Дидактикалық материал Шақан-шері



бет2/2
Дата23.12.2023
өлшемі19.2 Kb.
#487794
1   2
3 Дидактикалық материал

Көксерек
(үзінді)


Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш – итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.
Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес...
...Түске жақын мезгіл еді. Жота-жотадан қарауыл салды. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Алыстан таныс иіс келіп, мұрнына жетті. Маңайға жалт-жалт қарап алып, қырдан-қырды, адырдан-адырды кезіп отырып, күнбатысқа қарай шырқап салды.
Көп іздеді. Аяғында, күн кешке жақындағанда, бір жотаның басында шошайған аттылы қойшыны көрді. Айналасында, сол төбенің бетінде қой шашылып жайылып жүр. Теріп жеуге шашқан шашудай. Бірақ жақында ауыл бар. Алыстан ағындап бет түзеді. Жалғыз-ақ қарасын көріп қалған қойшы айғайды салып, бұған қарсы шапты.
Қойшы үлкен емес, бала даусы шошытпайды. Қой дүркіреп үркіп, қойшыға қарай қашты. Қасқыр жақындап, бір қызыл қойға ауызды салғалы ентелеп келіп қалып еді, бағанадан айғайлап келе жатқан қойшы қасына кеп қалыпты. Еріксіз жалтарып бұрыла беріп еді, қойшы бастырып қуып жөнелді.
Бой салып қорқып қашқан жоқ. Содан ба, болмаса тегі жүйрік пе, әйтеуір боз ат бастырмалатып жетіп келіп, Көксеректің жотасына жеңіл ағаш сарт етіп тиіп қалды.
Сол-ақ екен, қарсы бұрылып алып, аттыға қарай "арс!" етіп шапшып қалды. Арандай ашылған ауыз бірдемені жұлып түспек еді. Ыңғайына бала тонының өңірі ілінді. Соны бөксеріп жұлып түскенде, боз ат осқырып атқып кетті.
Баланың шошыған айғайы шықты. Қасқыр артына айналып тап бергенде, мөңкіп жүрген боздан бала аударылып құлап түсті. Көксеректе кәзірде бұрын ешқашан білінбеген долылық, жайындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан — екі аяқтыдан дегендей, жығылып домалап жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас салды.
Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, әкесі бір күнге қойға жіберген еді. Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын. Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып, бір жұмылады. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген-білгені — сол...
Содан әрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті. Көксерек ырылдап тұрып, тісінің ұшымен қағып жұлып алып, басын шайқап өткенде, баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғып салды... Түнде баланың өлігін тауып алысты. Жанында тайдың ізіндей болып, үлкен қасқырдың ізі жатыр екен.
Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Мұхтар Мағауин «Шақан-шері» романы, Алматы «Атамұра» баспасы 2005ж.

118-120-б.

  1. http://alashainasy.kz/proza/muhtar-auezov-kokserek-52914/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет