Құдыққа (септик) немесе локальды тазарту құрылыстарына ағызылатын және кейін қалаға шығарылып кәріз жүйесіне төгілетін тұрғындардың сарқынды су қалдықтары туралы



Дата03.07.2016
өлшемі22.27 Kb.
#174008
Құдыққа (септик) немесе локальды тазарту құрылыстарына ағызылатын және кейін қалаға шығарылып кәріз жүйесіне төгілетін тұрғындардың сарқынды су қалдықтары туралы.
Қалалық кәріз желісіне қосылу болмаған жағдайда, жеке тұрғын үйлер құдығынан тұрмыстық сарқынды суларды сору локальды тазарту құрылыстары вакуумды (пневматикалық) тиеумен ассенизационды көлікпен өндіріледі, содан кейін кәріз желісі құдығына немесе қала сыртындағы құдыққа немесе жыраға төгіледі.
Талдықорған қаласының экологиялық жағдайларының нашарлауына жол бермеу үшін, сарқындылардың тасталуына жол бермеу мақсатында, бұл мақсат үшін арналған жерлерде қоқыс төгілетін ордан (септиктерден) шығарылатын және кәріз желісіне ағызылуы модульді типтік сарқындыларды қабылдау ағызу станциясы өндіріске енгізіледі.
Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау Ережесіне (ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген) сәйкес, су бұру жүйелеріне қосылмаған тұтынушылардың шығарылатын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суларын қабылдау жабдықталған төгу пункттерінде жүргізіледі.
Төгу станцияның құрылғысы және пайдаланылуы қызметкерлер мен тұрғындар үшін санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. Станция өзімен бірге қышқылға берік болаттан жасалған, сарқындыларды қабылдау және араластыру үшін ірі ластану мен резервуар үшін торда орналасқан жылыту және желдету жүйесімен жабдықталған жылытқыш контейнер, қатты қалдықтар үшін контейнерді көрсетеді. Станция орталық диспетчерлік пунктқа ақпарат беру үшін, автоматизация және құрылғы жүйесімен жабдықталған. Қабылданған сарқынды сулар олардың керекті концентрациялы затқа дейінгі сұйылуынан кейін, кәріздік тазарту құрылыстарына тасымалдау үшін кәріздік коллекторға, яғни толық биологиялық тазартудан өтетін жерге түседі. Сарқынды суларды қабылдау туралы ақпарат автоматтандырылған тәртіпте және ақпараттық есепте жүргізіледі. Ақпарат диспетчер қызметінің компьютерінде сақталады.
Жеке және заңды тұлғалардан тұрмыстық сарқындыларын шығару және төгумен айналысатын әр жабдықтаушы төгу станциясындағы сарқындыларды қабылдауға келісім-шарт жасасуға және қолдану идентификаторын алуы тиіс. Төгу станция өндірісіне енгізілгеннен бастап, басқа жерлерде тұрмыстық сарқындылардың кәріз желесімен төгілуіне жол бермейді.
Қызмет беру көлемін анықтау тәртібі Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығы (28.02.2015 жылғы өзгертулер мен қосымшалармен) сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау Әдістемесімен анықталған.
Тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланылатын су, тұтынушылардың су бұру қызметіне көрсетілген көлемі, сұйық қалдықты шығару және елді мекендегі су бұру жүйесіне олардың төгілуі үшін арнайы автокөлік қызметімен қолданатын елді мекендегі су бұру жүйесіне қосылмағандар, ағынды пункте (станцияда) елді мекендегі су бұру жүйесіне қабылданған сарқынды сулар көлеміне тең қабылданады.
Ағынды пункта елді мекендегі (қызмет беруші) су бұру жүйесіне қабылданған сарқынды сулар көлемі көлік құрылғысының сыйымдылық көлемі бойынша анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет