апталық мерзім.
D) бес күн мерзім ішінде.
|
Төменде аталғандардың қайсысы сыбайлас жемқорлық болып табылады?
A) жеке тұлғаның шақыруы бойынша шетелдік туристік сапарлар.
B) жұбайының шақыруы бойынша шетелдік туристік сапарлар.
C) жеке тұлғаның шақыруы бойынша сапарлар (жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттік органның келісімімен), егер де олармен қатынас шақырылатындардың қызметтік мәселелерін қозғамайтын болса.
D) жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен ғылыми іс-шараларға шетелдерге сапар.
E) шетелдік серіктестердің шақыруы бойынша жарғылық қызмет шеңберінде жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен шетелдерге сапар.
|
Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу қалай жүзеге асырылады:
A) сот шешімімен.
B) прокуратураның ұсынымы бойынша.
C) ұлттық қауіпсіздік комитеті органымен.
D) салық полициясымен.
E) аталғандардың ешқайсысымен.
|
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң күшiн кім жояды?
A) тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот.
B) мүдделi заңды тұлға немесе прокурор.
C) тек қана сот.
D) жеке және заңды тұлғалар.
|
Мемлекеттік функцияларды орындауға үміткер адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiмін:
A) жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi.
B) нотариалдық расталған нысанда тікелей мемлекеттік қызметшінің басшысы белгілейді.
C) жазбаша түрде мемлекеттік органның басшысы белгілейді.
D) ауызша түрде айтылады.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшiге қолданылатын шара:
A) тәртіптік жауапкершілік.
B) қылмыстық жауапкершілік.
C) әкімшілік жауапкершілік.
D) жауапты болмайды.
|
Қандай жағдайларда мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайларда заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс?
A) барлық жағдайларда.
B) тек қана жоғары тұрған лауазымды адамның көрсетуімен.
C) егер де мүлік пен қызметтердің жалпы құны 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса.
D) егер де лауазымды адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса.
E) сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуші органның шешуі бойынша.
|
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсыруданнемесе мемлекетке оныңқұынын төлеуден бас тартылған жағдайда кім талап арыз бере алады?
A) прокурор, салық қызметі, не оған заңмен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.
B) тек қана салық қызметі.
C) мүдделі адам.
D) тек қана прокурор.
E) жоғары тұрған лауазымды адам.
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы бойынша заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан бас тартылған адамға қолданылатын шара:
A) мүлікке тыйым салу.
B) шығып кетпеу туралы қолхат.
C) отыз тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамауға алу.
D) он тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамауға алу.
E) тәркілеу.
|
Төмендегілердің қайсысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының принципі болып табылмайды?
A) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру.
B) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi.
C) лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану.
D) дың барлығы дұрыс емес.
|
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға және соларға теңестірілген адамдарға тыйым салынады:
A) бүркеншiк атпен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға.
B) жалға берілген мүліктен табыс алуға.
C) ақы төленетін педагогтік қызметпен айналысуға.
D) дың барлығы дұрыс.
|
Мемлекеттік функцияларды орындаумен қандайқызмет сыйысады?
A) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық.
B) кәсіпкерлік.
C) қоғамдық.
D) қайырымдылық.
|
Сыбайлас жемқорлыққка байланысты құқық бұзушылықтар үшін кімдер жауапты болады?
A) мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар.
B) барлық азаматтар.
C) азаматтығы жоқ адамдар.
D) тек қана мемлекеттік қызметшілер.
|
Сыбайлас жемқорлыққка байланысты құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылмайтындар?
A) қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері.
B) құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің лауазымды адамдары.
C) барлық лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті өзге де адамдар мен соларға теңестірілгендер.
D) ҚР Қарулы Күштерiнде ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.
E) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар.
|
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық нәтижесінде жасалған актілерді кім жояды?
A)тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот.
B) сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуші органдардың ұсынуы бойынша тек қана сот.
C) тек қана прокурор.
D) өздерінің қарауы бойынша орган немесе лауазымды адам.
|
Қылмыстық жазаланатын әрекет болмаған жағдайда қызметтік құпия болып табылатын мәліметті жариялағаны үшін қандай шара қолданылады?
A) жұмыстан босату.
B) 10 тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамауға алу.
C) сөгіс.
D) 50-ден 100-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл.
E) 100-ден 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл.
|
Осы Заң нені айқындайды?
A)сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
B) ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
C) қылмыстық жауапкершіліктің негіздерін, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай қауіпті әрекеттер сыбайлас жемқорлық болып табылатынын айқындайды, оларды жасағаны үшін жазалау мен қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын белгілейді.
|
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін Осы Заңның негізінде жауапты болатындар:
A) мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар.
B) тергеу жүргізуші органдар.
C) прокурорлар.
D) жеке және заңды тұлғалар.
|
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты қағидаттары болып табылатындар:
A) аталған қағидаттардың барлығы.
B) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
C) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру.
D) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi.
E) аталған қағидаттардың ешқайсысы.
|
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға үміткер адамдар:
A)өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды.
B) заңмен белгіленген жағдайларда ғана өздеріне шактеулерді қабылдайды.
C) өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында ешқандай да шектеулердi қабылдамайды.
|
Мемлекеттік лауазымға кандидат болып табылатын адамдар тұрғылықты жері бойынша салық органына банк мекемелеріндегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы мәліметтерді ұсынады, оның ішінде:
A)соның iшiнде ҚР аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы.
B) тек қана ҚР аумағында.
C) соның iшiнде ҚР аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, егер де олардың мөлшері айлық есептік көрсеткішінің мың еселенген мөлшерінен асатын болса.
|
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және соларға теңестірілген адамдарға, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға өз еркімен қатысуға:
A) тыйым салынады, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса.
B) рұқсат етіледі.
C) тыйым салынады.
|
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар болып:
A) барлық аталған құқық бұзушылықтар табылады.
B) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету.
C) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау.
D) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу.
E) аталған құқық бұзушылықтардың ешқайсысы емес.
|
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты:
A) ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде республикалық бюджетке аударылуға тиiс.
B) ол анықталғаннан кейiн үш аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиісті салық органына аударылуға тиiс.
C) ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде арнайы мемлекеттік қорға аударылуға тиiс.
D) ол анықталғаннан кейiн бір аптадан аспайтын мерзiм iшiнде республикалық бюджетке аударылуға тиiс.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға қандай кепілдіктер беріледі?
A) жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
B) жұмысқа қабылданған кезде артықшылықтар беру.
C) қызмет бойынша көтерілу.
D) жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету.
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың заңсыз баюының барлық жағдайында заңсыз алынған қызметтердің құны:
A) мемлекет кірісіне өндіріліп алынуға тиіс.
B) ол анықталғаннан кейiн үш аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиісті салық органына аударылуға тиiс.
C) ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде арнайы мемлекеттік қорға аударылуға тиiс.
|
Егер де мемлекеттік міндеттерді атқарушы адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін босатылғаннан кейін заңсыз алынған мүлікті тапсырудан бас тартса:
A) мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша салық органына заңсыз алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
B) ол адам отыз тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамауға алуға жатады.
C) ол адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының мақсаты:
A) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден ҚР ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету.
B) мемлекеттік міндеттерді атқаратын мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың мүдделерін қорғау.
C) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жаза мен өзге қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын белгілеу.
|
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамның жақын туыстарының қайсысы сыйлықтар мен қызмет қабылдауға құқығы жоқ?
A) отбасы мүшелері.
B) бағынышты адамдар.
C) тек жұбайы (зайыбы) ғана.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға қандай кепілдіктер беріледі?
A) тиіспеушілік.
B) сөз бостандығы.
C) жазасыздық.
|