Дыбыс толқындары



Дата12.07.2016
өлшемі13.83 Kb.
#195205


Дыбыс толқындары
Дыбыс – серпімді ортада таралатын, жиілігі 16 Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі механикалық толқындар.

Қасиеттері:

1. Дыбыс – бойлық толқын;

2. Серпімді ортада таралады (ауа, су, әртүрлі металдар және т.б.);

3. Әр түрлі ортада белгілі жылдамдықпен таралады: ауада – 330 м/с – 340 м/с, суда – 1480 м/с, темірде – 5850 м/с.
Музыкалық дыбыс – камертондардың немесе гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.
Сипаттамалары:

1. Дыбыс қаттылығы – тербелістер амплитудасымен анықталады;

2. Тон биіктігі – тербелістер жиілігімен анықталады;

3. Дыбыс тембрі – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік

бояу беретін дыбыстың сапасы (скрипка, рояль, домбыра және т.б.);




Дыбыстың қасиеттері

Дыбыстың шағылуы

Дыбыстың сынуы

Дыбыстың жұтылуы

Түзусызықпен таралуы
4. Дыбыс жылдамдығы – υ= λ· ν;

Шу - әртүрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы.



Дыбыс шағылғанда жүріп өткен жолы: s=υ·t/2
Реверберация – дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы
Ультрадыбыс – тербеліс жиілігі 20000 Гц-тан жоғары болатын, серпімді ортада таралатын механикалық толқындар.

Қолданылуы: эхолокацияда, медицинада УД тексеру, материалдарды кесу, дәнекерлеу, ақауларды анықтауда.
Инфрадыбыс – жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары.

Қолданылуы: бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оны әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет